Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 27.03.2012 № 5С-2-5 шешімімен.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының «2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2011 жылғы 04 наурыздағы № С-32-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-13-129 тіркелген, 2011 жылдың 29 ақпанында аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары:
1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының
кезектен тыс отыз жетінші
сессиясының төрағасы Б.Жанәділов
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі И.Қабдуғалиев
«Жақсы ауданының экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Дүзелбаев