Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 05.06.2012 № А-233 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы ауданы бойынша үйлерінде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы» 2009 жылғы 13 мамырдағы № А-267 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде 1-4-148 тіркелген, 2009 жылдың 25 маусымында «Вперед», 2009 жылдың 3 шілдесінде «Аршалы айнасы» аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармағы жаңа басылымда баяндалсын: «Аршалы ауданы бойынша үйлерінде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді көрсету»;
3 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Акшинеевке жүктелсін.
3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданы әкімінің м.а. Т.Мұханбеджанов