Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.12.13 № 4С-42/8-11 шешімімен
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 4С -27/2-10 «Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-9-158 тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2010 жылдың 18 қыркүйегінде, аудандық «Ерейментау» газетінде 2010 жылдың 18 қыркүйегінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 тармағының 1 тармақшасында «өрт, су басу, апат жағдайында; денсаулық сақтау ұйымдарында 6 айдан аса тіркеуде тұрған онкологиялық науқастарға, дәрі-дәрмектер сатып алуға» сөздері алынып тасталсын:
2 тармағы 14), 15) тармақшалармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«14) кірісті есепке алмай, өрт, су басу, апат жағдайында 150000 (жүз елу мың) теңгеден көп емес мөлшерде өтем ету»;
«15) кірісті есепке алмай, денсаулық сақтау ұйымдарында тіркеуде тұрған онкологиялық науқастарға, дәрі-дәрмектер сатып алуға бір науқасқа 50000 (елу мың) теңгеден көп емес мөлшерде».
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия төрағасы А.Ералинов
Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы Қ.Махметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімі М.Т.Мыңжанов
«Ерейментау ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы М.Л.Сердцева