Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі 4С-27/2-10 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 қыркүйекте № 1-9-158 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-42/8-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.12.13 № 4С-42/8-11 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік төлемдерге келесі азаматтардың құқықтары бар:
      1) Ерейментау ауданында тұрақты тұратын ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар) азаматтардың өтініштері бойынша бір жылда бір рет 30000 (отыз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда;
      денсаулығын тексертуге;
      тұрғын үйін жөндеуге;
      су құбырын, канализация, жылыту желілерін орнатуға;
      тістерді протездеуге;
      есту аппаратын сатып алуға;
      телефон орнатуға; алғашқы қажеттілік құжаттарын ресімдеуге;           Қазақстан Республикасының аумағындағы ауруханаға орналастыруға жол жүруге;
      операцияны төлеу жөніндегі өтемақыны төлеуге;
      отбасының бір мүшесі қайтыс болған жағдайда төленетін шығыстардың өтемақысын төлеуге;
      2) мүгедектер күніне Ерейментау қаласы, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің тексеру актілеріне сәйкес, 1, 2 топтағы мүгедектерге, сонымен қатар 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға 0,7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      3) қарттар күніне – банкрот болып танылған немесе жойылған ұйымдардың зейнеткерлеріне 0,7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оған теңдестірілген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жәрдемақылар мен кепілдемелер бойынша теңдестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына өтінішсіз келесі мереке күндеріне бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі;
      Ауғаныстаннан әскерлерді шығарған күніне орай–Ауғаныстандағы соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Чернобыль атом электр станциясында апатын жою күніне орай - Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектерге 1,4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      жеңіс күніне–Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне оған теңдестірілген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жәрдемақылар мен кепілдемелер бойынша теңдестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;
      Ұлы Отан соғысының қатысушы мен мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) 3000 (үш мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдары жігерлі еңбек еткен үшін медальдармен марапатталған тыл еңбеккерлеріне 3000 (үш мың) теңге;
      бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған фашистік концлагерь тұтқындарына 3000 (үш мың) теңге.
      5) саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне-өтінішсіз қуғын-сүргін азаматтарына бір жолғы әлеуметтік көмек 0,7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      6) туберкулезбен ауыратын науқастарға-өтініштері бойынша, амбулаториялық емделудегі азаматтардың тамақтануын күшейтуге, отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысынан бөлек, бір жылда бір рет 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      7) колледждерде оқудың күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлердегі табысы аз отбасылардың, көп балалы отбасылардың студенттері, оқулары үшін төлемге құқықтары бар, білім мекемесімен жасалған шарттың негізінде, бір жылда бір рет оқу құнының көлемінде;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына өтініштері бойынша пәтерлерін (үйлерін) жөндеуге бір жолғы көмек бір жылда бір рет 30000 (отыз мың) теңгеден аспайтын көлемде;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына өтініштері бойынша тістерін протездеуге бір жылда бір рет 10 айлық есептік көрсеткіш аспайтын көлемде;
      10) кәмелетке толмаған балаларға қамқоршы болып отырған зейнеткерлерге, мүгедектерге, жалғыз азаматтарға, оқу жылының басында өтініштері бойынша бір балаға 15000 (он бес мың) теңгеден аспайтын көлемде;
      11) нан мен негізгі азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты, кедейлік шегінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға ай сайын әрбір адамға 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      12) бұрынғы кәмелетке толмағандар концлагерьлер тұтқындарына коммуналдық қызметтер үшін шығындарға ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      13) жан басына шаққандағы орташа табысы 25 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге – тұрғын үйлерін жөндеуге, су құбырларын, канализация, жылу желілерін орнатуға, өтініштері бойынша бір жылда бір рет 30000 (отыз мың) теңгеден аспайтын көлемде;
      14) кірісті есепке алмай, өрт, су басу, апат жағдайында 150000 (жүз елу мың) теңгеден көп емес мөлшерде өтем ету;
      15) кірісті есепке алмай, денсаулық сақтау ұйымдарында тіркеуде тұрған онкологиялық науқастарға, дәрі-дәрмектер сатып алуға бір науқасқа 50000 (елу мың) теңгеден көп емес мөлшерде.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.02.25 № 4С-32/6-11 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2011.04.26 № 4С-35/6-11(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен
      3. «Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету туралы» Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 наурыздағы № 4С-24/2-10 шешімінің күші жойылды деп танылсын (№ 1-9-149 нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Ерейментау» аудандық газетінде 2010 жылдың 27 наурызында, «Ереймен» аудандық газетінде 2010 жылдың 27 наурызында жарияланған).
      4. Нақты шешім 2010 жылдың 1 сәуірінде пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
      5. Осы шешім Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   В.Житин

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ерейментау ауданының әкімі                 Н.Ә.Ережепов

      «Ерейментау ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалары
      бөлімі» ММ бастығы                         М.Л.Сердцева

      «Ерейментау ауданының
      қаржы бөлімі»
      ММ бастығы                                 А.Қ.Хасенов

      «Ерейментау ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» ММ бастығы               Қ.Ж.Құдабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады