2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 наурыздағы № С-32-6 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 наурызда № 1-13-129 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 5С-2-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 27.03.2012 № 5С-2-5 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жақсы ауданы әкімінің 2011 жылғы 27 қаңтарындағы № 01-79 хатын қарастырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары:
      1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2011.11.11 № ВС-37-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық
      мәслихатының кезекті
      отыз екінші сессиясының
      төрағасы                                   Б.Жанәділов

      Жақсы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Жанәділов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жақсы ауданының әкімі                      И.Қабдуғалиев

      «Жақсы ауданының экономика
      және қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Қ.Дүзелбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады