Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 17 қазанда № 7257 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 92-7-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға С. Нокин

  Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2011 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 354 бұйрығымен бекітілген

Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесі

      Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 92-7-бабының 5-тармағына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі – тұтынушыларға) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланушы ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетілген қызметтерінің көлемдерін анықтау кезінде бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

      Осы Әдістеме көрсетілетін қызметті беруші тұтынушыға төлеу үшін шот ұсынған жағдайда сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін айқындау тәртібін көздейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;

      2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

      3) су құбырын енгізу – қосылу нүктесіндегі тиекті арматурасы бар құдықты қоса алғанда, сумен жабдықтаудың тарату желісінен ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі құбыржол;

      4) өздігінен ағатын құбыржолының толық өткізу қабілеттілігі – бар еңістігі мен 1,0 d (d – құбырдың ішкі диаметрі) толған және тәулігіне 24 сағат бойы әрекет ету кезінде сарқынды су қозғалысының жылдамдығы секундына 1 метр кезінде құбыржолы бойынша өткізілетін сарқынды су шығыны;

      5) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, міндеттер (оларды пайдалану жауапкершілігі) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін белгісі бойынша бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланста тиесілінті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;

      6) су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстары – су тұтынушының өзінің сарқынды суларын тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;

      7) сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітікен нақты елді мекендегі бір адамның, жеке қосалқы шаруашылықтағы жануарлардың тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бір бірлігіне арналған судың мөлшері;

      8) су құбырының толық өткізу қабілеттілігі – 1,0 d (d – құбырдың ішкі диаметрі) тең толған кездері және оның тәулігіне 24 сағат бойы әрекет етуі кезінде су қозғалысының жылдамдығы секундына бір метр кезіндегі су шығыны;

      9) су тұтынушы – су объектілерінен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Сумен жабдықтау жөнінде көрсетілген қызметтің көлемі қызмет көрсетуші пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылған және коммерциялық есепке алуға қабылданған есептеу құралының көрсеткіштері бойынша анықталады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 № 159 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Есепке алу аспабы болмаған кезде сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметтерінің көлемі Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептеу жолымен айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Елді мекеннің су бұру жүйесіне (қызмет көрсетуші) қосылған, сондай-ақ, әртүрлі сумен жабдықтау көздері бар тұтынушыларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі көрсетілген сумен жабдықтау (ауыз су, ыстық, техникалық) қызметінің көлеміне тең қабылданады.

      Елді мекеннің су бұру жүйесіне тікелей қосылмаған, суды тұрмыстық тұтыну үшін қолданатын, сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару және оларды елді мекеннің су бұру жүйесіне төгу үшін арнайы автокөлігінің қызметін пайдаланатын тұтынушыларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі елді мекеннің ағызу пунктінде (станциясында) су бұру жүйесіне қабылданған сарқынды сулардың нақты көлеміне тең қабылданады.

      Елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) су бұру жүйесінің ағызу пунктінде қабылданған сарқынды сулардың көлемі көлік құралының сыйымдылық көлемі бойынша анықталады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 № 159 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Коммерциялық есепке алуға қабылданған ағынды сарқынды суды есептеу құралы тұтынушыда болған кезде көрсетілген су бұру қызметінің көлемі осы есептеу құралының көрсеткіші бойынша анықталады.

      7. Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесіне (көрсетілетін қызметті беруші) қосылмаған, сондай-ақ елді мекеннің су бұру жүйесіне (көрсетілетін қызметті беруші) сарқынды суды бұратын әртүрлі сумен жабдықтау көздері бар тұтынушыларда сарқынды суды есепке алу аспабы болмаған жағдайда, оларға су бұрудың көрсетілген қызметінің көлемі есепке алу аспабынан көрсеткіші бойынша немесе Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептеу жолымен айқындалады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті берушіге хабарлаған кезде кезекті тексеруге, жөндеуге немесе ауыстыруға байланысты есепке алу аспабы уақытша болмаған жағдайда, сондай-ақ есепке алу аспабы тұтынушының кінәсінен тыс істен шыққаны анықталған кезде сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметінің көлемі есепке алу аспабы болмаған кезең де, бірақ бір айдан артық емес есепке алу аспабының көрсеткіштеріне сәйкес алдынғы үш айдың орташа шығыны бойынша айқындалады. Аталған мерзім өткен соң есепке алу аспабы болмаған кезде сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметінің көлемі Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша айқындалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Әзірлеуші зауыт белгілеген шектегі есептеу құралының қателігі сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін қайта есептеу жүргізуге негіздеме бола алмайды.

      10. Суды коммерциялық есепке алу үшін коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен және қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне объектілерді қосуға арналған техникалық шарттарда баяндалған техникалық талаптармен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде коммерциялық есептеу құралын таңдау, монтаждау және пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес сезімталдығы жоғары және нақтылығы барынша жоғары класты есептеу құралдары орнатылады.

      11. Тұрғын үй қорында өрт сөндіруден басқа жағдайларда, оның кімге тиесілі екеніне мен меншік нысанына қарамастан, тұтынушыда және тұтынушы болып табылмайтын объектіде өрт сөндіруге, өрт-тактикалық оқуларға және гидранттарды тексеруге елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің су шығынын тұтынушы мен объект иесі төлеуге тиіс.

2-тарау. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық және жабық жүйелерінде көрсетілген қызметтердің көлемін есепке алу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ыстық сумен жабдықтау - бір немесе бірнеше кәсіпорын көрсететін суық сумен жабдықтау және суды қыздыру - әр түрлі екі қызметтен тұратын күрделі қызмет.

      13. Көп пәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде ыстық су ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен келіп түседі. Бұл ретте, үйге ортақ суды есептеу құралы ыстық және суық сумен жабдықтаудың кірмелеріндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылады.

      14. Ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесі кезінде тұтынушыға суық су ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен келіп түседі және ғимаратта екі құбырға бөлінеді: біреуі - суық сумен жабдықтаудың үй ішіндегі тарату желісіне, екіншісі - жергілікті су ысытқыш арқылы ыстық сумен жабдықтаудың үй ішіндегі тарату желісіне ағады. Бұл ретте, үйге ортақ есептеу құралы суық сумен жабдықтаудың кірмесіндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылады.

      15. Қызмет көрсетуші, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге көзделмесе, өзі көрсететін қызмет үшін ғана ақы алуды жүргізеді.

3-тарау. Кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемін есепке алу

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Тұтынушыларға – кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметтерінің көлемі мынадай тәртіппен анықталады:

      1) жеке және үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша;

      2) жеке есепке алу аспабы ішінара орналастырылған және үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша және Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша;

      3) жеке есепке алу аспабын ішінара орналастырылған және үйге ортақ есепке алу аспабы болған кезде:

      есепке алу аспабы бар – жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша;

      есепке алу аспабы жоқ – Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша.

      Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері және Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептелген көлемдер арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайлардың иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған судың көлемдеріне барабар төлеуге жатады;

      4) 100 % жеке есепке алу аспабы болған және үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша;

      5) 100 % жеке есепке алу аспабы және үйге ортақ есепке алу аспабы болған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша. Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайларыдның иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлемдеріне барабар мөлшерде төлеуге жатады;

      6) елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған тұтынушылардың сарқынды су көлемі жіберілген су көлеміне тең қабылданады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен бөлек дербес кірмесі бар тұтынушылар - кондоминиумға қатысушылар үшін көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі жалпы тәртіпте анықталады.

      18. Кондоминиум объектісін басқару органы оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен үйге ортақ есептеу құралының көрсеткіштері мен оның қатысушыларының жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты қызмет көрсетушіге өз бетінше төлеуге құқылы.

      19. Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиум объектісіне қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде тиісті құқығы болғанда үйге ортақ есептеу құралы көрсеткіштерінің негізінде қызмет көрсетушімен көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру қызметі үшін есептесу жүргізеді және қызмет көрсетушімен жасалған шарт негізінде өз бетінше кондоминиум қатысушыларынан төлем жарналарын жинайды.

4-тарау. Тұтынушыларға – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемін есепке алу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Суды есепке алу аспабы жоқ, оларды орнатуға техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде тұтынушыларға – заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтердің көлемі сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге шарт жасасу кезінде құрастырылған су тұтынуды есептеу көлемі бойынша айқындалады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-1. Ағындысы шұңқырға (септикке) немесе оқшау тазарту құрылыстарына бұрылған және кейін ол тасылып шығарылып, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын тұтынушылардың сарқынды су көлемі, сумен жабдықтау көзінің кімге тиесілі екеніне қарамастан, тұтынылған су (ыстық, техникалық, ауыз су) көлемімен есептеледі және сарқынды суды бұру қызметін көрсетуге арналған шартпен анықталады.

      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 № 159 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Тұтынушылар - заңды тұлғалар үшін су бұру қызметінің көлемі:

      1) сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету шартын жасасқан кезде қызмет көрсетушімен келісілген су көлемі шығарылатын өнімнің құрамына кірген;

      2) қызмет көрсетушімен техникалық сипаты мен көлемдері келісілген айналмалы және қайталама сумен жабдықтау жүйесін қолданған;

      3) сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету шартына сәйкес жасыл желектерді суаруға суды пайдаланған жағдайларда біржола шығындалған су көлеміне азаяды.

5-тарау. Жеке жағдайларда сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемін есепке алу

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Бұзушылықтар анықталған кезде сумен жабдықтау қызметінің көрсетілген көлемін есептеу:

      1) тұтынушыда есепке алу аспабының көрсеткіштерін бұрмалаушы құрылғыларды анықтаған кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштерін алған сәттен бастап анықталған күнге дейін суды есепке алу аспабын орнатылуға тиіс құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;

      2) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен жылыстауы анықталған, есепке алу аспабы болмаған немесе оның ақаулары болған кезде – жылыстауы анықталған құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жойған күнге дейін нақты уақыт бойы. Егер жылыстау басталған күнді анықтау мүмкін болмаса – соңғы қарап-тексеруді жүргізген сәттен бастап, бірақ екі айдан артық емес;

      3) суды есепке алу аспабының көрсеткішін алу және оның жұмыс істеу қабілетін, кірме су құбырының және есепке алу тораптарының техникалық жай-күйін тексеру үшін көрсетілетін қызметті берушінің өкілін тұтынушы (оның өкілдері) жібермеген кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштерін алған сәттен бастап жіберген сәтке дейін есепке алу аспабы орнатылған құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі;

      4) тұтынушының есепке алу аспабында және/немесе су өлшеуіш торабының айналма сызығында (тиекті арматурада), өрт сөндіру гидранттарында пломбалардың жұлынуы анықталған кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткішін алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің өкілі қайта пломбалаған сәтке дейін есепке алу аспабы орнатылған тиісті құбырдың, айналма сызығының немесе өрт сөндіру гидранттарының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;

      5) тұтынышының кінәсінан емес есепке алу аспабының істен шығуы жағдайларын қоспағанда, есепке алу аспабының істен шығуы туралы қызмет көрсетушіге хабарламаған кезде – есепке алу аспабы орнатылған құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштері алынған сәттен ақауды анықтаған сәтке дейін, бірақ екі айдан артық емес;

      6) сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынуға қызмет көрсетушімен жасалған шартсыз елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) сумен жабдықтау желілерінен суды пайдалану фактісі анықталған кезде – суды есепке алу аспабы орнатылуға тиіс өз бетімен қосылған құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша, нақты пайдалану уақыты анықталған (ажырату) сәтке дейін, бірақ үш айдан артық емес;

      7) өрт сөндіру жағдайларынан басқа, өртке қарсы жүйелерден су пайдалану фактісі анықталған кезде - өз бетімен пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін өз бетімен пайдалану жүзеге асырылған өрт краны немесе гидрант алдындағы су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша, бірақ екі айдан артық емес;

      8) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесіне қосылған құбыржолы арқылы суару фактісі анықталған, кіргізуде есепке алу аспабы болмаған немесе оның ақаулары болған кезде – суды есепке алу аспабынан соңғы көрсеткіштерлерді алғаш сәттен бастап мұндай құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша, бірақ бір айдан артық емес;

      9) судың тұрақты төгіле ағу фактісі анықталған, кірмеде есептеу құралы болмаған немесе оның ақаулары болған кезде – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап су жеткізетін құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ бір айдан артық емес жүргізіледі

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Осы Әдістеменің 22-тармағында көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде су бұру қызметінің көлемін есептеу, 22-тармақтың 2) және 9) тармақшаларынан басқа, егер су бұру қызметінің көлемі есептелмесе, сумен жабдықтау қызметінің есептелген көлеміне тең қабылданады.

      24. Қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған тұтынушы су бұру жүйесіне ағызатын сарқынды су көлемін есептеуге қажетті деректер ұсынбаған жағдайда, көрсетілген су бұру қызметінің көлемі нақты пайдаланған уақыт кезеңі үшін елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған жерде өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша анықталады.

      25. Тұтынушының аумақтарынан, өнеркәсіп және құрылыс алаңдарынан елді мекеннің су бұру жүйесіне беткі сарқын суларды ағызу фактісі анықталған кезде су бұрудың көрсетілген қызметінің көлемі төтенше жағдайларды қоспағанда, соңғы қарап-тексеру жүргізген сәттен бастап бірақ бір айдан артық емес, өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша айқындалады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Батырылатын сорғылар және басқа айдау құрылғыларын пайдаланып, елді мекеннің су бұру жүйесіне нөсер, тасқын, топырақ суларын ағызу фактісі анықталған кезде су бұрудың көрсетілген қызметінің көлемі төтенше жағдайларды қоспағанда, соңғы қарап-тексеру жүргізген сәттен бастап бірақ бір айдан артық емес, сорғы не айдау құрылғысы тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істеген кезде олардың толық өнімділігі бойынша айқындалады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Об утверждении Методики расчета объемов предоставленных услуг водоснабжения и (или) водоотведения населенных пунктов

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 26 сентября 2011 года № 354. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 октября 2011 года № 7257.

      Сноска. Заголовок приказа в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 92-7 Водного Кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемую Методику расчета объемов предоставленных услуг водоснабжению и (или) водоотведению населенных пунктов.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту жилищно-коммунального хозяйства Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства обеспечить официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Тихонюк Н.П.

      4. Настоящий приказ вступает в силу по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель

С. Нокин


  Утверждена
приказом Председателя Агентства
Республики Казахстан по делам
строительства и
жилищно-коммунального хозяйства
от 26 сентября 2011 года № 354

Методика расчета объемов предоставленных услуг водоснабжению и (или) водоотведению населенных пунктов

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящая Методика расчета объемов предоставленных услуг водоснабжения и (или) водоотведения населенных пунктов (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 92-7 Водного Кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года в целях обеспечения единого подхода при определении объемов предоставленных организациями, эксплуатирующими системы водоснабжения и водоотведения населенных пунктов (далее – услугодателями), услуг водоснабжения и водоотведения физическим или юридическим лицам и индивидуальным предпринимателям (далее – потребителям), использующим эти услуги.

      Настоящая Методика предусматривает порядок определения объемов предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения в случаях, по которым услугодатель выставляет потребителю счета для оплаты.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящей Методике используются следующие термины и определения:

      1) прибор учета воды – техническое средство для измерения объема воды (питьевой, технической, сточной и других видов вод), имеющее нормированные метрологические характеристики, воспроизводящее и хранящее единицу физической величины в течение определенного интервала времени, разрешенное к применению для коммерческого учета воды в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      2) организация по водоснабжению и (или) водоотведению – водохозяйственная организация, осуществляющая эксплуатацию систем водоснабжения и водоотведения в населенных пунктах (далее – услугодатель);

      3) ввод водопровода – трубопровод от распределительной сети водоснабжения, включая колодец с запорной арматурой в точке подключения, до первой задвижки в здании;

      4) полная пропускная способность самотечного трубопровода – расход сточной воды, отводимой по трубопроводу, при существующем уклоне и наполнении 1,0 d (d – внутренний диаметр трубопровода) и скорости движения сточной воды 1 метр в секунду при действии его 24 часа в сутки;

      5) граница раздела эксплуатационной ответственности – место раздела элементов систем водоснабжения и водоотведения по признаку обязанностей (ответственности за их эксплуатацию), устанавливаемое соглашением сторон. При отсутствии такого соглашения граница эксплуатационной ответственности устанавливается по границе раздела балансовой принадлежности;

      6) локальные очистные сооружения водоотведения – совокупность сооружений и устройств потребителя для очистки собственных сточных вод;

      7) норма потребления коммунальной услуги по водоснабжению – количество воды для удовлетворения суточной потребности одного человека, животных личного подсобного хозяйства или на единицу поливной площади в конкретном населенном пункте, утвержденными местными исполнительными органами в соответствии с подпунктом 34) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон);

      8) полная пропускная способность водопровода – расход воды по трубопроводу при наполнении равном 1,0 d (d – внутренний диаметр трубопровода), и скорости движения воды один метр в секунду при действии его 24 часа в сутки;

      9) водопотребитель – физическое или юридическое лицо, потребляющее воду из водных объектов или пользующееся услугами водохозяйственных организаций и получающее воду из систем водоснабжения.

      Сноска. Пункт 2 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Объем предоставленных услуг водоснабжения определяется по показаниям приборов учета, установленных на границе раздела эксплуатационной ответственности и принятых на коммерческий учет услугодателем.

      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 28.02.2015 № 159 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      4. При отсутствии приборов учета, объем предоставленных услуг водоснабжения определяется расчетным путем по нормам потребления коммунальных услуг по водоснабжению, утвержденным акиматами областей, городов республиканского значения, столицы в соответствии с подпунктом 34) пункта 1 статьи 27 Закона.

      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Объем предоставленных услуг водоотведения для потребителей, присоединенных к системам водоотведения населенного пункта (услугодателя), а также имеющих различные источники водоснабжения, принимается равным объему предоставленных услуг водоснабжения (питьевого, технического, горячего).

      Объем предоставленных услуг водоотведения потребителей, использующих воду для бытового потребления, непосредственно не присоединенных к системе водоотведения населенного пункта, пользующихся услугами специального автотранспорта для вывоза жидких бытовых отходов и слива их в систему водоотведения населенного пункта, принимается равным фактическому объему сточных вод принятых в систему водоотведения населенного пункта на сливном пункте (станции).

      Объем сточных вод принятых в систему водоотведения населенного пункта (услугодателя) на сливном пункте определяется по объему емкости транспортного средства.

      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 28.02.2015 № 159 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      6. При наличии у потребителя прибора учета сбрасываемых сточных вод, принятого на коммерческий учет, объем предоставленных услуг водоотведения определяется по показаниям данного прибора учета.

      7. Объем предоставленных услуг водоотведения потребителям, не присоединенным к системе водоснабжения населенного пункта (услугодателя), а также имеющим различные источники водоснабжения, отводящим сточные воды в систему водоотведения населенного пункта (услугодателя), при отсутствии приборов учета сточных вод определяется по показаниям приборов учета воды или расчетным путем по нормам потребления коммунальных услуг по водоснабжению, утвержденным акиматами областей, городов республиканского значения, столицы в соответствии с подпунктом 34) пункта 1 статьи 27 Закона.

      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. В случае временного отсутствия приборов учета в связи с их очередной поверкой, ремонтом или заменой при извещении услугодателя, а также при обнаружении неисправности прибора учета не по вине потребителя объем предоставленных услуг водоснабжения определяется по среднему расходу за три предыдущих месяца согласно показаниям приборов учета на период отсутствия приборов, но не более одного месяца. По истечении указанного срока, при отсутствии приборов учета объем предоставленных услуг водоснабжения определяется по нормам потребления коммунальных услуг по водоснабжению, утвержденным акиматами областей, городов республиканского значения, столицы в соответствии с подпунктом 34) пункта 1 статьи 27 Закона.

      Сноска. Пункт 8 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Погрешность показаний приборов учета в пределах, установленных заводом-изготовителем, не является основанием для произведения перерасчета за услуги водоснабжения и водоотведения.

      10. Для коммерческого учета воды устанавливаются приборы учета с высоким порогом чувствительности и максимальным классом точности, а также соответствующие техническим требованиям, изложенным в технических условиях на подключение объектов к системам водоснабжения и водоотведения в населенных пунктах.

      11. Расход воды из системы водоснабжения населенного пункта на тушение пожаров, пожарно-тактические учения и проверку гидрантов у потребителя и на объектах, не являющихся потребителями, кроме случаев тушения пожаров в жилищном фонде, независимо от его принадлежности и форм собственности, подлежит оплате потребителем или владельцем объекта.

Глава 2. Учет объема предоставленных услуг при открытой и закрытой системах горячего водоснабжения

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Горячее водоснабжение представляет собой сложную услугу, состоящую из двух различных услуг - холодного водоснабжения и подогрева воды, которые могут оказывать как одно предприятие, так и несколько.

      13. При открытой системе горячего водоснабжения в многоквартирные дома горячая вода поступает из централизованной системы горячего водоснабжения. При этом общедомовые приборы учета воды устанавливаются на границах раздела эксплуатационной ответственности на вводах горячего и холодного водоснабжения.

      14. При закрытой системе горячего водоснабжения холодная вода поступает потребителю из централизованной системы питьевого водоснабжения и в здании разделяется на два трубопровода: один - далее во внутридомовую распределительную сеть холодного водоснабжения, второй - через местный водонагреватель во внутридомовую распределительную сеть горячего водоснабжения. При этом общедомовые приборы учета устанавливаются на границах раздела эксплуатационной ответственности на вводе холодного водоснабжения.

      15. Услугодатель взимает оплату только за услуги, предоставляемые им самим, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Учет объема предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения участникам кондоминиума

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Объем предоставленных услуг водоснабжения для потребителей – участников кондоминиума определяется в следующем порядке:

      1) при отсутствии индивидуальных и общедомового приборов учета – по нормам потребления коммунальных услуг по водоснабжению, утвержденным акиматами областей, городов республиканского значения, столицы в соответствии с подпунктом 34) пункта 1 статьи 27 Закона;

      2) при частичной установке индивидуальных приборов учета и отсутствии общедомового прибора учета – по показаниям индивидуальных приборов учета и по нормам потребления коммунальных услуг по водоснабжению, утвержденным акиматами областей, городов республиканского значения, столицы в соответствии с подпунктом 34) пункта 1 статьи 27 Закона;

      3) при частичной установке индивидуальных приборов учета и наличии общедомового прибора учета:

      имеющим приборы учета – по показаниям индивидуальных приборов учета;

      не имеющим приборы учета – по нормам потребления коммунальных услуг по водоснабжению, утвержденным акиматами областей, городов республиканского значения, столицы в соответствии с подпунктом 34) пункта 1 статьи 27 Закона.

      Разница между показаниями общедомового прибора учета и суммарным показанием индивидуальных приборов учета и объемов, рассчитанных по нормам потребления коммунальных услуг по водоснабжению, утвержденным акиматами областей, городов республиканского значения, столицы в соответствии с подпунктом 34) пункта 1 статьи 27 Закона, подлежит оплате собственниками квартир, встроенных и пристроенных нежилых помещений (участниками кондоминиума) пропорционально объемам потребленной воды;

      4) при 100 %-ном наличии индивидуальных приборов учета и отсутствии общедомового прибора учета – по показаниям индивидуальных приборов учета;

      5) при 100 %-ном наличии индивидуальных приборов учета и общедомового прибора учета – по показаниям индивидуальных приборов учета. Разница между показаниями общедомового прибора учета и суммарным показанием индивидуальных приборов учета подлежит оплате собственниками квартир, встроенных и пристроенных нежилых помещений (участниками кондоминиума), пропорционально объемам потребленной воды;

      6) объем сточных вод потребителей, присоединенных к системе водоотведения населенного пункта, принимается равным объему отпущенной воды.

      Сноска. Пункт 16 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. Объем предоставленных услуг водоснабжения для потребителей - участников кондоминиума, имеющих самостоятельный ввод от централизованной системы водоснабжения, определяется в общем порядке.

      18. Орган управления объектом кондоминиума по решению общего собрания его участников вправе самостоятельно оплачивать услугодателю разницу между показаниями общедомового прибора учета и суммарным показанием индивидуальных приборов учета его участников.

      19. Орган управления объектом кондоминиума при наличии соответствующего права на основании решения общего собрания участников объекта кондоминиума производит расчеты за предоставленные услуги водоснабжения и водоотведения с услугодателем на основании показаний общедомового прибора учета и самостоятельно осуществляет сбор оплаты от участников кондоминиума на основании договора с услугодателем.

Глава 4. Учет объема предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения потребителям – индивидуальным предпринимателям и юридическим лицам

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. Объем предоставленных услуг для потребителей – юридических лиц, не имеющих приборов учета воды, при отсутствии технической возможности их установки, определяется по расчетному объему водопотребления, составленному при заключении договора на предоставление услуг водоснабжения и водоотведения.

      Сноска. Пункт 20 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20-1. Объем сточных вод потребителей, стоки которых отводятся в выгреб (септик) или на локальные очистные сооружения, и в дальнейшем вывозятся и сливаются в систему водоотведения населенного пункта, рассчитывается с учетом количества потребленной воды (питьевой, технической, горячей) независимо от принадлежности источника водоснабжения, и определяется договором на предоставление услуги по отведению сточных вод.

      Сноска. Методика дополнена пунктом 20-1 в соответствии с приказом Министра национальной экономики РК от 28.02.2015 № 159 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      21. Для потребителей - юридических лиц, объем услуг водоотведения уменьшается на объем безвозвратно потерянной воды в случаях:

      1) когда вода входит в состав выпускаемой продукции, объем которой согласован с услугодателем при заключении договора на предоставление услуг водоснабжения и водоотведения;

      2) применения системы оборотного и повторного водоснабжения, технические характеристики и объемы которых согласованы с услугодателем;

      3) при использовании воды на полив зеленых насаждений согласно договору на предоставление услуг водоснабжения и водоотведения.

Глава 5. Учет объема предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения в отдельных случаях

      Сноска. Заголовок главы 5 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Расчет объемов предоставленных услуг водоснабжения при выявлении нарушений производится:

      1) при обнаружении у потребителя приспособлений, искажающих показания приборов учета – по полной пропускной способности трубы, на которой установлен прибор учета воды, с момента последнего снятия показаний прибора учета воды по день обнаружения, но не более двух месяцев;

      2) при обнаружении утечек из систем водоснабжения потребителя при отсутствии прибора учета или его неисправности – по полной пропускной способности трубы, на которой обнаружена утечка, за фактическое время по день ликвидации. Если день начала утечки установить невозможно – с момента с момента последнего осмотра, но не более двух месяцев;

      3) при недопуске потребителем (его представителями) представителя услугодателя к снятию показаний и проверке работоспособности приборов учета воды, технического состояния ввода водопровода и узлов учета – по полной пропускной способности трубы, на которой установлен прибор учета, с момента последнего снятия показаний прибора учета воды до момента предоставления допуска;

      4) при обнаружении срыва пломбы на приборе учета потребителя и/или обводной линии водомерного узла (запорной арматуры), пожарных гидрантов – по полной пропускной способности трубы, на которой установлен прибор учета, обводной линии или пожарных гидрантов с момента последнего снятия показаний прибора учета воды до момента повторной опломбировки представителем услугодателя, но не более двух месяцев;

      5) при неуведомлении услугодателя о неисправностях прибора учета, за исключением случаев выхода прибора учета из строя не по вине потребителя – по полной пропускной способности трубы, на которой установлен прибор учета с момента последнего снятия показаний прибора учета до момента обнаружения неисправности, но не более двух месяцев;

      6) при выявлении факта пользования водой из сетей водоснабжения населенного пункта (услугодателя) без заключенного с услугодателем договора на предоставление услуг водоснабжения и водоотведения – по полной пропускной способности трубы самовольного присоединения, на которой устанавливается прибор учета воды, за время фактического пользования до момента обнаружения (отключения), но не более трех месяцев;

      7) при выявлении факта пользования водой из противопожарных систем, кроме случаев тушения пожара - по полной пропускной способности трубы перед пожарным краном или гидрантом, с которого осуществлялось самовольное пользование, за время фактического самовольного пользования до момента обнаружения, но не более двух месяцев;

      8) при обнаружении факта полива посредством трубопроводов, присоединенных к системе водоснабжения потребителя, при отсутствии прибора учета на вводе или его неисправности – по полной пропускной способности такого трубопровода с момента последнего снятия показаний приборов учета воды, но не более одного месяца;

      9) при обнаружении факта постоянного протекания воды на излив при отсутствии прибора учета на вводе или его неисправности – по полной пропускной способности подводящей трубы излива с момента последнего осмотра, но не более одного месяца.

      Сноска. Пункт 22 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      23. Расчет объемов предоставленных услуг водоотведения при выявлении нарушений, указанных в пункте 22 настоящей Методики, принимается равным рассчитанному объему услуг водоснабжения, кроме подпунктов 2) и 8) пункта 22, когда объем услуг водоотведения не рассчитывается.

      Сноска. Пункт 23 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      24. При непредставлении данных, необходимых для расчета объема сточных вод, сбрасываемых в систему водоотведения потребителем, не присоединенным к системе водоснабжения услугодателя, объем предоставленных услуг водоотведения определяется по полной пропускной способности самотечного трубопровода в месте присоединения к системе водоотведения населенного пункта (услугодателя) за время фактического пользования.

      25. При обнаружении факта сброса поверхностных стоков с территорий, промышленных и строительных площадок потребителя в систему водоотведения населенного пункта, объем услуги водоотведения определяется по полной пропускной способности самотечного трубопровода с момента последнего осмотра, но не более одного месяца, за исключением чрезвычайного положения.

      Сноска. Пункт 25 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      26. При обнаружении факта сброса паводковых, ливневых, грунтовых вод в систему водоотведения населенного пункта с использованием погружных насосов и других перекачивающих устройств, объем предоставленных услуг водоотведения определяется по полной производительности насоса или перекачивающего устройства при действии его 24 часа в сутки с момента последнего осмотра, но не более одного месяца, за исключением чрезвычайного положения.

      Сноска. Пункт 26 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 31.07.2019 № 592 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).