Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 27.03.2012 № 5С-2-5 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жақсы ауданы әкімінің 2011 жылғы 27 қаңтарындағы № 01-79 хатын қарастырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары:
1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2011.11.11 № ВС-37-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
отыз екінші сессиясының
төрағасы Б.Жанәділов
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі И.Қабдуғалиев
«Жақсы ауданының экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Дүзелбаев