Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 146 және Экономикалық даму және сауда министрінің м.а 2011 жылғы 31 тамыздағы № 275 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7180 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 479 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 420 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 479 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі          Экономикалық даму және сауда
      _____________С. Мыңбаев          министрінің міндетін атқарушы
     2011 жылғы 25 тамыз               _________________ Д. Шәженова
                                       2011 жылғы 31 тамыз

Қазақстан Республикасы      
Мұнай және газ министрінің    
2011 жылғы 25 тамыз № 146    
және Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда  
министрі міндетін атқарушының  
2011 жылғы 31 тамыздағы № 275 
бірлескен бұйрығымен       
      бекітілді              

Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдері

      1. Осы Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекелдің белгілі бір тобына жатқызу үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы өлшемдерде мына ұғымдар пайдаланылады:
      1) мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға.
      2) тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
      3) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулердi жоспарлау мақсатында жүргiзетiн iс-шаралар кешенi;
      4) тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы;
      5) тексерiлетiн субъекті – қызметiне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін өндіруші;
      3. Бастапқы кезде барлық тексерілетін субъектілер орташа тәуекел дәрежесі тобына жатқызылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 28.01.2014 № 10 және ҚР Өңірлік даму министрінің 31.01.2014 № 22-НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі бөлу мына өлшемдер бойынша жинаған балға байланысты жүргізіледі:
      тексерілетін субъектілермен құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру - 2 балл;
      екі және одан да көп тексерілетін субъектілермен мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы - 1 балл;
      тексерілетін субъектілермен шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдау - 6 балл;
      шұғыл түрде авариялық жағдайды болдырмау қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату және аз қуатты технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіру - 2 балл;
      тексерілетін субъектілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізуі - 1 балл;
      тексерілетін субъектіде өндіріс паспортының болмауы - 1 балл;
      тексерілетін субъектіде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің болмауы - 1 балл;
      тексерілетін субъектіде Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шоттың болмауы - 1 балл;
      тексерілетін субъектілердің инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті ұсынбауы - 1 балл;
      тексерілетін субъектілердің мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есеп жүргізу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынбауы - 4 балл;
      тексерілетін субъектілердің мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген аз мөлшерін орындамауы - 2 балл.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 28.01.2014 № 10 және ҚР Өңірлік даму министрінің 31.01.2014 № 22-НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Тексеру қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің жинаған балдары қосылып есептеледі.
      Тексеру кезеңінде 4 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер болмашы тәуекел дәрежесі тобына жатқызылады.
      Тексеру кезеңінде 4 балдан 6 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер орташа тәуекел дәрежесі тобына жатқызылады.
      Тексеру кезеңінде 6 балл және одан көп балл жинаған тексерілетін субъектілер жоғары тәуекел дәрежесі тобына жатқызылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 28.01.2014 № 10 және ҚР Өңірлік даму министрінің 31.01.2014 № 22-НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Жоспарлы тексерулер тәуекел дәрежесіне байланысты:
      жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
      орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;
      болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi емес кезеңдiлiкте жүргізіледі.

Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области производства нефтепродуктов

Совместный приказ Министра нефти и газа Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 146 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 31 августа 2011 года № 275. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 сентября 2011 года № 7180. Утратил силу совместным приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 22 июня 2015 года № 420 и и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 479

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра энергетики РК от 22.06.2015 № 420 и и.о. Министра национальной экономики РК от 30.06.2015 № 479 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан", подпунктом 17) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года "О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов" ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые критерии оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области производства нефтепродуктов.
      2. Комитету государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства нефти и газа Республики Казахстан (Момышев Т.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      3) опубликование настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства нефти и газа Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра нефти и газа Республики Казахстан Киинова Л.К.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

       Министр нефти и газа          И.о. Министра экономического
      Республики Казахстан              развития и торговли
                                        Республики Казахстан
   ________________ С. Мынбаев        __________________ Д. Шаженова
    25 августа 2011 года              31 августа 2011 года

Утверждены       
совместным приказом  
Министра нефти и газа  
Республики Казахстан  
от 25 августа 2011 г. № 146 и
и.о. Министра экономического
развития и торговли   
Республики Казахстан   
от 31 августа 2011 г. № 275

Критерии оценки степени риска в сфере частного
предпринимательства в области производства нефтепродуктов

      1. Настоящие критерии оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области производства нефтепродуктов (далее - критерии) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан", от 20 июля 2011 года "О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов" для отнесения субъектов частного предпринимательства в области производства нефтепродуктов к степеням рисков.
      2. В критериях используются следующие понятия:
      1) производитель нефтепродуктов - физическое или юридическое лицо, осуществляющее производство нефтепродуктов и имеющее паспорт производства;
      2) риск - вероятность причинения вреда в результате деятельности проверяемого субъекта жизни или здоровью человека, окружающей среде, законным интересам физических и юридических лиц, имущественным интересам государства с учетом степени тяжести его последствий;
      3) система оценки рисков - это комплекс мероприятий, проводимый органом контроля и надзора, с целью планирования проверок;
      4) критерии оценки степени риска - совокупность количественных и качественных показателей, связанных с непосредственной деятельностью проверяемого субъекта, особенностями отраслевого развития и факторами, влияющими на это развитие, позволяющих отнести проверяемых субъектов к различным степеням риска;
      5) проверяемый субъект - производитель нефтепродуктов, за деятельностью которых осуществляются контроль и надзор.
      3. Первично все проверяемые субъекты относятся к группе средней степени риска.
      Сноска. Пункт 3 в редакции совместного приказа Министра нефти и газа РК от 28.01.2014 № 10 и Министра регионального развития РК от 31.01.2014 № 22/ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Последующее распределение проверяемых субъектов к группам риска осуществляется в зависимости от набранных баллов по следующим критериям:
      производство бензина и дизельного топлива с использованием металлосодержащих присадок (железо, марганец, свинец и другие, кроме антистатических присадок для дизельного топлива), и некондиционных нефтепродуктов проверяемыми субъектами - 2 балла;
      использование одного и того же оборудования для производства нефтепродуктов двумя и более проверяемыми субъектами - 1 балл;
      приобретение проверяемыми субъектами, а также прием на переработку сырой нефти и (или) газового конденсата у поставщиков нефти при отсутствии документов, подтверждающих происхождение и качество поставляемых сырой нефти и (или) газового конденсата - 6 баллов;
      остановка работы технологических установок, используемых для производства нефтепродуктов, без согласования с уполномоченным органом в области производства нефтепродуктов, за исключением случаев необходимости немедленного предотвращения аварийной ситуации и производства нефтепродуктов на технологических установках малой мощности - 2 балла;
      реализация проверяемыми субъектами сырой нефти и (или) газового конденсата -1 балл;
      отсутствие у проверяемого субъекта паспорта производства - 1 балл;
      отсутствие у проверяемого субъекта утвержденного уполномоченным органом в области производства нефтепродуктов годового графика проведения планово-предупредительных работ технологических установок - 1 балл;
      отсутствие у проверяемого субъекта в банке-резиденте Республики Казахстан текущего счета для финансирования инвестиционной программы - 1 балл;
      не представление проверяемыми субъектами отчетности о реализации инвестиционных программ - 1 балл;
      не представление проверяемыми субъектами в уполномоченный орган в области производства нефтепродуктов первичных статистических данных или первичных административных данных, необходимых для ведомственного статистического наблюдения или административного учета - 4 балла;
      не выполнение проверяемыми субъектами установленных уполномоченным органом в области производства нефтепродуктов, минимальных объемов производства нефтепродуктов - 2 балла.
      Сноска. Пункт 4 в редакции совместного приказа Министра нефти и газа РК от 28.01.2014 № 10 и Министра регионального развития РК от 31.01.2014 № 22/ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5. По результатам проверки количество набранных проверяемым субъектом баллов суммируются.
      Проверяемые субъекты, набравшие в течение проверяемого периода до 4 баллов, относятся к группе незначительной степени риска.
      Проверяемые субъекты, набравшие в течение проверяемого периода от 4 до 6 баллов, относятся к группе средней степени риска.
      Проверяемые субъекты, набравшие в течение проверяемого периода 6 и более баллов, относятся к группе высокой степени риска.
      Сноска. Пункт 5 в редакции совместного приказа Министра нефти и газа РК от 28.01.2014 № 10 и Министра регионального развития РК от 31.01.2014 № 22/ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Плановые проверки проверяемых субъектов проводятся в зависимости от степени риска с периодичностью не чаще:
      одного раза в год - при высокой степени риска;
      одного раза в три года - при средней степени риска;
      одного раза в пять лет - при незначительной степени риска.