Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 520/75-IV шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 705 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласының мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 292/41-V шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласының мәслихатының 29.09.2014 жылғы № 292/41-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А. Ким

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Ж. Нұркенов

Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 520/75-IV қосымша   

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында
Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету (бұдан әрi – Әлеуметтiк көмек) Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
      2. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.
      3. Әлеуметтiк көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi әкiмшісі (бұдан әрi – Әкiмші) болып табылатын "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттiк бағдарламасына (бұдан әрi – Бағдарлама) сәйкес және қала бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
      4. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Астана қалалық филиалы (бұдан әрi – ЗТМО) қажеттiлiгіне қарай Әкiмшіге осы Ереженің 5-тармағы 1-4) тармақшасында көрсетiлген санаттарға жататын азаматтар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ай сайын ЗТМО деректер қорында тiркелген, жаңадан тағайындалған және келген азаматтар туралы мәлiметтердi ұсынады.

2-тарау. Әлеуметтiк көмек төлеу тәртібі

      5. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай (16 желтоқсан) ақшалай төлемдер түрінде мынадай азаматтардың санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне – 20 000 (жиырма мың) теңгеден;
      2) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшiн, осы оқиғаларда қасақана кiсi өлтiргенi және милиция қызметкерiнiң, халық жасақшысының өмiрiне қастандық жасағаны үшiн сотталған, өздерiне қатысты қылмыстық iстердi қайта қараудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргiн құрбандарына – 20 000 (жиырма мың) теңге;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 3 000 (үш мың) теңге;
      4) Ауғанстандағы ұрыс әрекеті кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң аналарына – 10 000 (оң мың) теңге;
      5) тұлдыр жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, оқуға төлеу мүмкіндігі жоқ аз қамтылған азаматтар ішінен оқу үлгерімі жоғары, қаланың қоғамдық өміріне белсене ат салысатын, Астана қаласының жоғары оқу орнының оқушыларынан жоғары оқу орнының ұсынысы бойынша жиырма адамға – 2011 жылдың 16 желтоқсанынан бастап оқу орнының соңына дейін оқу құнының мөлшерінде берiледi.
      Осы Ереженің 1-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген Әлеуметтік көмек Әкімшімен жоғары оқу орнының тарапынан студенттің үлгеріміне бақылау жасау кезінде көрсетіледі, студенттің академиялық демалыста болуы кезінде тоқтатыла тұрады, студент оқудан шығарылған жағдайда тоқтатылады. Студенттің оқуы тоқтатылған жағдайда басқа да тұлғаларға Әлеуметтік көмек қайта берілмейді.
      6. Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Астана қаласының екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары мен карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.
      7. Әкімшінің лауазымдық тұлғаларының әрекеті (әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте шағымдануы тиіс.

О Правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны к 20-летию Независимости Республики Казахстан

Решение маслихата города Астаны от 7 декабря 2011 года № 520/75-IV. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 28 декабря 2011 года № 705. Утаратило силу решением маслихата города Астаны от 29 сентября 2014 года № 292/41-V

      Сноска. Утаратило силу решением маслихата города Астаны от 29.09.2014 № 292/41-V.

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 3) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О статусе столицы Республики Казахстан» маслихат города Астаны РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны к 20-летию Независимости Республики Казахстан.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата города Астаны                    А.Ким

      Секретарь маслихата
      города Астаны                              Ж. Нуркенов

Приложение             
к решению маслихата города Астаны
от 7 декабря 2011 года № 520/75-IV

ПРАВИЛА
оказания единовременной социальной помощи
отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны
к 20-летию Независимости Республики Казахстан

      Настоящие Правила оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны к 20-летию Независимости Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», подпунктом 15) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О статусе столицы Республики Казахстан».

Раздел 1. Общие положения

      1. Единовременная социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан к 20-летию Независимости Республики Казахстан (далее – Социальная помощь) оказывается гражданам, зарегистрированным и постоянно проживающим в городе Астане.
      2. Источником финансирования Социальной помощи является бюджет города Астаны.
      3. Социальная помощь предоставляется согласно бюджетной программе «Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов» (далее – Программа), администратором которой является Государственное учреждение «Управление занятости и социальных программ города Астаны» (далее – Администратор) и в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на данные цели.
      4. Для оказания Социальной помощи Городской филиал г. Астаны Республиканского государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий» Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее – ГЦВП) по мере необходимости предоставляет Администратору сведения о гражданах, относящихся к категориям, указанным в подпунктах 1-4) пункта 5 Правил, а также ежемесячно сведения о вновь назначенных и прибывших гражданах, зарегистрированных в базе данных ГЦВП.

Раздел 2. Порядок выплаты Социальной помощи

      5. Социальная помощь предоставляется ко Дню Независимости Республики Казахстан (16 декабря) в виде денежной выплаты следующим категориям граждан:
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны – в размере 20 000 (двадцать тысяч) тенге;
      2) жертвам политических репрессий из числа участников событий 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел – в размере 20 000 (двадцать тысяч) тенге;
      3) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 3 000 (три тысячи) тенге;
      4) матерям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане – в размере 10 000 (десять тысяч) тенге;
      5) учащимся высших учебных заведений города Астаны, имеющим высокую успеваемость, активно участвующим в общественной жизни города, из числа: детей-сирот, детей оставшихся без попечения родителей, малообеспеченных граждан, не имеющим возможности оплачивать обучение, по представлению высших учебных заведений в количестве двадцати человек – в размере стоимости обучения с 16 декабря 2011 года до окончания учебного заведения.
      Социальная помощь, указанная в подпункте 5) пункта 1 настоящих Правил оказывается Администратором при контроле успеваемости студента со стороны высшего учебного заведения, приостанавливается при нахождении студента в академическом отпуске, прекращается при отчислении студента. При прекращении обучения студента другим лицам Социальная помощь не перераспределяется.
      6. Выплата сумм Социальной помощи производится через отделения банков второго уровня города Астаны путем перечисления денежных средств на лицевые счета или картсчета получателей.
      7. Действия (бездействие) должностных лиц Администратора может быть обжаловано в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.