Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 5С-5/6-12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Ерейментау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. «Азаматтарға тұрғын үй күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй көмегін тағайындау Ережесін бекіту туралы» Ерейментау ауданының мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4С-5/5-08 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің № 1-9-96 тізілімінде тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2008 жылдың 15 наурызында, аудандық «Ерейментау» газетінде 2008 жылдың 15 наурызында жарияланған),
«Ерейментау ауданының мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4С-5/5-08 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы», «Азаматтарға тұрғын үйдің күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 12 сәуірдегі № 4С-16/14-09 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің № 1-9-119 тізілімінде тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2009 жылдың 16 мамырында, аудандық «Ерейментау» газетінде 2009 жылдың 16 мамырында жарияланған),
«Ерейментау ауданының мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4С -5/5-08, «Азаматтарға тұрғын үйдің күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 4С -40/6-11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің № 1-9-179 тізілімінде тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2011 жылдың 10 қыркүйегінде, аудандық «Ерейментау» газетінде 2011 жылдың 10 қыркүйегінде жарияланған) шешімдердің күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ерейментау ауданының мәслихатының бюджет, қаржы, әлеуметтік- экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Н.Кравченко
Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы Қ.Махметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімі Л.Ж. Дүйсенов
Ерейментау аудандық мәслихатының
2011 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 4С-42/9-11 шешіміне
қосымша
Ерейментау ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсету
ережесі
Осы Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға абоненттік төлем тарифінің ұлғаюы өтеміне қатысты телекоммуникация қызметін көрсетудегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына, «Тұрғын үй жәрдемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 бекітілген қаулысына сәйкес құрастырылған.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй жәрдемі – аз қамсыздандырылған отбасыларына (азаматтарға) тұтыну төлемінің шығынын жабу үшін берілетін өтем.
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй –жайларды (пәтер) жалдаушылар болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар;
тұрғын үй меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абонентік төлемақының ұлғаюы бөлігіне байланысты қызметтер;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі;
2. Тұрғын үй жәрдемі Қазақстан Республикасының азаматтарына, Ерейментау ауданында тұрақты мекендейтін, тұрғын үйді меншіктеушілер немесе жалдаушылар болып табылатын тұлғаларға,егер тұрғын үй күтімінің және коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне арналған шығыны осы мақсаттарға лайықталған шекті шығын үлесімен отбасының бюджетінен асып кетсе, төленеді.
Тұрғын үй күтімінің және коммуналдық қызметті тұтыну төлемінің шекті шығын үлесі тоқсанға арналған, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегіне өтініш беріліп, отбасының жалпы табысының 15% пайызы шамасында белгіленеді.
3. Өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының мөлшері ретінде бір адамға 18 шаршы метрден белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормасы 30 шаршы метр болып белгіленеді, алайда бір бөлмелі пәтер алаңынан кем болмауы тиіс.
Коммуналдық қызметті (сумен жабдықтау, газ, канализация, жылу энергиясы, электрмен жабдықтау, қоқыс) тұтыну нормативтері іс жүзінде тұтынылған шамаға қарай, алайда нормативтік құжаттарға сәйкестелетін (құрылыс нормалары мен ережелері) шекті шамалардан асырылмайтын деңгейде белгіленген. Электроқуатты тұтыну нормасы тұтынылған шамаға қарай белгіленеді, бірақ отбасы құрамында бір адамнан үш адамаға дейін 150 (жүз елу) киловатт көп емес, төрт адамнан және одан да көп 200 (екі жүз) киловаттқа дейін. Тұрғын үйдің газбен жабықталмағаны және тамақ дайындау үшін электр тұрмыстық плиталары қолданылатыны жөніндегі тиісті құжат болғанда, белгіленген нормативтерден асқан электр қуатына төленетін төлем, тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша газбен жабдықтау үшін төленетін төлемнің есебіне есептелуі мүмкін, бірақ газбен жабдықтаудың белгіленген тұтыну нормалары мен тарифтері шегінде жүргізіледі.
Газды пайдалану нормасы – 1 адамға айына 8 килограмм.
4. Тұрғын үй көмегі келесі жағдайларда тұлғаларға тағайындалмайды:
1) жеке меншікте бір бірліктен артық тұрғын үйі немесе жалға беретін тұрғын үйі бар;
2) тұрғын үйді қаржыландыруды төлеу бойынша шығыстарға рұқсат берілетін шығыстардың үлесін арттыру кезінде;
3) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;
4) жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскерге бармаған және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалар бар: күтім қажет болып танылған мүгедектерді күтетін, диспансерлік тіркеуде тұрған туберкулездің белсенді түрімен ауыратын тұлғалар, олардың бір айдан артық емес стационарлық емделуде болуы кезінде, үш жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын жандарды, 1,2,3 топтағы мүгектерді есептемегенде, бұл отбасының тұрғын үй алуға құқығы болмайды.
5. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне (бұдан әрі – абонент) телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өтемін, телефонның абоненттік төлемінің ұлғайған айырмасын тұрғын үй күтімі мен коммуналды кызметті тұтынуға арналған шығын сомасына енгізу арқылы беріледі.
Телефонның абоненттік төлем тарифінің өтемін алу үшін абонент уәкілетті органға – «Ерейментау ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ (бұдан әрі – уәкілетті орган) тұрғын үй жәрдемін тағайындауға қажетті құжаттарымен келіп жолығады.
Тұрғын үй жәрдемінің мөлшері, абоненттік тариф төлемінің өсімінің айырмасы абонентік телефон төлемінен аса алмайды (аспауы керек).
2. Тұрғын үй жәрдемінің тағайындалуы
6. Тұрғын үй жәрдемін уәкілетті орган тағайындайды, ол өтініш иесінен құжат қабылданған айдан бастап ағымдағы тоқсан аяғына дейін құжаттарын қарастырып тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім шығарады. Тағайындалған тұрғын үй жәрдемін алушының жазбаша өтініші бойынша қызмет көрсетуші мекеменің шотына аударылады.
Тұрғын үй жәрдемі тұрғын үйдің меншік иесінің (жалға алушының) өтініші негізінде тағайындалады, оған айлық кіріс есептеледі.
1) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі,
2) алушының тұрақты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) пәтерге арналған құқығын дәлелдейтін құжаттар (ордер, жекешелендіру, айырбас, сауда – саттық, сыйға беру және жалға алу т.б. шарттары);
4) отбасының табысын куәландырылатын құжаттар;
5) Әділет басқармасынан № 1 нысанында алынатын жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы анықтамасы;
6) алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішін беру арқылы тоқсандық комуналдық жәрдем есеп шоттар;
7) телекоммуникация қызметінің түбіртегі немесе байланыс қызметін көрсету келісімінің көшірмесі;
8) жергілікті атқарушы органмен ұсынылған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысының мөлшері туралы есеп шот;
9) Әділет басқармасынан (жалғыз басты аналар үшін) № 4 нысанындағы анықтама.
Кондоминиум ортақ мүлікінің күрделі жөндеуіне шығынды өтемге құқылы отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 6 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа, ұсынады:
1) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлікін күрделі жөндеуге мақсатты жарналардың мөлшері туралы есеп шоььарды;
2) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлікін күрделі жөндеудін жекешелендірілген түрлерін өткізу үшін шығындар сметасының негізінде, жергілікті атқарушы органымен келісілген меншік иелердің және пәтер жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) ортақ жиналысында бекітілген және мөрмен, кондоминиум объектісінің басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің басқару органымен ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлікін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған әр айлық жарналар мөлшері туралы есеп шотты.
7. Тұрғын үй жәрдемін уәкілетті орган тағайындайды, ол өтініш иесінен кұжат қабылданғаннан күннен бастап он күннің ішінде құжаттарын қарастырады және тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім шығарады.
Тағайындалған тұрғын үй жәрдемі алушының жазбаша өтініші бойынша қызмет көрсетуші мекеменің шотына аударылады.
8. Тұрғын үй жәрдемін алушылар он күннің ішінде уәкілетті органды отбасы құрамының және отбасының біріккен табысының өзгерістері туралы мәлімдейді.
Жаңсақ мәлімет берілген нәтижесінде, артық төленген ақша сомасы ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
9. Ақпараттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемінен үмітті тұлғаның табысы туралы ақпарат сұратуға құқылы.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтың (отбасының) жиынтық кірісін есептеу
10. Азаматтың (отбасының) жиынтық кірісі (бұдан әрі – жиынтық кіріс) уәкілетті органмен тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу үшін анықталады.
11. Жиынтық кірісті анықтағанда Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде кез-келген кіріс көзінен белгіленген мерзім ішінде ақшалай не заттай алынған кірістің мына түрлері есептеледі:
1) еңбекақы түрінде алынған кіріс;
2) кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс;
3) мүліктік кіріс;
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, шәкіртақылар, әлеуметтік қолдаудың басқадай түрлері, тұрғын үй көмегінен, атаулы әлеуметтік көмектен, аз қамсыздандырылған отбасылардың он сегіз жасқа дейінгі балаларына арналған жәрдемнен, жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемнен, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемнен, ақшалай және заттай сипаттағы (құн бағасындағы) қайырымдылық көмегінен, республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ есепті кезеңде күнкөріс шегінің белгіленген шамасынан жалпы төмен сомада көрсетілген жұмыс берушілердің біржолғы төлемі мен материалдық көмегінен, азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протезделуге арналған сапар төлемінен, азаматтардың протезделу уақытындағы күтімінен, азаматтардың елді мекеннен тыс жерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құнынан, Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіріліп көрсетілген көмектің заттай түрлерінен: мүгедектерге бөлінген дәрі-дәрмек препараттары,
санаториялық-шипажай емі,
протез-ортопедиялық бұйымдар (дайындау және жөндеу),
қозғалыс құралдары (кресло-арбалар) және басқадай оңалту бұйымдары, оқушылардың білім алған кезеңіндегі тегін тамақтануынан өресі басқа;
5) балалары үшін және қамқорындағы басқалар үшін алынатын алимент;
6) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тәртібінде алынған бір реттік көмек;
7) ақшалай не заттай ұтыстар;
8) жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін пайда, үй жанындағы учаскеден түсетін пайданы есептемегенде.
12. Осы Ереженің 11 тармағында көрсетілген кірістің түрлеріне мыналар жатады:
1) табыстың барлық түрлері, сонымен қатар сыйақы, қосымша ақы, үстеме ақы;
2) контракт бойынша қызмет атқарып жатқан әскери қызметкерлер және ішкі істер органының басшысы және қатардағы қызметкерлер құрамының, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар категориясының қосымша және үстеме ақыны қоса есептегендегі ақшалай қосымша төлемге қанағаттанушылар.
13. Кәсіпкерлік қызметтен кіретін кіріске мыналар жатады:
1) өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім;
2) сатудан тыс операциялардан түскен түсім, оның ішінде: үлес-пайда, өтеусіз алынған ақшалай қаражат, мүлікті және қозғалмайтын мүлікті жалға беруден түскен түсім;
3) фермерлердің жиынтық кірісіне-салық органына тапсырған кіріс туралы декларацияда көрсетілген, ауыл-шаруашылық өнімдерін сатудан түскен нақты түсім енгізіледі. Бұл жағдайда жылдық кіріс алдағы он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі анықталып отырған мерзімінің жалпы жиынтық кірісіне енгізіледі.
4) сонымен қатар, жиынтық кірісті есептегенде шартты жер үлесін пайдаланудан және мүліктік пайдадан түскен кіріс есептеледі.
14. Жеке тұлғалардың мүліктік кірісіне, жеке тұлғаның тұрақты мекенжайы болып табылмайтын қозғалмайтын мүлік, инфляцияға сәйкес бағасына түзетулер енгізуді есепке ала отырып, сату бағасының өсуі жатады.
15. Жиынтық кірістің құрамына енгізіледі:
1) зейнетақының барлық түрлері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы әлеуметтік жәрдемақы және өтем төлемақылары, заңмен не басқа да нормативтік актілермен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жұмыс берушілердің шешімдерімен белгіленген тәртіпте тағайындалатын өтемақы;
2) жоғары оқу органдарының, арнайы орта білім беру және кәсіби-техникалық училищелердің студенттеріне, аспиранттарға, докторанттарға, кез-келген төлеу көзінен төленетін стипендиялар;
3) уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша төленетін жәрдемақы (оның ішінде бала күту үшін берілетін жәрдемақы);
4) бала тууына байланысты төленетін жәрдемақы;
5) үйде оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету.
16. Жиынтық кірістің құрамына балаларға және қамқорындағы басқалар үшін алынатын алименттер енгізіледі:
1) алынатын алименттер отбасының жиынтық кірісіне тиесілі және тағайындалған мерзімі бойынша есептеледі, алимент төлеуші азаматтың еңбекақысының қайта есептелуіне байланысты алынған қосымша ақша қарыз болып есептелмейді және отбасының жиынтық кірісінде тағайындалған уақыттан бастап есептеледі;
2) егер шешесіне (әкесіне) соттың шешімі бойынша алиментті төлеттіріп алуға қарсылық білдірілсе, сондай-ақ егер ерлі-зайыптылардың некесі бұзылса, бірақ шешесі (әкесі) оны әлі алмаса, жиынтық кіріс сот шешімінің көшірмесі тапсырылғанша алиментті есепке алмайды;
3) егер ерлі-зайыптылардың некесі бұзылмаған болса, бірақ олар жәрдемақыны тағайындау жөнінде арызданған сәтте әкесінен (шешесінен) алимент төлеттіріп алу туралы соттың шешімі қабылданса, отбасының жиынтық кірісін есептегенде бұған дейінгі әкесінің (шешесінің) кірісі есепке алынады.
17. Жиынтық кіріс құрамына жұмыс берушінің өндірістік жарақаттарға байланысты еңбекке жарамдығын жоғалтуына байланысты, заңмен белгіленген мөлшерде төлейтін бір реттік төлемдері және басқа да шығындар енгізіледі.
18. Отбасының жиынтық кірісіне үй жанындағы учаскеден түсетін пайданы есептемегенде, жеке қосалқы шаруашылығынан түскен пайда енгізіледі.
Отбасының бір тоқсандағы жиынтық кірісінде есептелетін кірістің мөлшері қалада (қала типіндегі поселкеде) және ауылдық жерде тұратын отбасы үшін есептеу көрсеткішінің бес есе мөлшерінде алынады.
19. Отбасының жиынтық кірісі жәрдемақы алу үшін арызданған тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бірінші күнінен бастап бірінші күніне дейін) отбасының құрамында есепке алынған барлық азаматтардың кірісін қоса есептеу жолымен анықталады.
20. Отбасының жиынтық кірісін есептеу мерзімінде оның құрамында өзгеріс болса, отбасының келген (кеткен) мүшесінің кірісі оның келген (кеткен) айынан бастап есептеледі.
Егер отбасы мүшелерінің бірі сот шешімі бойынша бас еркінен айрылған, не мәжбүрлі емделуге жіберілген болса, отбасының жиынтық кірісін есептегенде оның кірісі кеткен уақытына дейін есептеледі. Бірақ, көрсетілген отбасы мүшесінен алынатын алимент немесе басқа да сомалар отбасының жиынтық кірісіне енгізіледі.
Егер бұл азаматтар отбасында аталған себептерге байланысты толық мерзімде болмаған болса, олардың кірістері отбасының жиынтық кірісіне енгізілмейді.
21. Егер отбасы мүшелерінің бірі кіріс есептелетін тоқсан ішінде толық мерзім жұмыс істемесе, оның еңбекақысы жұмыс істеген осы тоқсанның барлық айларына түгел есептеледі, ал орташа айлық кірісі жалпы табыстың және басқа да кірістердің тоқсанның жұмыс істеген айларының күндеріне бөлу жолымен анықталады.
22. Отбасының құрамында деп есептелген, шет елде жұмыс істейтін азаматтардың жиынтық кірісінде еңбекақысы ұлттық ақша түрінде де шетелдік валюта түрінде де есептеледі. Бұл жағдайда шетелдік валюта түрінде алынған кіріс- отбасының жиынтық кірісін анықтау сәтінде Ұлттық банкпен белгіленген курс бойынша ұлттық валютаға аударылып есептеледі.
23. Авторлық қаламақы (келісім шарт болмаған жағдайда), сондай-ақ жаңалық ашу, өнер табу және рационализаторлық ұсыныстары үшін берілген сыйақылар отбасының жиынтық кірісіне оны алған айында енгізіледі.
24. Жұмыс беруші төлеген ссуданың, несиенің сомасы жиынтық кіріске енгізіледі және ссуда, несие берілген мерзімге оны төлеген сәттен бастап таратылады (бөліп төлеген уақытта – төленген сомаға және ссуда, несие берілген мерзімге сай).
4. Тұрғын үй жәрдемін қаржыландыру көзі
25. Тұрғын үй жәрдемінің төлемі тағайындалған соманы алушының жеке меншік шотына тіркеу жолымен немесе коммуналды қызметпен жабдықтаушыларға ақшаны аудару жолымен ай сайын жүргізіледі. Тұрғын үй төлемі кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, комммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындарын жартылай төлеу екінші деңгейдегі банк бөлімшелеріне кондоминиумнің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау кондоминиум объектісінің басқару органының жинақ шотына аударылады. Кондоминиум объектісінің органы және мердігер арасындағы келісімшартың орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрғын жайдың жеке меншік иелерінің ортақ жиналысының шешімімен жинақ шоттағы қаражатты пайдалану жүргізіледі.
26. Уәкілетті орган:
1) тұрғын үй жәрдемін көрсетуге арналып, бөлінген қаржыны тұрғын үй жәрдеміне үміткердің жеке өтінішіне – аманатына сәйкес коммуналды қызметпен жабдықтаушыларға аударады;
2) меншік иелеріне (жалға алушыларға) коммуналды қызмет төлеміне тағайындалған тұрғын үй жәрдемі сомасының құрама тізілімі, қаржы органдарына ай сайын ұсынылуын қамтамасыз етеді.
27. «Ерейментау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген шығындар тармағы шегінде тағайындалған сомалар бойынша ұсынылған құрама тізілімдер негізінде бағдарлама әкімгері – уәкілетті орган арқылы әрбір айда қаржыландыру жүргізіп отырады.
28. «Ерейментау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мескмесі қаржы бөлімі тұрғын үй жәрдемінің төлеміне арналған бюджет қаржысының дұрыс жұмсалуын бастапқы құжаттар бойынша кемінде жылына бір рет тексеріп отыруға міндетті.
29. Құжаттардың жаңсақ ресімделуі арқылы тұрғын үй жәрдемі заңсыз төленгені үшін, оған кінәлі болған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.