Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасын бекіту туралы және «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 924 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.07.2016 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 120 Жарлығын, Кеден одағы комиссиясының «Бірыңғай кеден аумағының шеңберінде тарифтік емес реттеулерді қолдану шаралары туралы» 2010 жылғы 18 маусымдағы № 333, «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы № 132 шешімдерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын кедендік декларациялау және кедендік тазалау орындарын айқындасын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 16 тамыздағы
№ 924 қаулысымен  
бекітілген  

Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімімен бекітілген Бағалы металдарды және асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кеден аумағынан әкету және ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кеден аумағына әкелу тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағиданың талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылауға қатысты болмайды.
      3. Осы Қағиданың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі операцияларына қатысты болмайды.
      4. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      бағалы металдар – Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, алтын, күміс, платина және платиналық топтағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
      құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес өңделмеген бағалы металдар (соның ішінде құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл және мырыш тұнбасы), құрамында бағалы металдар бар түсті металдар өндірісінің жартылай өнімі, түсті металдардың концентраттары және күлі, бағалы металдардың сынығы мен қалдықтары, бағалы металдар кендері мен концентраттары, кендері;
      арнайы есепке алу – Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды тізілімге енгізгені үшін алым алуды болжамайтын, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қоспағанда) мен дара кәсіпкерлердің тізілімін уәкілетті органның жүргізуі;
      анықтама – Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы есепке қоюды растайтын құжат (тегін негізде);
      уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
      әкелу кезіндегі өтініш беруші – кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген, сондай-ақ Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сәйкес бағалы металдармен және шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар және уәкілетті органның арнайы есебінде тұрған заңды және жеке тұлғалар;
      әкету кезіндегі өтініш беруші – бағалы металдарға заң жүзінде не бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар бағалы металдардың меншік иелерімен агенттік келісімдерінің комиссия шарттары бойынша ие болатын және уәкілетті органның арнайы есебінде тұратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;
      бағалы металдарды, қымбат бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын мемлекеттік бақылау (КО СЭҚ ТН коды 7112) – бағалы металдардың бағаларын бақылауды, бағалы металдардың шығу көздерін анықтауды, бағалы металдармен жасалатын мәмілелердің заңдылығын анықтауды (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) қамтитын, уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау;
      мемлекеттік бақылаушы – Қазақстан Республикасының Кеден істері саласында мамандандырылған не уәкілетті орган белгілеген кеден бекеттерінде бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын (КО СЭҚ ТН коды 7112) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның өкілі;
      экспорт – кеден одағының тауарлары Кеден одағының кеден аумағынан тысқары шығарылатын және оның шегінде тұрақты болуға арналатын кеден рәсімі.

2. Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу тәртібі

      5. Бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын (КО СЭҚ ТН коды 7112) бұдан әрі – «тауарлар», Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде (бұдан әрі - әкелу) Кеден одағының аумағында қайта өңдеу үшін бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкелуді қоспағанда, өтініш беруші кедендік декларациялық өндіріске дейін мемлекеттік бақылау рәсімінен өтеді.
      6. Тауарларды әкелу кезінде мемлекеттік бақылаудан өту үшін өтініш беруші мемлекеттік бақылаушыға мынадай құжаттарды ұсынады:
      ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің деректері, заңды мекенжайы көрсетілетін өтінім-хат;
      орыс тіліндегі келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесі, егер орыс тіліндегі келісімшарт (шарт, келісім) болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтінім беруші бекіткен және куәландырған аударма қоса беріледі (өтінім берушінің лауазымын және күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып);
      тауарларға арналған ерекшелікті, онда сандық және құндық мәндегі толық ассортимент көрсетіледі;
      тауарлардың шығу көздерін растайтын құжат.
      7. Тауарларды әкелу кезінде мемлекеттік бақылаушы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың болуын тексереді және олар сәйкес келген жағдайда Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі - Акт) ресімдейді.
      Актіде келісімшартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген (тауардың атауы, салмағы мен саны) деректерге ұсынылған тауардың сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі көрсетіледі.
      Әкелінетін тауарлардың бағалы металдардың құрамы мен мөлшері бойынша ерекшелік деректеріне сәйкес еместігі айқындалған кезде уәкілетті орган әкелінетін тауарлардың сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынағын жүргізу үшін кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің филиалы) (бұдан әрі осы Қағида мәтіні бойынша – Орталық) өтініш жіберуге міндетті. Осы мақсатта импорттаушылар әкелінетін тауардың әрбір легін әкелу кезінде әкелінетін тауарлардың түрі үшін техникалық талаптарға, Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттарға сәйкес және/немесе импорттаушының кәсіпорнында қолданылатын сынама іріктеу әдістемесіне сәйкес 1 (бір) өкілдік сынама алады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқауы бойынша импорттаушылар бақылау сынағы үшін іріктелген сынақты жеткізеді, сондай-ақ онымен алдын ала жасалған келісімшарт қорытындысына сәйкес Орталыққа іріктеме сынаққа сәйкес актіні көрсетеді. Орталық жоғарыда көрсетілген сынаманы мәміле аяқталғанға дейін сақтайды.
      Сәйкессіздік болмаған кезде мемлекеттік бақылаушы көрсетілген бөлімде – «тауар қойылған талаптарға сәйкес» деген жазба жазады және өтініш беруші кедендік декларациялау рәсімінен өтеді.
      Сәйкессіздік анықтаған жағдайда «тауар қойылған талаптарға сәйкес емес» деген жазба жазылады.
      8. Мемлекеттік бақылау тауарлар легін мемлекеттік бақылаушыға ұсынған сәттен бастап бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
      9. Акт үш данада жасалады: бірінші және екінші даналары өтініш берушіге ұсынылады. Бірінші данасы кеден органына беруге арналады. Үшінші данасы уәкілетті органда қалады. Актіге мемлекеттік бақылаушы қол қояды.
      10. Мемлекеттік бақылаудан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарларды әкелу кезінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау рәсімін аяқтайды.
      11. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден кедендік декларациялау жүргізілгенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастыру үшін бағалы металдар мен құрамында қымбат металдар бар шикізат тауарларын әкелу кезінде Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес құжаттарды, оның ішінде тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсыну қажет.
      Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттар;
      қайта өңдеуге арналған келісімшарттың (шарттың) көшірмесі;
      резидент еместерді қоспағанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік үй-жайлардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      резидент еместерді қоспағанда, өтініш берушінің базасының болуы және Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті өндірісте өнімдерді дайындау көлемі туралы ақпарат;
      Қағидаға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әкелінетін қайта өңдеу өнімдері тізбелерінің және әкелінетін қайта өңдеу құндылықтары тізбелерінің түпнұсқалары.
      Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган өтініш берушінің атына өтініш берушінің өз өндірістік қызметінде бағалы металлдарды пайдаланатыны туралы жазбаша растамасы бар әкелінетін қайта өңделетін өнімдер тізбесін жібереді.
      Уәкілетті органның тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру мерзімі өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

3. Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі

      12. Бағалы металдарды, бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарын (КО СЭҚ ТН коды 7112) бұдан әрі – «тауарлар», Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге әкету кезінде (бұдан әрі - әкету) кедендік декларацияға дейін өтініш беруші мемлекеттік бақылаушы жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау рәсімінен өтеді.
      13. Тауарларды әкету кезінде мемлекеттік бақылаудан өту үшін өтініш беруші мемлекеттік бақылаушыға мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтінім-хат, онда ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің деректері, заңды мекенжайы және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажетті ұсынылатын құжаттардың тізбесі көрсетіледі;
      жекелеген тауар түрлерінің экспортына арналған лицензияның көшірмесі (Қағидаға 2-қосымшада көрсетілген тауарларды қоспағанда);
      орыс тіліндегі келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесін, егер де орыс тіліндегі келісімшарт (шарт, келісім) болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтінім беруші (өтінім берушінің лауазымын және күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) бекіткен және растаған аударма қоса берілуі тиіс;
      сандық және құндық көріністегі толық ассортименті көрсетілетін тауарлардың ерекшелігі;
      Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруші ұсынған тауар құнының есебі;
      келісімшарттық бағалардың қабылданған деңгейін негіздейтін әлемдік нарықтың бағалары туралы қолда бар мәліметтер;
      тауарлардың шығу көздерін растайтын құжат (бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарт көшірмесі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар үшін – бағалы металдарды өндіру субъектісінен бағалы металдарды алуға арналған шарттың көшірмесі);
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің алтын – валюта активтерін толықтыру үшін құйма түріндегі аффинаждалған алтынды сатып алудан бас тартуды растайтын құжат;
      әкетілетін тауарларға нормативтік-техникалық құжаттама (Қазақстан Республикасында белгіленген МЕМСТ, ССТ, ТШ).
      14. Тауарларды әкету кезінде мемлекеттік бақылаушы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген құжаттардың болуын тексереді және олар сәйкес келген жағдайда және Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін (бұдан әрі - Акт) ресімдейді.
      Актіде мемлекеттік бақылаушы мыналарды:
      келісімшартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген (тауардың атауы, салмағы, саны, стандарттарға сәйкестігі) деректерге ұсынылған тауардың сәйкес келуін/келмеуін;
      тауар құнының бағасын;
      тауарлармен мәмілелер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын бұзушылықтың болуы/болмауы, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде белгіленген басқа да ескертулерді көрсетеді.
      Бағалы металдардың құрамы мен мөлшері бойынша әкетілетін тауарларға ұсынылған ерекшелік пен нормативтік-техникалық құжаттамаларға сәйкес еместігі байқалған кезде (Қазақстан Республикасында белгіленген МЕМСТ, ССТ, ТЖ) уәкілетті орган әкетілетін тауарлар сынамаларын (үлгілерін) бақылау мақсатында сынауды жүзеге асыру үшін Орталыққа өтініш жіберуге міндетті. Осы мақсатта экспорттаушылар әкетілетін тауардың әрбір легін әкету кезінде әкетілетін тауарлардың түрі үшін техникалық талаптарға, Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттарға сәйкес және/немесе экспорттаушының кәсіпорнында қолданылатын сынама іріктеу әдістемесіне сәйкес 1 (бір) өкілдік сынама алады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқауы бойынша экспорттаушылар бақылау сынағы үшін іріктелген сынақты жеткізеді, сондай-ақ онымен алдын ала жасалған келісімшарт қорытындысына сәйкес Орталыққа іріктеме сынаққа сәйкес актіні көрсетеді. Орталық жоғарыда көрсетілген сынаманы мәміле аяқталғанға дейін сақтайды.
      Сонымен қатар уәкілетті органның әкетілетін тауарларға Орталықта бақылау сынауларын жүргізу туралы шешім қабылдау құқығы бар.
      Көрсетілген бөлімде сәйкессіздік болмаған кезде – «тауар қойылған талаптарға сәйкес келеді» деген жазба жазылады және өтінім беруші кедендік ресімдеу рәсімінен өтеді.
      Сәйкессіздік анықталған жағдайда – «тауар қойылған талаптарға сәйкес келмейді» деген жазба жазылады және ұсынылған тауарлардың экспортын кедендік рәсімдеудегі кедендік декларациялауға жатпайды.
      15. Мемлекеттік бақылау тауар легін мемлекеттік бақылаушыға ұсынған сәттен бастап бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
      16. Акт үш данада жасалады: бірінші және екінші даналары өтініш берушіге ұсынылады. Бірінші данасы кеден органына беруге арналады. Үшінші данасы уәкілетті органда қалады. Актіге мемлекеттік бақылаушы қол қояды.
      17. Тауарларды әкетуге арналған мемлекеттік бақылаудан өткеннен кейін, егер олар экспортқа арналса, Қазақстан Республикасының кеден органдары Кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес өтініш берушіде мыналар:
      уәкілетті органда арнайы есепке қоюды растайтын құжат;
      тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия (Қағидаға 2-қосымшада көрсетілгендерді қоспағанда);
      мемлекеттік бақылау актісі болған кезде тауарларды кедендік декларациялау үдерісін аяқтайды.
      18. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген өңделмеген бағалы металдарды, кендерді және бағалы металдар концентраттарын (КО СЭҚ ТН коды 2616) әкету кезінде Актіні ресімдеу қажет емес.
      19. Бағалы металдарды Кеден одағының аумағынан тыс өңдеу кедендік рәсіміне орналастырған кезде кедендік декларациялауды жүргізгенге дейін құжаттарды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес, оның ішінде кеден аумағынан тыс тауарларды өңдеу жағдайлары туралы құжатты ұсыну қажет.
      20. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге әкету осы тауарлардың экспортына және қайта өңдеуге жол береді.
      Экспорт үшін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкету кезінде өтінім беруші кедендік декларациялауға мынадай құжаттарды:
      а) өндіруші кәсіпорындардың зертханалары, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес аттестатталған немесе Қазақстан Республикасының аккредитация туралы заңнамасына сәйкес нәтижелері танылатын шетелдік аккредитация органдарында аккредитациядан өткен басқа да талдамалық зертханалар берген Қазақстан Республикасында өндірілетін бағалы ілеспелі және металдардың құрамы туралы құжаттар.
      Бағалы металдардың құрамы және мазмұны бойынша құрамында әкетілетін шикізат тауарларына арналған бағалы металдар бар бағалы және бағалы металдардан ілеспелі алудың құрамы туралы құжаттардың келісімшарт талаптарына және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда (Қазақстан Республикасында бекітілген МЕМСТ, ССТ, ТЖ) құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлардың сынамаларын (үлгілерін) бақылау сынағын жүзеге асыру үшін уәкілетті орган Орталыққа өтінім жіберуге міндетті. Осы мақсатта экспорттаушылар әкетілетін тауардың әрбір легін әкету кезінде әкетілетін тауарлардың түрі үшін техникалық талаптарға, Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттарға сәйкес және/немесе экспорттаушының кәсіпорнында қолданылатын сынама іріктеу әдістемесіне сәйкес 1 (бір) өкілдік сынама алады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқауы бойынша экспорттаушылар бақылау сынағы үшін іріктелген сынақты жеткізеді, сондай-ақ онымен алдын ала жасалған келісімшарт қорытындысына сәйкес Орталыққа іріктеме сынаққа сәйкес актіні көрсетеді. Орталық жоғарыда көрсетілген сынаманы мәміле аяқталғанға дейін сақтайды;
      б) Қазақстан Республикасындағы шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы уәкілетті органның қорытындыларын (бұдан әрі – Экспортқа арналған қорытынды) ұсынады.
      Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге қайта өңдеу үшін әкету кезінде өтініш беруші кедендік ресімдеуде мынадай құжаттарды:
      Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы мен мүмкін еместігі туралы уәкілетті органның қорытындысын (бұдан әрі – Қайта өңдеуге арналған қорытынды);
      кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсынады.
      21. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуге не экспортқа арналған қорытындыны алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      тауардың атауын, оның өлшем бірліктеріндегі санын көрсете отырып, өтініш-хатты;
      құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарт көшірмесін ұсынады. Бұл ретте мұндай құжатқа өзгеріс пен толықтыру енгізілген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа ұйымдар үшін әкетілетін шикізат тауарларына меншік құқығын растайтын құжат;
      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесін ұсынады.
      22. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспортқа не болмаса қайта өңдеуге арналған қорытынды береді.
      Экспортқа арналған қорытындыда «Қорытынды нәтижесі» деген жолда «Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алу мүмкіндігі расталады» деген жазба жазылады, және өтініш беруші кедендік декларациялау рәсімінен өтеді не болмаса «Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығын расталады» деген жазба жазылады, мұндай жағдайда тауар экспорты кедендік ресімдеуде кедендік декларациялауға жатпайды.
      Қайта өңдеуге арналған қорытындыда, «Қорытынды нәтижесі» деген жолда «Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алу мүмкіндігі расталады» деген жазба жазылады және өтініш беруші кедендік декларациялау рәсімінен өтеді не «Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы расталады» деген жазба жазылады, мұндай жағдайда тауар экспорты кедендік ресімдеуде кедендік декларациялауға жатпайды.
      23. Экспортқа не қайта өңдеуге арналған қорытындыны өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган шикізат тауарлары экспортының барлық болжамды жылдық көлеміне береді.
      24. Қағиданың 21-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес пакетін тапсырған жағдайда уәкілетті орган Экспортқа не қайта өңдеуге арналған қорытындыны беру туралы уәждемелі бас тартуды өтініш берушіге ұсынады.
      Экспортқа не қайта өңдеуге арналған қорытындымен келіспеген жағдайда, өтініш беруші оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
      25. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкету кезінде қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын уәкілетті органның жазбаша растауы осы Қағиданың 9-тармағында көзделген, әкелу кезінде қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларына уәкілетті орган растау беруінің тәртібіне ұқсас жүзеге асырылады.
      26. Уәкілетті орган экспортқа не қайта өңдеуге арналған қорытындыны жасау кезінде 21-тармақта көрсетілген келісімшарттардың талаптарын, Қазақстан Республикасының аффинажды зауыттарының қайта өңдеуге арналған тарифтік ставкаларын ескереді (шикізат тауарларының сапасын бақылау бойынша қызметтер құны, қосспалардың мазмұны үшін айыппұл санкциялары, бағалы металдарды алу мерзімі, жіберілетін шығысын/айырмашылықтар, төлеу шарттары, көлік шығындары, салықтық және өзге де төлемдер).
      27. Қазақстан Республикасының (аффинажды) қайта өңдеуші зауыттары ұсынған қайта өңдеуге (шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алу) арналған тарифтік ставкалар туралы ақпараты уәкілетті органның ресми веб-сайтында жыл сайын жарияланады.

Бағалы металдарды және құрамында  
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
Кеден одағына кірмейтін елдерден  
Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету қағидасына
1-қосымша             

КЕДЕН ОДАҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ЭКСПОРТЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БАҒАЛЫ МЕТАЛДАР ТІЗБЕСІ

(«Табиғи алмастар, бағалы металдар және асыл тастар» тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.9-бөлімі)

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Тауардың қысқаша атауы

КО СЭҚ ТН коды

1

2

Өңделмеген алтын мен күміс*
(тек құйма, тілім, ұнтақ және түйір түріндегі аффинаждалған алтын мен күміс, сондай-ақ тиын соғу үшін пайдаланылатын алтын)

7106 10 000 0
7106 91 100
7108 11 000 0
7108 12 000
7108 20 000

Өңделмеген платина және платина тобындағы металдар* (тек құйма, тілім, ұнтақ және түйір түріндегі аффинаждалған платина және платина тобындағы металдар ғана)

7110 11 000
7110 21 000
7110 31 000 0
7110 41 000 0
7110 19 100 0
7110 29 000 0

Өңделмеген бағалы металдар
(тек саф аффинажға жатпайтындар)

7106
7108
7110

* Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің Орталық (Ұлттық) банкілері әкелетін бағалы металдарды қоспағанда.

Бағалы металдарды және құрамында 
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
Кеден одағына кірмейтін елдерден  
Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету қағидасына
2-қосымша             

КЕДЕН ОДАҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ЭКСПОРТЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАРСЫЗ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БАҒАЛЫ МЕТАЛДАР

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Тауардың қысқаша атауы

КО СЭҚ ТН коды

1

2

Өнімдер мен бұйымдар түріндегі бағалы металдар

2843 10
2843 21 000 0
2843 29 000 0
2843 30 000 0
2843 90
7106 10 000 0*
7106 92 000 0
7108 13*
7110 19*
7110 29 000 0*
7110 39 000 0*
7110 49 000 0*

* Құйма, тілім, ұнтақ және түйір түріндегі, сондай-ақ өңделмеген нысандардағы аффинаждалған бағалы металдарды қоспағанда.


7113
7114
7115
9003 19 100 1
9021 29 000 0**

** Тек бағалы металдардан немесе жәміштелген бағалы металдардан


9113 10 100 0


9608 10 990 0


9608 30 000


3006 40 000 0***


7107 00 000 0


7109 00 000 0


7111 00 000 0


8544***


9101***


9102***


9103***


9105***


9111***


9112***

*** Тек асыл тастардан ендірмесі бар бағалы металдардан және асыл тастардан

Монеталар

7118***

***Тек асыл тастардан ендірмесі бар бағалы металдардан немесе асыл тастардан ендірмесі жоқ

Бағалы металдарды және құрамында  
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
Кеден одағына кірмейтін елдерден 
Қазақстан Республикасының аумағына  
әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету қағидасына
3-қосымша             

КЕДЕН ОДАҒЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ЭКСПОРТЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ӨҢДЕЛМЕГЕН БАҒАЛЫ МЕТАЛДАР, БАҒАЛЫ МЕТАЛДАРДЫҢ СЫНЫҚТАРЫ МЕН ҚАЛДЫҚТАРЫ, БАҒАЛЫ МЕТАЛДАРДЫҢ КЕНДЕРІ МЕН КОНЦЕНТРАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫНДА БАҒАЛЫ МЕТАЛДАР БАР ШИКІЗАТ ТАУАРЛАРЫ
(Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.10-бөлімі)

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.16 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Тауарлардың қысқаша атауы

КО СЭҚ ТН коды

1

2


2603 00 000 0
2604 00 000 0
2607 00 000 0
2608 00 000 0
2609 00 000 0
2617
2620 19 000 0
2620 21 000 0
2620 29 000 0
2620 30 000 0
2620 99 100 0
2620 99 950 1
2620 99 400 0
2620 99 950 2
2620 91 000 0
2620 99 950 3
2620 99 950 9
2621

Түсті металдар өндірісінің жартылай өнімі

7401 00 000 0
7402 00 000 0
7501
7801 99 100 0

Бағалы металдардың кені, концентраттары

2616

Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары

7112

Өңделмеген бағалы металдар
(құйма, тілім, ұнтақ және түйір түріндегі аффинаждалған бағалы металдарды қоспағанда)

7106 91
7108 12 000
9003 11 000
7110 21 000
7110 31 000 0
7110 41 000 0

Бағалы металдарды және құрамында 
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
Кеден одағына кірмейтін елдерден 
Қазақстан Республикасының аумағына
әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету қағидасына
4-қосымша             

Бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер тізілімі

Р/с №

Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы

Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің СТН

Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің деректемелері

Тауардың атауы

1

2

3

4

5
















Бағалы металдарды және құрамында 
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
Кеден одағына кірмейтін елдерден  
Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету қағидасына
5-қосымша             

Арнайы есепке қоюды растайтын құжат нысаны

Өтінім берушінің атауы
заңды мекенжайы

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті______________нөмірімен_________ күні тіркелген, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер тізіліміндегі тіркеуді растайды.

Уәкілетті адамның қолы

Бағалы металдарды және құрамында 
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
Кеден одағына кірмейтін елдерден  
Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету қағидасына
6-қосымша             

Өтінім берушінің өндірістік базасының болуы және______жылғы____жарты жылдықта меншікті өндірісте өнімді дайындау көлемі туралы
АҚПАРАТ

Өтінім берушінің атауы__________________________________________

Өндірістік базаның болуы

Меншікті өндіріс өнімі

Өндірістік алаңдар (ш.м.)

Технологиялық жабдықтардың тізбесі (станоктар саны мен түрі)

Негізгі өндірісте жұмыс істейтіндер саны (адам)

Өнім номенклатурасы

Меншікті өндірісте есепті кезең ішінде өндірілгені (кг*)

Таңбаланды (тек меншік өндірістегі өнім) (дана)

*Егер Өтінім беруші өндірістік қызметті жарты жылдан кем жүзеге асырған жағдайда, нақты жұмыс жасаған уақыт үшін өндірілген өнімнің саны көрсетіледі.

Өтінім берушінің лауазымы
атауы _____________ ________________
         (қолы)        (Т.А.Ә.)

М.О

Бағалы металдарды және құрамында 
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
Кеден одағына кірмейтін елдерден  
Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету қағидасына
7-қосымша            

Қайта өңдеудің әкелінетін (әкетілетін) өнімдерінің тізбесі

Р/с №

Өтінім беруші

КО СЭҚ ТН бойынша қайта өңдеу өнімдерінің атауы

Келісім шарт

КО СЭҚ  ТН  бойынша қайта өңдеу өнімдерінің коды
 

КО СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлік тері

Қайта өңдеу өнімдерінің саны

Құны, теңге

Тауар өнімі

Қайта өңдеу қалдықтары

Құндылықтар шығындары

Құндылықтар қалдықтары

Мамандандырылған кеден бекеті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Өтінім беруші лауазымының атауы    Уәкілетті орган
                                   лауазымының атауы
_______  ___________________
(қолы)       (Т.А.Ә.)
                              _______  __________________
                               (қолы)      (Т.А.Ә.)

Өтінім беруішінің            
бас бухгалтер

      _______  __________________
      (қолы)       (Т.А.Ә.)

                            М.О.                          М.О.

Қайта өңдеудің әкелінетін (әкетілетін) өнімдерінің тізбесін толтыру ережесі

      1. 2-бағанда Өтінім берушінің атауы көрсетіледі.
      2. 3-бағанда қайта өңдеудің әкелінетін (әкетілетін) өнімнің атаулары көрсетіледі.
      3. 4-бағанда қайта өңдеу өнімдерін әкелуге (әкетуге) сәйкес келісімшарт (шарт) деректемелері көрсетіледі.
      4. 5-бағанда КО СЭҚ ТН бойынша қайта өңдеу өнімдерінің он белгілі коды көрсетіледі.
      5. 7-бағанда КО СЭҚ ТН бойынша тауар позицияларына сәйкес өлшем бірліктерінде қайта өңдеу тауарларының саны көрсетіледі.
      6. 8-бағанда қайта өңдеу тауарларының рубльдегі құны көрсетіледі.
      7. 9-12 бағандарда бір өлшем бірлігіндегі тауар өнімдерінің, қалдықтарының, шығындарының және сарқындыларының саны көрсетіледі.
      8. 13-бағанда қайта өңдеу тауарларын және қалдықтарын кедендік
ресімдеуді жүргізетін кеден органы көрсетіледі.

Бағалы металдарды және құрамында 
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
Кеден одағына кірмейтін елдерден  
Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету қағидасына
8-қосымша             

Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтар тізбесі

Р/с №

Өтінім беруші

КО СЭҚ ТН бойынша құндылықтардың атауы

Келісім шарт (шарт)

КО СЭҚ ТН бойынша құндылықтар коды

КО СЭҚ ТН бойынша өлшем бірліктері

Құндылықтар саны

Құны, теңге

Арнайы кеден бекеті

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Өтінім беруші лауазымының атауы      Кеден одағына қатысушы
                                     мемлекеттің уәкілетті
                                     адамының лауазым атауы
________  __________________
(қолы)      (Т.А.Ә.)
                                _________  ____________________
                                 (қолы)         (Т.А.Ә.)

Өтінім
берушінің
бас
бухгалтері ______  ________________
           (қолы)     (Т.А.Ә.)

                              М.О.                        М.О.

      Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтар тізбесін толтыру ережесі

      1. 1-8 баған әкелінетін (әкетілетін) қайта өңдеу өнімдерінің (8 қосымша) тиісті бағандарына ұқсас толтырылады.
      2. 9-бағанда қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтарды кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден органы көрсетіледі.

Бағалы металдарды және құрамында 
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
Кеден одағына кірмейтін елдерден 
Қазақстан Республикасының аумағына
әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету қағидасына
9-қосымша              

Әкетілетін тауарлар құрамындағы бағалы металдардың жалпы құны есебінің ұсынылатын нысаны

Атауы және тауар сипаттамасы

Саны, салмағы *

Баға (АҚШ долл.)

Негіздеме (әлемдік нарыққа баға белгілеген күн (4 бағ.)

Келісім шарттық құны (АҚШ долл.) (2х3 бағ)

Бағалы металдардың жалпы құны (АҚШ долл.) (2х4 бағ.)

келісімшарттық

Бағалы металдарға әлемдік баға

1

2

3

4

5

6

7








* Бағалы металдар бойынша салмағы лигатурада және тазалықта көрсетіледі.

Бағалы металдарды және құрамында 
бағалы металдар бар шикізат тауарларын
Кеден одағына кірмейтін елдерден 
Қазақстан Республикасының аумағына
әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету қағидасына
10-қосымша             

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикізат тауарлары үшін Қазақстан Республикасының аумағында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) мен экономикалық орындылығы (орынсыздығы)/Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеудің экономикалық тиімсіздігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды

      №_____                                           күні______

Өтінім
берушінің атауы
___________________________________________________________
          (ұйымның атауы /дара кәсіпкердің Т.А.Ә.)

Тауардың
атауы______________________________________________________

Ұсынылған құжаттар:
1. № ____ өтініш, күні ____________________;
2. № ____ келісімшарт, күні _______________;
3. _____________________________________;

Қорытынды нәтижесі___________________________________
Қолданылу кезеңі_____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады