Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 02-01-02/164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 қыркүйекте № 7157 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 9 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10-2) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН.
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағида бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті (А.Ш.Хайдаров) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және заңнамамен белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          А. Байменов

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2011 жылғы 02-01-02/164
бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын
әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағида

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағида (бұдан әрі - Қағида) мемлекеттік органдардағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулығын біріздендіру мақсатында әзірленді.
      2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген негізгі міндеттерден туындайтын және біліктілік талаптары негізінде айқындалатын әкімшілік мемлекеттік қызметшінің нақты міндеттері көрініс табатын құжат лауазымдық нұсқаулық болып табылады.
      3. Лауазымдық нұсқаулық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыруға және әкімшілік мемлекеттік қызметшінің жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесіне тікелей қатысы бар қойылған міндеттерге әкімшілік мемлекеттік қызметшінің міндеттер мен индикаторларға қол жеткізуге бағытталған ережелерді қамтиды.

2. Лауазымдық нұсқаулықты әзірлеу, келісу, бекіту және
оған түзетулер енгізу тәртібі

      4. Лауазымдық нұсқаулықтың жобасын мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмыс істейтін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі әзірлейді.
      5. Лауазымдық нұсқаулықтың жобасы мемлекеттік органның кадр қызметімен келісіледі. Лауазымдық нұсқаулық жобасының әрбір парағына мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тікелей басшысы қол қояды.
      Кадр қызметі лауазымдық нұсқаулықты әзірлеу жөніндегі жалпы үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны мемлекеттік органның басшысына бекітуге енгізеді.
      6. Қызметтік нұсқаулықтарды мемлекеттік органның басшысы бекітеді, ол осы өкілеттіктерді жауапты хатшыға, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына беруге құқылы.
      7. Кадр қызметі мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымға тағайындалғаннан кейін үш жұмыс күннің ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметшіні оның лауазымдық нұсқаулығымен таныстырып, сондай-ақ, лауазымдық нұсқаулық жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін немесе лауазымдық нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілгеннен кейін үш жұмыс күннің ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметшіге лауазымдық нұсқаулықтың, лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы актінің көшірмесін беріп, онымен таныстырады және қол қойғызады.
      8. Бекітілген лауазымдық нұсқаулық кадр қызметінде сақталады.
      9. Лауазымдық нұсқаулық бекітілген кезінен бастап күшіне енеді және оның күші жойылғанға дейін немесе лауазымдық нұсқаулықтың жаңа редакциясы бекітілгенге дейін қолданылады.
      10. Құрылымдық бөлімше лaуазымдық нұсқаулықты тиісті түзетулер енгізу қажеттілігі тұрғысынан жыл сайын қарайды.
      11. Лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжаттардың жобаларын мемлекеттік орган басшысының тапсырмасымен құрылымдық бөлімше немесе құрылымдық бөлімшенің бастамасымен дайындайды.
      12. Лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар кадр қызметімен келісіледі және мемлекеттік органның тиісті актісімен ресімделеді.
      13. Егер мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқару басқа адамға жүктелсе (мемлекеттік әкімшілік қызметші демалыста, іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыз болғанда немесе басқа да жағдайларда), онда кадр қызметі осы адамды мемлекеттік әкімшілік қызметшінің міндетін атқару жүктелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығымен қол қойғызып таныстырады.

3. Лауазымдық нұсқаулықтың мазмұны

      14. Лауазымдық нұсқаулық осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
      Лауазымдық нұсқаулықта мемлекеттік органның, құрылымдық бөлімшенің, лауазымның атауы және осы нұсқаулықты бекіту туралы құжаттың деректемелері көрсетіледі.
      15. Лауазымдық нұсқаулық мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) «Жалпы ережелер»;
      2) «Құқықтары»;
      3) «Міндеттері»;
      4) «Жауапкершілігі».
      16. «Жалпы ережелер» бөлімінде:
      1) әкімшілік мемлекеттік қызметші өз қызметі мен өкілеттіктерін солардың негізінде жүзеге асыратын ұйымдастыру-құқықтық құжаттар;
      2) осы мемлекеттік әкімшілік қызметшіге тікелей бағынатын құрылымдық бөлімшелер мен лауазымдар тізбесі (бар болса);
      3) негізгі қызметкер уақытша болмаған кезде бір-бірін ауыстыру тәртібі.
      17. «Құқықтары» бөлімінде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің белгілі бір іс-әрекеттерді жасау, өзіне жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындау барысында басқа тұлғалардан белгілі бір мінез-құлықты, іс-әрекеттерді немесе іс-әрекеттер жасамауды талап ету мүмкіндігі түсінілетін құқығы көрсетіледі.
      Бөлімде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде ие болатын құқықтары, оның ішінде мынадай:
      1) ұйымдастыру-өкімдік;
      2) әкімшілік-шаруашылық;
      3) билік өкілі;
      4) тексеру және бақылау іс-шаралары;
      5) бюджет қаражатын бөлу туралы шешімдерді дайындау және қабылдау жөніндегі;
      6) мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру жөніндегі;
      7) рұқсат құжаттарын беру жөніндегі;
      8) төлемдер туралы шешімдер қабылдау және дайындау жөніндегі;
      9) мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі.
      Мемлекеттік әкімшілік қызметші атқаратын лауазымдық міндеттердің ерекшелігі ескеріліп, оның құқықтарын нақтылауға жол беріледі.
      18. «Міндеттері» бөлімінде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру, өзіне берілген құқықтарды іске асыруға мақсатында, оларды орындауы міндетті болып табылатын іс-әрекеттерінің ауқымы көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшінің белгілі бір іс-әрекеттерді жасамау жөніндегі міндеттері көрсетіледі.
      Мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстарын атқарған кезде оның лауазымдық нұсқаулығында мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау жөнінде қамтиды.
      Бөлімде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау жөніндегі міндеттері көрсетіледі.
      19. «Жауапкершілігі» бөлімінде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің өзіне қойылған міндеттерді және жүктелген өкілеттіктерді,  мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақтылы, сапалы және тиісті орындамағаны әр түрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін дербес жауап беретін міндеті көрсетіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің
лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу
мен бекіту жөніндегі қағидаға
қосымша           

Үлгілік нысан

БЕКІТІЛДІ           
______________________________________
(мемлекеттік органның актісінің атауы,
датасы, нөмірі)        

Лауазымдық нұсқаулық
_____________________________________________________________________
(штаттық кесте бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымының және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы)

1. Жалпы ережелер

1.1.
1.2.
1.3 және т.б.

2.________________________________құқықтары
(лауазымның атауы)

2.1.
2.2.
2.3.және т.б.

3.________________________________міндеттері
(лауазымның атауы)

3.1.
3.2.
3.3.және т.б.

4.________________________________жауапкершілігі
(лауазымның атауы)

4.1.
4.2.
4.3. және т.б.

Таныстым:
_____________________________________________________________________
     (мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тегі, аты, әкесінің
                   аты, қолы, датасы)

Об утверждении Правил по разработке и утверждению должностной инструкции административного государственного служащего

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 12 августа 2011 года № 02-01-02/164. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 сентября 2011 года № 7157. Утратил силу приказом Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 9

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по делам государственной службы РК от 29.12.2015 № 9 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 10-2) пункта 1 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила по разработке и утверждению должностной инструкции административного государственного служащего.
      2. Департаменту правового обеспечения государственной службы Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы (Хайдарову А.Ш.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в установленном законодательством порядке.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель                               А. Байменов

Утверждены приказом
Председателя Агентства
Республики Казахстан по делам
государственной службы
от 12 августа 2011 года
№ 02-01-022/164

Правила
по разработке и утверждению должностной инструкции административного государственного служащего

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила по разработке и утверждению должностной инструкции административного государственного служащего (далее - Правила) разработаны в целях унификации должностных инструкций административных государственных служащих в государственных органах.
      2. Должностной инструкцией является документ, в котором отражаются конкретные обязанности административных государственных служащих, вытекающие из установленных Законом Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе» основных обязанностей и которые определяются на основе квалификационных требований.
      3. Должностная инструкция включает в себя положения, направленные на реализацию административным государственным служащим стратегического плана государственного органа и достижение поставленных в нем целей, задач и индикаторов, имеющих непосредственное отношение к структурному подразделению, в котором состоит административный государственный служащий.

2. Порядок разработки, согласования, утверждения
и внесения поправок в должностную инструкцию

      4. Проект должностной инструкции разрабатывается структурным подразделением государственного органа, в котором состоит административный государственный служащий.
      5. Проект должностной инструкции согласовывается с кадровой службой государственного органа. Проект должностной инструкции полистно парафируется непосредственным руководителем административного государственного служащего.
      Кадровая служба обеспечивает общую координацию и контроль по разработке должностной инструкции, а также вносит ее на утверждение руководству государственного органа.
      6. Должностные инструкции утверждаются руководителем государственного органа, который вправе делегировать эти полномочия ответственному секретарю, руководителям структурных подразделений государственного органа.
      7. Кадровая служба ознакамливает административного государственного служащего с его должностной инструкцией под роспись в течение трех рабочих дней после занятия должности административным государственным служащим, а также в течение трех рабочих дней после утверждения должностной инструкции в новой редакции или утверждения изменений и дополнений, внесенных в должностную инструкцию, с предоставлением административному государственному служащему копии должностной инструкции, акта о внесении изменений и дополнений в должностную инструкцию.
      8. Утвержденная должностная инструкция хранится в кадровой службе.
      9. Должностная инструкция вступает в силу с момента ее утверждения и действует до ее отмены либо утверждения должностной инструкции в новой редакции.
      10. Должностная инструкция ежегодно рассматривается структурным подразделением на предмет необходимости внесения соответствующих поправок.
      11. Проекты документов о внесении изменений и дополнений в должностную инструкцию готовятся структурным подразделением по поручению руководства государственного органа либо по инициативе структурного подразделения.
      12. Изменения и дополнения в должностную инструкцию согласовываются с кадровой службой и оформляются соответствующим актом государственного органа.
      13. В случае, если исполнение должностных обязанностей административного государственного служащего возлагается на другое лицо (вследствие нахождения административного государственного служащего в отпуске, командировке, его временной нетрудоспособности и в других случаях), то данное лицо ознакамливается кадровой службой с должностной инструкцией административного государственного служащего под роспись в течение трех рабочих дней со дня возложения на него исполнения обязанностей административного государственного служащего.

3. Содержание должностной инструкции

      14. Должностная инструкция оформляется по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      В должностной инструкции указываются наименования государственного органа, структурного подразделения, должности, реквизиты документа об утверждении данной инструкции.
      15. Должностная инструкция состоит из следующих разделов:
      1) «Общие положения»;
      2) «Права»;
      3) «Обязанности»;
      4) «Ответственность».
      16. В разделе «Общие положения» указываются:
      1) основополагающие организационно-правовые документы, на основании которых административный государственный служащий осуществляет свою деятельность и реализует свои полномочия;
      2) перечень структурных подразделений и должностей, непосредственно подчиненных данному административному государственному служащему (при наличии);
      3) порядок взаимозаменяемости при временном отсутствии основного работника.
      17. В разделе «Права» указывается возможность совершать
административным государственным служащим определенные действия,
требовать определенного поведения (действий или воздержания от совершения действий) от других лиц в процессе своей деятельности по выполнению возложенных на него задач и обязанностей.
      В разделе отражаются права административного государственного служащего, которыми он обладает при исполнении возложенных на него обязанностей, в том числе по осуществлению мероприятий, направленных на реализацию следующих функций:
      1) организационно-распорядительных;
      2) административно-хозяйственных;
      3) представителя власти;
      4) контроля и проверочных мероприятий;
      5) по подготовке и принятию решений о распределении бюджетных
средств;
      6) по осуществлению государственных закупок;
      7) по выдаче разрешительных документов;
      8) по подготовке и принятию решений о выплатах;
      9) по предоставлению государственных услуг.
      Допускается конкретизация прав административного государственного служащего с учетом специфики выполняемых им должностных обязанностей.
      18. В разделе «Обязанности» указывается круг действий административного государственного служащего, выполнение которых обязательно данным лицом, в целях реализации задач и функций структурного подразделения государственного органа, реализации предоставленных ему прав, а также указываются обязанности административного государственного служащего по воздержанию от совершения определенных действий.
      При выполнении работ по оказанию государственных услуг административным государственным служащим в его должностной инструкции отражаются обязанности по соблюдению соответствующих стандартов и регламентов оказания государственных услуг, соблюдению административных процедур.
      В разделе указываются обязанности административного государственного служащего по соблюдению правил внутреннего трудового распорядка.
      19. В разделе «Ответственность» отражается обязанность административного государственного служащего персонально отвечать за организацию и исполнение поставленных перед ним задач и возложенных на него полномочий, норм этики государственных служащих, ограничений, связанных с пребыванием на государственной службе Республики Казахстан, за несвоевременное, некачественное и ненадлежащее исполнение либо нарушение и/или несоблюдение которых наступают различные виды юридической ответственности.

Приложение            
к Правилам по разработке и утверждению
должностной инструкции       
административного государственного 
служащего            

Форма
Утверждена           
_______________________________________
(наименование, дата, номер акта   
государственного органа)    

                         Должностная инструкция
_____________________________________________________________________
(полное наименование должности административного государственного
служащего и структурного подразделения государственного органа по
                      штатному расписанию)

                             1. Общие положения
1.1.
1 2.
1.3. и т.д.

                         2. Права _______________________________
                                      (наименование должности)
2.1.
2.2.
2.3. и т.д.

                    3. Обязанности _______________________________
                                      (наименование должности)
3.1.
3.2.
3.3. и т.д.

              4. Ответственность __________________________________
                                      (наименование должности)