Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-42/8-11 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 қаңтарда № 1-9-184 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 03.10.2013 № 5С-19/3-13 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) отбасыларға (азаматтарға), Ерейментау ауданында тұрақты тұратын ең төменгі күнкөріс деңгейінен кірісі төмен, өтініш бойынша жылына бір рет (бір түріне), растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда:
      денсаулығын тексертуге - 20000 (жиырма мың) теңге;
      тұрғын үй жөндеуге, су құбырын, канализация, жылыту желілерін орнатуға – 30000( отыз мың) теңге;
      тісті протездеу – 20000 (жиырма мың) теңге;
      есту аппаратын сатып алуға – 30000 (отыз мың) теңге;
      телефон орнатуға - 12000 (он екі мың) теңге;
      алғашқы қажеттілік ететін құжаттарды рәсімдеуге (жеке куәлік құжаты, алушының тұрақты тұратын жерін растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлігі) – 5000 (бес мың) теңге;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы Ақмола облысы шегінде ауруханаға орналастыруға жол төлемі - 7000 (жеті мың) теңге, Ақмола облысының сыртқы шегіне - 15000 (он бес мың) теңге;
      операцияны төлеу жөніндегі өтемақы - 30000 (отыз мың) теңге;
      отбасының бір мүшесі қайтыс болған жағдайда төленетін шығыстардың өтемақысының төлемдеріне – 30000 (отыз мың) теңге;
      аяғы ауыр әйелдерге жылына бір рет аяғы ауыр кезеңінің 20 апталығында, тамақтануын күшейтуге 20000 (жиырма мың) теңге;
      2) мүгедектер күніне Ерейментау қаласы, (ауыл), ауылдық округтер әкімдерінің тексеру актілеріне сәйкес, 1,2 топтағы мүгедектерге, сонымен қатар 18-жасқа дейінгі мүгедек балаларға өтініш бермей 0,7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, МЗТО-ның салыстырма актісі бойынша;
      3) қарттар мен мүгедектер айлығында - банкрот болып танылған немесе жойылған ұйымдардың зейнеткерлерiне өтiнiш бермей 0,7 айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде, Ерейментау қаласы әкiмiнiң тiзiмi бойынша;
      ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде, өтініш бермей, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының тізімі бойынша;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, оған теңестiрiлген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жәрдемақылармен кепiлдемелер бойынша теңдестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына өтiнiшсiз келесiдегi мереке күндерiне мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының салыстырма актiсi бойынша бiр жолғы әлеуметтiк көмек көрсетiледi:
      Ауғанстаннан әскерлердi шығарған күнiне орай- Ауғанстандағы соғысқа қатысушылар мен мүгедектерiне 5000 (бес мың) теңге көлемiнде;
      Чернобыль атом электр станциясы апатын жою күнiне орай- Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге көлемiнде;
      Жеңiс күнiне - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге оған теңдестiрiлген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жәрдемақылар мен кепiлдемелер бойынша теңдестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне - 15000 (он бес мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушыларының әйелдерiне (күйеулерiне) 3000 (үш мың) теңге көлемiнде;
      Ұлы Отан соғысы жылдары жiгерлi еңбек еткен үшiн медальдармен марапатталған тыл еңбеккерлерiне 3000 (үш мың) теңге көлемiнде;
      бұрынғы кәмелеттiк жасқа толмаған фашистiк концлагерь тұтқындарына 5000 (бес мың) теңге көлемiнде;
      5) саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне, өтініш бермей, МЗТО-ның салыстырма актісі бойынша қуғын-сүргін азаматтарына бір жолғы әлеуметтік көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      6) туберкулезбен ауыратын науқастарға, өтініштері бойынша амбулаториялық емделудегі азаматтардың тамақтануын күшейтуге, отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысынан бөлек, жылына бір рет 20000 (жиырма мың) теңге;
      7) колледждерде оқудың күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлердегі табысы аз отбасылардың, көп балалы отбасылардың студенттері, оқулары үшін төлемге, білім мекемесімен жасалған шарттың негізінде, бір жылда бір рет оқу құнының көлемінде;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына өтініштері бойынша пәтерлерін (үйлерін) жөндеуге бір жолғы көмек бір жылда бір рет 30000 (отыз мың) теңгеден аспайтын көлемде;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына өтініштері бойынша тістерін протездеуге бір жылда бір рет 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көлемде;
      10) кәмелетке толмаған балаларға қамқоршы болып отырған зейнеткерлерге, мүгедектерге, жалғыз азаматтарға, оқу жылының басында өтініштері бойынша бір балаға 15000 (он бес мың) теңгеден аспайтын көлемде;
      11) бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерлер тұтқындарына коммуналдық қызметтер шығындарына ай сайын өтініш бермей, МЗТО-ның салыстырма актісі бойынша бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      12) жан басына шаққандағы орташа табысы 25 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге - тұрғын үйлерін жөндеуге, су құбырларын, канализация, жылу желілерін орнатуға, өтініштері бойынша бір жылда бір рет 30000 (отыз мың) теңге;
      13) өрт, су басу және басқа да табиғат және техногендік апатқа шалыну жағдайында 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде, өтініш бойынша жылына бір рет өтем ету;
      14) денсаулық сақтау ұйымдарында тіркеуде тұрған онкологиялық науқастарға, дәрі-дәрмектер сатып алуға бір науқасқа 50000 (елу мың ) теңге мөлшерінде, өтініш бойынша жылына бір рет.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012.03.13 № 5С-3/5-12 (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен
      2. 1 тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 13), 14) тармақшаларында көрсетілген отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек кірістің есебінсіз жүргізіледі.
      3. Әлеуметтік көмек алу үшін қосымшаға қатысты құжаттар тізбесін бекіту.
      4. «Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 4С-27/2-10 (№ 1-9-158 нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Ерейментау» аудандық газетінде 2010 жылдың 18 қыркүйегінде, «Ереймен» аудандық газетінде 2010 жылдың 18 қыркүйегінде жариялаған), 2011 жылғы 25 ақпандағы № 4С-32/6-11 «Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 4С-27/2-10 «Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (№ 1-9-169 нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Ерейментау» аудандық газетінде 2011 жылдың 19 наурызында, «Ереймен» аудандық газетінде 2011 жылдың 19 наурызында жарияланған), 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 4С-35/6-11 «Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 4С-27/2-10 «Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№ 1-9-176 нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Ерейментау» аудандық газетінде 2011 жылдың 14 мамырында, «Ереймен» аудандық газетінде 2011 жылдың 14 мамырында жарияланған), шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   Н.Кравченко

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ерейментау ауданы әкімі                    Л.Дүйсенов

Ерейментау аудандық мәслихатының
2011 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 4С-42/8-11 шешіміне
қосымша

Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар
тізбесі

      1. Денсаулық жағдайын тексеруге:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Тағайындалған жеке әлеуметтік кодының көшірмесі (әрі қарай- ӘЖК);
      5) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      6) Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (әрі қарай- СТН);
      7) Медициналық мекеменің тексерілуге берілген дәрігерлік консультация комиссиясының жолдамасы (әрі қарай- ДКК);
      8) Отбасы мүшелерінің кірісі барысында мәлімет.
      2. Баспана жөндеу, су құбырын, жылу жүйесін, канализация өткізу:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) ӘЖК - көшірмесі;
      6) СТН - көшірмесі;
      7) Отбасы мүшелерінің кірісі барысында мәлімет.
      3. Тіс протездеу, есту аппаратын алу үшін:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) Медициналық мекеменің есту аппаратының қажеттігіне берілген (ДКК анықтамасы) тіс протезінің есепшот-фактурасы;
      8) Отбасы мүшелерінің кірісі барысында мәлімет.
      4. Телефон орнатуға:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) Отбасы мүшелерінің кірісі барысында мәлімет;
      8) Қазақтелеком АҚ, Жолаушылар телекоммуникацияларынан телефон жоқтығы барысында анықтама.
      5. Алғашқы қажеттілік ететін құжаттарды рәсімдеуге:
      1) Өтініш;
      2) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      3) Ерейментау қаласы, ауыл, селолық округ әкімдері өтінімдері;
      4) Отбасы мүшелерінің кірісі барысында мәлімет.
      6. Қазақстан Республикасы аймағы бойынша госпитальдық жол төлемі, операция төлеміне өтем:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) Отбасы мүшелерінің кірісі барысында мәлімет;
      8) Медициналық мекемеден операцияға және госпитализацияға жіберу жолдамасы.
      7. Отбасының бір мүшесінің қайтыс болуына қатысты шығыс өтемі:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) Отбасы мүшелерінің кірісі барысында мәлімет;
      8) Қайтыс болу куәлігі көшірмесі;
      9) Жерлеу өткізудегі анықтама.
      8. Аяғы ауыр әйелдерге:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) Медициналық мекемеден аяғы ауырлығын растайтын анықтама.
      9. Туберкулезбен ауыратындарға:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) ӘЖК - көшірмесі;
      6) Медициналық мекемеден амбулаторлық ем қабылдап жүруіне қатысты анықтама.
      10. Колледжде күндізгі оқу бөлімінде оқитын ауылдық мекендерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасылары және көпбалалы отбасылары студенттері оқуының ақысын төлемі:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) Оқу келісімінің көшірмесі;
      8) Оқу оқып жатқан орынын растайтын анықтама;
      9) Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын анықтама ( әрі қарай МЗТО).
      11. Ұлы отан соғысы ардагерлеріне өтініш бойынша үйлеріне және пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында бір реттік әлеуметтік көмек:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) ҰОС қатысушысы куәлігі көшірмесі;
      8) Ерейментау қаласы, ауыл, селолық округ әкімдерінен өтінім.
      12. ҰОС қатысушыларға тіс протезіне:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) ҰОС қатысушысы куәлігі көшірмесі;
      8) Медициналық мекемеден тіс протезіне мұқтаж екендігі жөнінде анықтама.
      13.Зейнеткерлерге, мүгедектерге, жалғыз басты азаматтарға кәмелет жасқа толмағандарға қамқоршы болып отырғандарға жаңа оқу жылына өтініштері бойынша бір реттік көмек:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) Балалардың туу туралы куәлігі көшірмесі. Әділет басқармасынан 4 - нысана, асыраушысынан айырылғаны барысында анықтама, қамқорға алу барысындағы қаулы;
      8) Мүгедектерге МЗТО–нан мүгедектігіне байланысты анықтама, зейнеткерлерге МЗТО–нан зейнетақы мөлшері анықтамасы.
      14. Жалғыз тұратын зейнеткерлерге және мүгедектерге тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жан басына шаққандағы орташа кіріс 25 айлық есеп көрсеткішінен аспаса:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) Мүгедектерге МЗТО–нан мүгедектігіне байланысты анықтама, зейнеткерлерге зейнетақы мөлшері анықтамасы;
      8) Ерейментау қаласы, ауыл, селолық округ әкімдерінен өтінім;
      9) Отбасы кірісі барысында мәлімет.
      15. Кірісті есепке алмай, өрт, су тасқыны, апат кездеріне өтім:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) Апаттық жағдайды растайтын құжаттың көшірмесі.
      16. Кірісін есепке алмай, денсаулық сақтау ұйымдарында тіркеуде тұрған онкологиялық науқастарға:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлік көшірмесі;
      3) Өтініш берушінің жеке есеп шотының көшірмесі;
      4) Алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) СТН – көшірмесі;
      6) ӘЖК - көшірмесі;
      7) Медициналық мекемеден анықтама - ДКК-анықтамасы.

      Аббревиатурасын таратып көрсету:
      ӘЖК - Әлеуметтік жеке коды
      СТН - Салық төлеушінің нөмірі
      МЗТО - Мемлекеттік зейнетақы төлем орталығы
      ДКК – Дәрігерлік консультациялық комиссия
      АҚ - Акционерлік қоғам
      ҰОС - Ұлы Отан соғысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады