Азаматтарға тұрғын үйдің күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4С-5/5-08 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 ақпанда № 1-9-96 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-42/9-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.12.13 № 4С-42/9-11 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Азаматтарға тұрғын үйдің күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету Ережесі бекітілсін (қосымша).
      2. Осы шешім Әділет басқармасында тіркелген күннен күшіне енеді  және ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009.04.21 № 4С-16/14-09 (ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      3. Ерейментау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 2 наурыздағы № С-38/6 "Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, байланыс қызметіне және коммуналдық қызметтерге төлем жасауға тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (2007 жылғы 25 наурыздағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-9-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 37 аудандық «Ереймен» газетінде мемлекеттік тілде, 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 37 аудандық «Ерейментау» газетінде орыс тілінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009.04.21 № 4С-16/14-09 (ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ерейментау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б.Молдажанова

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      Келісілді

      Ерейментау ауданының әкімі                 Н.Ә.Ережепов

      "Ерейментау ауданының
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы           С.Қ.Көшкінбаев

      "Ерейментау ауданының
      Қаржы бөлімі" ММ бастығы                   А.Қ.Хасенов

      "Ерейментау ауданының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі ММ бастығы                Қ.Ж.Құдабаев

Ерейментау аудандық
мәслихатының 2008 жылғы
12 ақпандағы № 4С-5/5-08
шешімімен бекітілген

Азаматтарға тұрғын үйдің күтіміне,
байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет
төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй жәрдемі - тұрғын үй күтімінің (жеке тұрғын үй күтімінен өзгесі), байланыс қызметінің және коммуналдық қызметті тұтыну төлемінің шығынын жабу үшін азаматтарға берілетін өтем.
      2. Тұрғын үй күтімінің және коммуналдық қызметті тұтыну төлемінің шекті шығын үлесі тоқсанға арналған, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегіне өтініш беріліп, отбасының жалпы табысының 15% пайызы шамасында белгіленеді. Тұрғын үй күтімі және коммуналдық қызметті тұтынуға белгіленген алаң мөлшерінен тыс төлем жалпы негіздемелер бойынша жүргізіледі.
      Тұрғын үй күтімінің және коммуналдық қызметті тұтыну төлемінің шекті шығын үлесі тоқсанға арналған, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегіне өтініш беріліп, отбасының жалпы табысының 15% пайызы шамасында белгіленеді.
      Тұрғын үй күтімі және коммуналдық қызметті тұтынуға белгіленген алаң мөлшерінен тыс төлем жалпы негіздемелер бойынша жүргізіледі.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.09.27 № 4С-40/6-11 (ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      3. Өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының мөлшері ретінде бір адамға 18 шаршы метрден белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормасы 30 шаршы метр болып белгіленеді, алайда бір бөлмелі пәтер алаңынан кем болмауы тиіс.
      Коммуналдық қызметті (сумен жабдықтау, газ, канализация, жылу энергиясы, қоқыс) тұтыну нормативтері іс жүзінде тұтынылған шамаға қарай, алайда нормативтік құжаттарға сәйкестелетін (құрылыс нормалары мен ережелері) шекті шамалардан асырылмайтын деңгейде белгіленген. Электроқуатты тұтыну нормасы тұтынылған шамаға қарай белгіленеді, бірақ отбасы құрамында бір адамнан үш адамға дейін 150 (жүз елу) киловаттан көп емес, төрт адамнан және одан да көп адамнан тұратын отбасына 200 (екі жүз) киловатқа дейін. Тұрғын үйдің газбен жабдықталмағаны және тамақ дайындау үшін электр тұрмыстық плиталары қолданылатыны жөніндегі тиісті құжат болғанда, белгіленген нормативтерден асқан электр қуатына төленетін төлем, тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша газбен жабдықтау үшін төленетін төлемнің есебіне есептелуі мүмкін, бірақ газбен жабдықтаудың белгіленген тұтыну нормалары мен тарифтері шегінде жүргізіледі.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.09.27 № 4С-40/6-11 (ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      4. Егер отбасында біреуден артық тұрғын үй немесе жалға тапсырылатын болса, жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскерге бармаған және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалар бар болса онда:
      - күтім қажет болып танылған мүгедектерді күтетін;
      - үш жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын жандарды;
      - 1,2,3 топтағы мүгектерді есептемегенде, бұл отбасының тұрғын үй алуға құқығы болмайды.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.09.27 № 4С-40/6-11 (ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      5. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне (бұдан әрі - абонент) телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өтемі телефонның абоненттік төлемінің ұлғайған айырмасын тұрғын үй күтімі мен коммуналдық қызметті тұтынуға арналған шығын сомасына енгізу арқылы беріледі.
      Телефонның абоненттік төлем тарифының өтемін алу үшін абонент уәкілетті органға - "Ерейментау ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (бұдан әрі - уәкілетті орган) тұрғын үй жәрдемін тағайындауға қажетті құжаттарымен келіп жолығады.
      Тұрғын үй жәрдемінің абоненттік төлем тарифының өсіміне лайықталған бөлімі телефонның абоненттік төлем өсімінің айырмасынан аса алмайды (аспау керек).

2. Тұрғын үй жәрдемінің тағайындалуы

      6. Тұрғын үй жәрдемін өтініш иесінен өтініш қабылданған айдан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейін уәкілетті орган тағайындайды. Тұрғын үй жәрдемін беру туралы өтініш отбасы мүшесінің біреуінен ғана қабылдануы мүмкін. Тұрғын үй жәрдемінің көлемін анықтау үшін өтініш берілген алдыңғы тоқсандағы отбасының тоқсандағы орташа айлық кірісі есептеледі.
      Тұрғын үй жәрдемі тұрғын үйдің меншік иесінің (жалға алушының) өтініші және оған берілген құжаттар негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі,
      2) өтініш берушінің (СТК) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
      3) өтініш берушінің әлеуметтік жеке коды (СТН);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы көшірмесі;
      5) пәтерге арналған құқығын дәлелдейтін құжаттар (ордер, жекешелендіру, айырбас, сауда – саттық, сыйға беру және жалға алу т.б. шарттары);
      6) отбасының табысын куәландырылатын құжаттар;
      7) Әділет басқармасынан № 2 нысанында алынатын жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы анықтамасы;
      8) алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішін беру арқылы тоқсандық коммуналдық жәрдем есеп шоттар;
      9) телекоммуникация қызметінің түбіртегі немесе байланыс қызметін көрсету келісімінің көшірмесі;
      10) Әділет басқармасынан (жалғыз басты аналар үшін) № 4 нысанындағы анықтама.
      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.09.27 № 4С-40/6-11 (ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      7. Тұрғын үй жәрдемін уәкілетті орган тағайындайды, ол өтініш иесінен құжат қабылданған күнінен бастап он күннің ішінде құжаттарын қарастырады және тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім шығарады.
      Тағайындалған тұрғын үй жәрдемі алушының жазбаша өтініші бойынша қызмет көрсетуші мекеменің шотына аударылады.
      8. Тұрғын үй жәрдемін алушылар он күннің ішінде уәкілетті органды отбасы құрамының және отбасының біріккен табысының өзгерістері туралы мәлімдейді.
      Жаңсақ мәлімет берілген нәтижесінде, артық төленген ақша сомасы ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.09.27 № 4С-40/6-11 (ресми жарияланған кезінен қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      9. Ақпараттық дұрыстығына күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемінен үмітті тұлғаның табысы туралы ақпарат сұратуға құқылы.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтың
(отбасының) жиынтық кірісін есептеу

      10. Азаматтың (отбасының) жиынтық кірісі (бұдан әрі - жиынтық кіріс) уәкілетті органмен тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу үшін анықталады.
      11. Жиынтық кірісті анықтағанда Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде кез-келген кіріс көзінен белгіленген мерзім ішінде ақшалай не заттай алынған кірістің мына түрлері есептеледі:
      1) еңбекақы түрінде алынған кіріс;
      2) кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс;
      3) мүліктік кіріс;
      4) мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, шәкіртақылар, әлеуметтік қолдаудың басқада түрлері, тұрғын үй көмегінен, атаулы әлеуметтік көмектен, аз қамсыздандырылған отбасылардың он сегіз жасқа дейінгі балаларына арналған жәрдемнен, жерлеуге берілетін бір жолғы жәрдемнен, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемнен, ақшалай және заттай сипаттағы (құн бағасындағы) қайырымдылық көмегінен, республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ есепті кезеңде күнкөріс шегінің белгіленген шамасынан жалпы төмен сомада көрсетілген жұмыс берушілердің біржолғы төлемі мен материалдық көмегінен, азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протезделуге арналған сапар төлемінен, азаматтардың протезделу уақытындағы күтімінен, азаматтардың елді мекеннен тыс жерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құнынан, Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіріліп көрсетілген көмектің заттай түрлерінен мүгедектерге бөлінген дәрі-дәрмек препараттары, санаториялық-шипажай емі, протез-ортопедиялық бұйымдар (дайындау және жөндеу), қозғалыс құралдары (кресло-арбалар) және басқадай оңалту бұйымдары, оқушылардың білім алған кезеңіндегі тегін тамақтануынан өресі;
      5) балалары үшін және қамқорындағы басқалар үшін алынатын алимент;
      6) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тәртібінде алынған бір реттік көмек;
      7) ақшалай не заттай ұсыныстар;
      8) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін пайда, үй жанындағы учаскеден түсетін пайданы есептемегенде.
      12. Осы ереженің 11 тармағында көрсетілген кірістің түрлеріне мыналар жатады:
      1) табыстың барлық түрлері сонымен қатар сыйақы, қосымша ақы, үстеме ақы;
      2) контракт бойынша қызмет атқарып жатқан әскери қызметкерлерге және ішкі істер органының басшы және қатардағы қызметкер құрамының, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар категориясының қосымша және үстеме ақыны қоса есептегендегі ақшалай жабдықтауы.
      13. Кәсіпкерлік қызметтен кіретін кіріске мыналар жатады:
      1) өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім;
      2) сатудан тыс операциялардан түскен түсім, оның ішінде: үлес-пайда, өтеусіз алынған ақшалай қаражат, мүлікті және қозғалмайтын мүлікті жалға беруден түскен түсім;
      3) фермерлердің жиынтық кірісіне - салық органына тапсырған кіріс туралы декларацияда көрсетілген, ауыл-шаруашылық өнімдерін сатудан түскен нақты түсім енгізіледі. Бұл жағдайда жылдық кіріс алдағы он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі анықталып отырған мерзімнің жалпы жиынтық кірісіне енгізіледі.
      4) сонымен қатар, жиынтық кірісті есептегенде шартты жер үлесін пайдаланудан және мүліктік пайдан түскен кіріс есептеледі.
      14. Жеке тұлғалардың мүліктік кірісіне, инфляцияға сәйкес бағасына түзетулер енгізуді есепке ала отырып, сату бағасының өсуі жатады жеке тұлғаның тұрақты мекені табылмайтын қозғалмайтын мүлік.
      15. Жиынтық кірістің құрамына енгізіледі:
      1) зейнетақының барлық түрлері және заңмен не басқа да  нормативтік актілермен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жұмыс берушілердің шешімдерімен белгіленген тәртіпте тағайындалатын өтемақы;
      2) жоғары оқу органдарының, арнайы орта білім беру және кәсіби-техникалық училищелердің студенттеріне, аспиранттарға, докторанттарға, кез-келген төлеу көзінен төленетін стипендиялар;
      3) уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша төленетін жәрдемақы (оның ішінде бала күту үшін берілетін жәрдемақы);
      4) бала тууына байланысты төленетін жәрдемақы;
      5) үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету.
      16. Жиынтық кірістің құрамына балаларға және қамқорындағы басқалар үшін алынатын алименттер енгізіледі:
      1) алынатын алименттер отбасының жиынтық кірісіне тиесілі және тағайындалған мерзімі бойынша есептеледі; алимент төлеуші азаматтың еңбекақысының қайта есептелуіне байланысты алынған қосымша ақша қарыз болып есептелмейді және отбасының жиынтық кірісінде тағайындалған уақыттан бастап есептеледі;
      2) егер шешесіне (әкесіне) соттың шешімі бойынша алиментті төлеттіріп алуға қарсылық білдірілсе, сондай-ақ егер ерлі-
зайыптылардың некесі бұзылса, бірақ шешесі (әкесі) оны әлі алмаса, жиынтық кіріс сот шешімінің көшірмесі тапсырылғанша алиментті есепке алмайды;
      3) егер ерлі-зайыптылардың некесі бұзылмаған болса, бірақ олар жәрдемақыны тағайындау жөнінде арызданған сәтте әкесінен (шешесінен) алимент төлеттіріп алу туралы соттың шешімін қабылданса, отбасының жиынтық кірісін есептегенде бұған дейінгі әкесінің (шешесінің) кірісі есепке алынады.
      17. Жиынтық кіріс құрамына жұмыс берушінің өндірістік жарақаттарға байланысты еңбекке жарамдылығын жоғалтуына байланысты, заңмен белгіленген мөлшерде төлейтін бір реттік төлемдері және басқа да шығындар енгізіледі.
      18. Отбасының жиынтық кірісіне үй жанындағы учаскеден түсетін пайданы есептемегенде, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен пайда енгізіледі.
      Отбасының бір тоқсандағы жиынтық кірісінде есептелетін кірістің мөлшері (қала типіндегі поселкеде) және ауылдық жерде тұратын отбасы үшін есептеу көрсеткішінің бес есе мөлшерінде алынады.
      19. Отбасының жиынтық кірісі жәрдемақы алу үшін арызданған тоқсанның алдындағы (бірінші күннен бастап бірінші күніне дейін) отбасының құрамында есепке алынған барлық азаматтардың кірісін қос есептеу жолымен анықталады.
      20. Отбасының бір тоқсандағы орташа айлық жиынтық кірісі отбасының осы ішіндегі жиынтық кірісін тоқсан ішіндегі айларға бөлу жолымен есептеледі.
      21. Отбасының жиынтық кірісін есептеу мерзімінде оның құрамында өзгеріс болса, отбасының келген (кеткен) мүшесінің кірісі оның келген (кеткен) айынан бастап есептеледі.
      Егер отбасы мүшелерінің бірі сот шешімі бойынша бас еркінен айрылған, не мәжбүрлі емделуге жіберілген болса, отбасының жиынтық кірісін есептегенде оның кірісі кеткен уақытына дейін есептеледі. Бірақ, көрсетілген отбасы мүшесінен алынатын алимент немесе басқа да сомалар отбасының жиынтық кірісіне енгізіледі.
      Егер бұл азаматтар отбасында аталған себептерге байланысты толық мерзімде болмаған болса, олардың кірістері отбасының жиынтық кірісіне енгізілмейді.
      22. Егер отбасы мүшелерінің бірі кіріс есептелетін тоқсан ішінде толық мерзім жұмыс істемесе, оның еңбекақысы жұмыс істеген осы тоқсанның барлық айларына түгел есептеледі, ал орташа айлық кірісі жалпы табыстың және басқа да кірістердің тоқсанның жұмыс істеген айларының күндеріне бөлу жолымен анықталады.
      23. Отбасының құрамында деп есептелген, шет елде жұмыс істейтін азаматтардың жиынтық кірісінде еңбекақысы ұлттық ақша түрінде де шетелдік валюта түрінде де есептеледі. Бұл жағдайда шетелдік валюта түрінде алынған кіріс - отбасының жиынтық кірісін анықтау сәтінде Ұлттық банкпен белгіленген курс бойынша ұлттық валютаға аударылып есептеледі.
      24. Авторлық қаламақы (келісім шарт болмаған жағдайда), сондай-ақ жаңалық ашу, өнер табу және рационализаторлық ұсыныстары үшін берілген сыйақылар отбасының жиынтық кірісіне оны алған айында енгізіледі.
      25. Жұмыс беруші төлеген ссуданың, несиенің сомасы жиынтық кіріске енгізіледі және ссуда, несие берілген мерзімге оны төлеген сәттен бастап таратылады (бөліп төлеген уақытта - төлеген сомаға және ссуда, несие берілген мерзімге сай).

4. Тұрғын үй жәрдемін қаржыландыру көзі

      26. Тұрғын үй жәрдемінің төлемі тағайындалған соманы алушының жеке меншік шотына тіркеу жолымен немесе коммуналдық қызметпен жабдықтаушыларға ақшаны аудару жолымен ай сайын жүргізіледі.
      27. Барлық меншік үлгісіндегі үйлерде тұратын тұлғалардың тұрғын үй жәрдемінің төлемін қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен, ал телефонның өтемі республикалық бюджет қаржысының есебінен жүргізіледі.
      28. Уәкілетті орган:
      1) тұрғын үй жәрдемін көрсетуге арналып бөлінген қаржыны тұрғын үй жәрдеміне үміткердің жеке өтінішіне - аманатына сәйкес коммуналдық қызметпен жабдықтаушыларға аударады;
      2) меншік иелеріне (жалға алушыларға) коммуналдық қызмет төлеміне тағайындалған тұрғын үй жәрдемі сомасының құрама тізілімінің қаржы органдарына ай сайын ұсынылуын қамтамасыз етеді.
      29. "Ерейментау ауданының қаржы бөлімі" ММ (бұдан әрі - Қаржы бөлімі) бекітілген шығындар тармағы шегінде тағайындалған сомалар бойынша ұсынылған құрама тізімдер негізінде бағдарлама әкімгері - уәкілетті орган арқылы әрбір айда қаржыландыру жүргізіп отырады.
      30. Қаржы бөлімі тұрғын үй жәрдемінің төлеміне арналған бюджет қаржысының дұрыс жұмсалуын бастапқы құжаттар бойынша кемінде жылына бір рет тексеріп отыруға міндетті.
      31. Құжаттардың жаңсақ ресімделуі арқылы тұрғын үй жәрдемі заңсыз төленгені үшін, оған кінәлі болған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады