Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 29.08.2017 № 17/4 (ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 422 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының15 тармақшасына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданы аумағындағы тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы № 14/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-11-101 тіркелген, 2009 жылғы 10 сәуірде аудандық "Жаңа Есіл" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы";
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін, айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін:
1)ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер – 1 айлық есептік көрсеткіш;
2)бильярд үстелі – 3 айлық есептік көрсеткіш;
3)бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – 3 айлық есептік көрсеткіш;
4)біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 4 айлық есептік көрсеткіш;
5)ойын жолы – 5 айлық есептік көрсеткіш;
6)карт – 4 айлық есептік көрсеткіш.".
2.Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Жаңабергенов |
Аудандық мәслихат хатшысы |
С.Құдабаев |
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі | Қ.Рахметов |
"Есіл ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы |
А.Есжанов |