Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.12.13 № 4С-42/9-11 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Азаматтарға тұрғын үйдің күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету Ережесін бекіту туралы» Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4С-5/5-08 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің № 1-9-96 Тізілімінде тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2008 жылдың 15 наурызында, аудандық «Ерейментау» газетінде 2008 жылдың 15 наурызында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген азаматтарға тұрғын үйдің күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережелерінде:
2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Тұрғын үй күтімінің және коммуналдық қызметті тұтыну төлемінің шекті шығын үлесі тоқсанға арналған, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегіне өтініш беріліп, отбасының жалпы табысының 15% пайызы шамасында белгіленеді. Тұрғын үй күтімі және коммуналдық қызметті тұтынуға белгіленген алаң мөлшерінен тыс төлем жалпы негіздемелер бойынша жүргізіледі.
Тұрғын үй күтімінің және коммуналдық қызметті тұтыну төлемінің шекті шығын үлесі тоқсанға арналған, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегіне өтініш беріліп, отбасының жалпы табысының 15% пайызы шамасында белгіленеді.
Тұрғын үй күтімі және коммуналдық қызметті тұтынуға белгіленген алаң мөлшерінен тыс төлем жалпы негіздемелер бойынша жүргізіледі.»
3-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«3. Өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының мөлшері ретінде бір адамға 18 шаршы метрден белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормасы 30 шаршы метр болып белгіленеді, алайда бір бөлмелі пәтер алаңынан кем болмауы тиіс.
Коммуналдық қызметті (сумен жабдықтау, газ, канализация, жылу энергиясы, қоқыс) тұтыну нормативтері іс жүзінде тұтынылған шамаға қарай, алайда нормативтік құжаттарға сәйкестелетін (құрылыс нормалары мен ережелері) шекті шамалардан асырылмайтын деңгейде белгіленген. Электроқуатты тұтыну нормасы тұтынылған шамаға қарай белгіленеді, бірақ отбасы құрамында бір адамнан үш адамға дейін 150 (жүз елу) киловаттан көп емес, төрт адамнан және одан да көп адамнан тұратын отбасына 200 (екі жүз) киловатқа дейін. Тұрғын үйдің газбен жабдықталмағаны және тамақ дайындау үшін электр тұрмыстық плиталары қолданылатыны жөніндегі тиісті құжат болғанда, белгіленген нормативтерден асқан электр қуатына төленетін төлем, тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша газбен жабдықтау үшін төленетін төлемнің есебіне есептелуі мүмкін, бірақ газбен жабдықтаудың белгіленген тұтыну нормалары мен тарифтері шегінде жүргізіледі.»
4-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«4. Егер отбасында біреуден артық тұрғын үй немесе жалға тапсырылатын болса, жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскерге бармаған және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалар бар болса онда:
- күтім қажет болып танылған мүгедектерді күтетін;
- үш жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын жандарды;
- 1,2,3 топтағы мүгектерді есептемегенде, бұл отбасының тұрғын үй алуға құқығы болмайды.»
6-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«6. Тұрғын үй жәрдемін өтініш иесінен өтініш қабылданған айдан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейін уәкілетті орган тағайындайды. Тұрғын үй жәрдемін беру туралы өтініш отбасы мүшесінің біреуінен ғана қабылдануы мүмкін. Тұрғын үй жәрдемінің көлемін анықтау үшін өтініш берілген алдыңғы тоқсандағы отбасының тоқсандағы орташа айлық кірісі есептеледі.
Тұрғын үй жәрдемі тұрғын үйдің меншік иесінің (жалға алушының) өтініші және оған берілген құжаттар негізінде тағайындалады:
1) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі,
2) өтініш берушінің (СТК) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
3) өтініш берушінің әлеуметтік жеке коды (СТН);
4) азаматтарды тіркеу кітабы көшірмесі;
5) пәтерге арналған құқығын дәлелдейтін құжаттар (ордер, жекешелендіру, айырбас, сауда – саттық, сыйға беру және жалға алу т.б. шарттары);
6) отбасының табысын куәландырылатын құжаттар;
7) Әділет басқармасынан № 2 нысанында алынатын жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы анықтамасы;
8) алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішін беру арқылы тоқсандық коммуналдық жәрдем есеп шоттар;
9) телекоммуникация қызметінің түбіртегі немесе байланыс қызметін көрсету келісімінің көшірмесі;
10) Әділет басқармасынан (жалғыз басты аналар үшін) № 4 нысанындағы анықтама;
8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«8. Тұрғын үй жәрдемін алушылар он күннің ішінде уәкілетті органды отбасы құрамының және отбасының біріккен табысының өзгерістері туралы мәлімдейді.
Жаңсақ мәлімет берілген нәтижесінде, артық төленген ақша сомасы ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.»
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы С.Мухантаева
Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы хатшысы Қ.Махметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының
әкімі Л.Ж.Дюсенов
«Ерейментау ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы М.Л.Сердцева