БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7257 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 543-547 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 92-7-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесі";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 92-7-бабының 5-тармағына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі – тұтынушыларға) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланушы ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетілген қызметтерінің көлемдерін анықтау кезінде бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Осы Әдістеме көрсетілетін қызметті беруші тұтынушыға төлеу үшін шот ұсынған жағдайда сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін айқындау тәртібін көздейді.
2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
3) су құбырын енгізу – қосылу нүктесіндегі тиекті арматурасы бар құдықты қоса алғанда, сумен жабдықтаудың тарату желісінен ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі құбыржол;
4) өздігінен ағатын құбыржолының толық өткізу қабілеттілігі – бар еңістігі мен 1,0 d (d – құбырдың ішкі диаметрі) толған және тәулігіне 24 сағат бойы әрекет ету кезінде сарқынды су қозғалысының жылдамдығы секундына 1 метр кезінде құбыржолы бойынша өткізілетін сарқынды су шығыны;
5) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, міндеттер (оларды пайдалану жауапкершілігі) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін белгісі бойынша бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланста тиесілінті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;
6) су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстары – су тұтынушының өзінің сарқынды суларын тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;
7) сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітікен нақты елді мекендегі бір адамның, жеке қосалқы шаруашылықтағы жануарлардың тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бір бірлігіне арналған судың мөлшері;
8) су құбырының толық өткізу қабілеттілігі – 1,0 d (d – құбырдың ішкі диаметрі) тең толған кездері және оның тәулігіне 24 сағат бойы әрекет етуі кезінде су қозғалысының жылдамдығы секундына бір метр кезіндегі су шығыны;
9) су тұтынушы – су объектілерінен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Есепке алу аспабы болмаған кезде сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметтерінің көлемі Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептеу жолымен айқындалады.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесіне (көрсетілетін қызметті беруші) қосылмаған, сондай-ақ елді мекеннің су бұру жүйесіне (көрсетілетін қызметті беруші) сарқынды суды бұратын әртүрлі сумен жабдықтау көздері бар тұтынушыларда сарқынды суды есепке алу аспабы болмаған жағдайда, оларға су бұрудың көрсетілген қызметінің көлемі есепке алу аспабынан көрсеткіші бойынша немесе Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептеу жолымен айқындалады.
8. Көрсетілетін қызметті берушіге хабарлаған кезде кезекті тексеруге, жөндеуге немесе ауыстыруға байланысты есепке алу аспабы уақытша болмаған жағдайда, сондай-ақ есепке алу аспабы тұтынушының кінәсінен тыс істен шыққаны анықталған кезде сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметінің көлемі есепке алу аспабы болмаған кезең де, бірақ бір айдан артық емес есепке алу аспабының көрсеткіштеріне сәйкес алдынғы үш айдың орташа шығыны бойынша айқындалады. Аталған мерзім өткен соң есепке алу аспабы болмаған кезде сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметінің көлемі Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша айқындалады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық және жабық жүйелерінде көрсетілген қызметтердің көлемін есепке алу";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемін есепке алу";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Тұтынушыларға – кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметтерінің көлемі мынадай тәртіппен анықталады:
1) жеке және үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша;
2) жеке есепке алу аспабы ішінара орналастырылған және үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша және Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша;
3) жеке есепке алу аспабын ішінара орналастырылған және үйге ортақ есепке алу аспабы болған кезде:
есепке алу аспабы бар – жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша;
есепке алу аспабы жоқ – Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша.
Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері және Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептелген көлемдер арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайлардың иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған судың көлемдеріне барабар төлеуге жатады;
4) 100 % жеке есепке алу аспабы болған және үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша;
5) 100 % жеке есепке алу аспабы және үйге ортақ есепке алу аспабы болған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша. Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайларыдның иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлемдеріне барабар мөлшерде төлеуге жатады;
6) елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған тұтынушылардың сарқынды су көлемі жіберілген су көлеміне тең қабылданады.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Тұтынушыларға – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемін есепке алу";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Суды есепке алу аспабы жоқ, оларды орнатуға техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде тұтынушыларға – заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтердің көлемі сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге шарт жасасу кезінде құрастырылған су тұтынуды есептеу көлемі бойынша айқындалады.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Жеке жағдайларда сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемін есепке алу";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Бұзушылықтар анықталған кезде сумен жабдықтау қызметінің көрсетілген көлемін есептеу:
1) тұтынушыда есепке алу аспабының көрсеткіштерін бұрмалаушы құрылғыларды анықтаған кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштерін алған сәттен бастап анықталған күнге дейін суды есепке алу аспабын орнатылуға тиіс құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;
2) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен жылыстауы анықталған, есепке алу аспабы болмаған немесе оның ақаулары болған кезде – жылыстауы анықталған құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жойған күнге дейін нақты уақыт бойы. Егер жылыстау басталған күнді анықтау мүмкін болмаса – соңғы қарап-тексеруді жүргізген сәттен бастап, бірақ екі айдан артық емес;
3) суды есепке алу аспабының көрсеткішін алу және оның жұмыс істеу қабілетін, кірме су құбырының және есепке алу тораптарының техникалық жай-күйін тексеру үшін көрсетілетін қызметті берушінің өкілін тұтынушы (оның өкілдері) жібермеген кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштерін алған сәттен бастап жіберген сәтке дейін есепке алу аспабы орнатылған құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі;
4) тұтынушының есепке алу аспабында және/немесе су өлшеуіш торабының айналма сызығында (тиекті арматурада), өрт сөндіру гидранттарында пломбалардың жұлынуы анықталған кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткішін алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің өкілі қайта пломбалаған сәтке дейін есепке алу аспабы орнатылған тиісті құбырдың, айналма сызығының немесе өрт сөндіру гидранттарының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;
5) тұтынышының кінәсінан емес есепке алу аспабының істен шығуы жағдайларын қоспағанда, есепке алу аспабының істен шығуы туралы қызмет көрсетушіге хабарламаған кезде – есепке алу аспабы орнатылған құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштері алынған сәттен ақауды анықтаған сәтке дейін, бірақ екі айдан артық емес;
6) сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынуға қызмет көрсетушімен жасалған шартсыз елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) сумен жабдықтау желілерінен суды пайдалану фактісі анықталған кезде – суды есепке алу аспабы орнатылуға тиіс өз бетімен қосылған құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша, нақты пайдалану уақыты анықталған (ажырату) сәтке дейін, бірақ үш айдан артық емес;
7) өрт сөндіру жағдайларынан басқа, өртке қарсы жүйелерден су пайдалану фактісі анықталған кезде - өз бетімен пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін өз бетімен пайдалану жүзеге асырылған өрт краны немесе гидрант алдындағы су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша, бірақ екі айдан артық емес;
8) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесіне қосылған құбыржолы арқылы суару фактісі анықталған, кіргізуде есепке алу аспабы болмаған немесе оның ақаулары болған кезде – суды есепке алу аспабынан соңғы көрсеткіштерлерді алғаш сәттен бастап мұндай құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша, бірақ бір айдан артық емес;
9) судың тұрақты төгіле ағу фактісі анықталған, кірмеде есептеу құралы болмаған немесе оның ақаулары болған кезде – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап су жеткізетін құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ бір айдан артық емес жүргізіледі.";
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Тұтынушының аумақтарынан, өнеркәсіп және құрылыс алаңдарынан елді мекеннің су бұру жүйесіне беткі сарқын суларды ағызу фактісі анықталған кезде су бұрудың көрсетілген қызметінің көлемі төтенше жағдайларды қоспағанда, соңғы қарап-тексеру жүргізген сәттен бастап бірақ бір айдан артық емес, өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша айқындалады;
26. Батырылатын сорғылар және басқа айдау құрылғыларын пайдаланып, елді мекеннің су бұру жүйесіне нөсер, тасқын, топырақ суларын ағызу фактісі анықталған кезде су бұрудың көрсетілген қызметінің көлемі төтенше жағдайларды қоспағанда, соңғы қарап-тексеру жүргізген сәттен бастап бірақ бір айдан артық емес, сорғы не айдау құрылғысы тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істеген кезде олардың толық өнімділігі бойынша айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрымдылық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрымдылық министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрымдылық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі