Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін толықтыру үшін құймалар түріндегі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 121 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 21 қарашада N 7302 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 241 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 120 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін толықтыру үшін құймалар түріндегі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                           Г. Марченко

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 121 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
алтын-валюта активтерін толықтыру үшін құймалар
түріндегі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің
басым құқығын іске асыру ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 120 Жарлығына және «Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 924 қаулысымен бекітілген Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын (бұдан әрі – басым құқық) іске асыру туралы шешімді қабылдау тәртібін реттейді.

2-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) басым құқықты іске асыру – тазартылған құйма алтынды Ұлттық Банкке өтініш білдірген клиенттерден тікелей сатып алу, сондай-ақ оны сатып алудан бас тарту;
      2) бид-аск (bid-ask) спред – халықаралық нарықтағы сатып алу мен сату бағасы арасындағы айырма;
      3) клиенттер – Ұлттық Банкке тазартылған құйма алтынды сату туралы ұсыныс жасаған субъектілер;
      4) сақтау орны – тазартылған алтын сақталатын арнайы жабдықталған үй-жай;
      5) сатып алу лимиті – Ұлттық Банктің басым құқықты іске асыру шеңберінде белгілі бір кезеңде тазартылған құйма алтынды ең көп ықтимал сатып алу көлемі;
      6) сауда тикеті (мәміле паспорты) – мәміле тараптары қол қоятын, алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы жасалған шартқа сәйкес тазартылған құйма алтынның нақты лотын жеткізудің барлық елеулі талаптары мен өлшемдері бар құжат;
      7) тазартылған құйма алтын тазарту кезеңінен өткен және:
      Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде белгіленген талаптарға не Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде өндірілген құймалар;
      шығарылған елінің заңнамасына не Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес дайындалған, таңбаланған және сертификатталған шет елде өндірілген құймалар түрінде берілген қымбат металл;
      8) тазартылған құйма алтынды сынау – тазартылған құйма алтынның сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешені.

3-тарау. Басым құқықты іске асыру тәртібі

      4. Клиенттер Ұлттық Банкке тазартылған құйма алтынды өндірудің және сатудың алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған болжамының кестесін – ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған болжамының кестесін – ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін ұсынады.
      5. Ұлттық Банк Төрағасы тазартылған құйма алтынды өндіру және сату болжамын, ақша нарығының жай-күйін, ақша-кредит саясатының көрсеткіштерін және халықаралық қаржы нарықтарының конъюнктурасын негізге ала отырып, алдағы жартыжылдыққа арналған басым құқықты іске асыру шеңберінде сатып алу лимитін бекітеді не алдағы кезеңде (бір айдан жарты жылға дейін) басым құқықты іске асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Бекітілген сатып алу лимиті шеңберінде Ұлттық Банк тазартылған құйма алтынның болжамы мен сату кестесін ұсынған нақты клиенттен сатып алынатын тазартылған құйма алтынның көлемін айқындайды. Сатып алу көлемдері клиенттерге алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жеткізіледі.
      Алдағы кезеңде (бір айдан жарты жылға дейін) басым құқықты іске асырудан бас тартылған жағдайда, бұл туралы шешім бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
      6. Алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алудан бас тарту:
      1) басым құқықты іске асыру шеңберінде тазартылған құйма алтынды сатып алу лимитіне жеткен жағдайда;
      2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес алдағы кезеңде басым құқықты іске асырудан бас тарту туралы шешімді қабылдаған жағдайда жасалады.
      Осы Ереженің 5-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген клиенттерге қатысты, оларға жеткізілген тазартылған құйма алтынды сатып алу көлемдері шегінде алтын-валюта активтерін толықтыру үшін құймалар түріндегі тазартылған алтынды сатып алудан бас тарту жасалмайды.
      Сатып алуға дайын екендігі туралы растау не алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алудан бас тарту клиентке клиент өтініш білдірген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде Ұлттық Банк Төрағасының не Төрағасы орынбасарының қолы қойылып жіберіледі.
      7. Тазартылған құйма алтынды сатып алу Ұлттық Банктің клиентпен жасасқан алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарттың және сатып алынатын тазартылған құйма алтынның нақты лотына ресімделетін сауда тикеті (мәміле паспорты) негізінде жүзеге асырылады.
      Тазартылған құйма алтынның сапасы мен санына сынақтар жүргізу және олар бойынша шағым-талаптар қою тәртібі алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шартта белгіленеді.
      8. Тазартылған құйма алтынның бағасы теңгенің мәміле күнінің алдындағы күнгі, АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамына және алтынның Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының бүкіл жеткізу айына орташа алынған таңертеңгі және кешкі фиксингінің орташа мәніне қарай және:
      алтынды халықаралық нарықтарға экспорттау жөніндегі көлік және кеден шығыстарынан;
      артық ақша массасын стерилизациялау шығыстарынан;
      бид-аск (bid-ask) спред;
      Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығы қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына жауап бермейтін құймалар сатып алынған жағдайда қолданылатын сапа үшін жеңілдіктен тұратын дисконтқа қарай теңгемен айқындалады.
      Бір кезеңде сатып алынатын бір сападағы барлық құймаларға бірыңғай дисконт ставкасы қолданылады.

Об утверждении Правил реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота в виде слитков для пополнения золотовалютных активов Национального Банка Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 121. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 ноября 2011 года № 7302. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 241

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.08.2012 № 241 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 июля 2011 года № 120 «О мерах по выполнению Решения Межгосударственного совета (высшего органа Таможенного союза) Евразийского экономического сообщества «О едином нетарифном регулировании Таможенного союза Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации» от 27 ноября 2009 года № 19» Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота в виде слитков для пополнения золотовалютных активов Национального Банка Республики Казахстан.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

Утверждены       
постановлением Правления 
Национального Банка   
Республики Казахстан   
от 30 сентября 2011 года № 121

Правила
реализации приоритетного права государства
на приобретение аффинированного золота в виде слитков
для пополнения золотовалютных активов
Национального Банка Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 июля 2011 года № 120 «О мерах по выполнению Решения Межгосударственного совета (высшего органа Таможенного союза) Евразийского экономического сообщества «О едином нетарифном регулировании Таможенного союза Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации» от 27 ноября 2009 года № 19» и Правилами ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных металлов и сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, утвержденными постановлением  Правительства Республики Казахстан от 16 августа 2011 года № 924 «Об утверждении Правил ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных металлов и сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы и о внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237 «Некоторые вопросы Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан».
      2. Настоящие Правила регулируют порядок принятия Национальным Банком Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) решения о реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота в слитках для пополнения золотовалютных активов (далее – приоритетное право).

Глава 2. Основные понятия, используемые в настоящих
Правилах

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) реализация приоритетного права – покупка Национальным Банком аффинированного золота в слитках напрямую у клиентов, обратившихся в Национальный Банк, а также отказ от его закупки;
      2) бид-аск (bid-ask) спред – разница между ценой приобретения и продажи на международном рынке;
      3) клиенты – субъекты, обратившиеся в Национальный Банк с предложением о реализации аффинированного золота в слитках;
      4) хранилище – специально оборудованное помещение, где хранится аффинированное золото;
      5) лимит приобретения – максимально возможный объем покупки Национальным Банком аффинированного золота в слитках за определенный период в рамках реализации приоритетного права;
      6) торговый тикет (паспорт сделки) – подписываемый сторонами сделки документ, содержащий все существенные условия и параметры поставки конкретного лота аффинированного золота в слитках, согласно заключенному договору об общих условиях купли-продажи аффинированного золота в слитках для пополнения золотовалютных активов;
      7) аффинированное золото в слитках – драгоценный металл, прошедший стадию очистки и представленный в виде:
      слитков производства государств-участников Таможенного союза, соответствующих установленным требованиям в государствах-участниках Таможенного союза либо международным стандартам качества, принятым Лондонской ассоциацией рынка драгоценных металлов (London bullion market association) и обозначенным в документах данной ассоциации как стандарт «Лондонская качественная поставка» («London good delivery»);
      слитков иностранного производства, изготовленных, клейменных и сертифицированных в соответствии с законодательством страны происхождения либо международным стандартам качества, принятым Лондонской ассоциацией рынка драгоценных металлов (London bullion market association) и обозначенным в документах данной ассоциации как стандарт «Лондонская качественная поставка» («London good delivery»);
      8) испытания аффинированного золота в слитках – комплекс работ, проводимых с целью установления количественных и качественных характеристик аффинированного золота в слитках.

Глава 3. Порядок реализации приоритетного права

      4. Клиенты представляют в Национальный Банк графики прогноза производства и продажи аффинированного золота в слитках на первое полугодие будущего года – до 1 ноября текущего года, на второе полугодие текущего года – до 1 мая текущего года.
      5. Председатель Национального Банка, основываясь на прогнозе производства и продажи аффинированного золота в слитках, состоянии денежного рынка, показателях денежно-кредитной политики и конъюнктуры международных финансовых рынков, утверждает лимит приобретения в рамках реализации приоритетного права на предстоящее полугодие либо принимает решение об отказе от реализации приоритетного права на предстоящий период (от месяца до полугодия).
      В рамках утвержденного лимита приобретения Национальный Банк определяет объем аффинированного золота в слитках, который будет приобретен у конкретного клиента, предоставившего график прогноза и продаж аффинированного золота в слитках. Объемы приобретения доводятся до сведения клиентов на первое полугодие будущего года – до 1 декабря текущего года, на второе полугодие текущего года – до 1 июня текущего года.
      В случае отказа от реализации приоритетного права на предстоящий период (от месяца до полугодия) решение об этом публикуется в течение пяти рабочих дней на официальном интернет-ресурсе Национального Банка.
      6. Отказ от закупки аффинированного золота в слитках для пополнения золотовалютных активов производится:
      1) в случае достижения лимита приобретения аффинированного золота в слитках в рамках реализации приоритетного права;
      2) в случае принятого решения об отказе от реализации приоритетного права на предстоящий период согласно пункту 5 настоящих Правил.
      Отказ от закупки аффинированного золота в слитках для пополнения золотовалютных активов не может быть произведен в отношении клиентов, указанных в части второй пункта 5 настоящих Правил, в пределах доведенных до них объемов приобретения аффинированного золота в слитках.
      Подтверждение о готовности закупки либо отказ от закупки аффинированного золота в слитках для пополнения золотовалютных активов доводится до клиента в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня обращения клиента за подписью Председателя либо Заместителя Председателя Национального Банка.
      7. Покупка аффинированного золота в слитках осуществляется на основе заключенного Национальным Банком с клиентом договора об общих условиях купли-продажи аффинированного золота в слитках для пополнения золотовалютных активов, и торгового тикета (паспорта сделки), оформляемого на конкретный лот приобретаемого аффинированного золота в слитках.
      Порядок проведения испытаний и предъявления претензий по качеству и количеству аффинированного золота в слитках устанавливается договором об общих условиях купли-продажи аффинированного золота в слитках для пополнения золотовалютных активов.
      8. Цена аффинированного золота в слитках определяется в тенге исходя из средневзвешенного биржевого курса тенге к доллару США на дату, предшествующую дате сделки, и среднего значения утреннего и вечернего фиксинга на золото Лондонской ассоциации рынка драгоценных металлов, усредненного на весь месяц поставки, и дисконта, включающего:
      транспортные и таможенные расходы по экспорту золота на международные рынки;
      расходы на стерилизацию избыточной денежной массы;
      бид-аск (bid-ask) спред;
      скидка за качество, которая применяется в случае приобретения слитков, не отвечающих международным стандартам качества, принятым Лондонской ассоциацией рынка драгоценных металлов и обозначенным в документах данной ассоциации как стандарт «Лондонская качественная поставка» («London good delivery»).
      Ко всем слиткам одного качества, приобретаемом в одном периоде, применяется единая ставка дисконта.