Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 06.12.2012 № 9/4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Сандықтау ауданының аумағында қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандары үшін біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Сандықтау ауданының нарықтарында қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандар, заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлер үшін біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Сыркин
Аудандық мәслихат
хатшысы Ш.Сабержанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Салық
комитетінің Ақмола облысы
бойынша Салық департаментінің
«Сандықтау ауданы бойынша
Салық басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы М.Мұстафин
«Сандықтау ауданының
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Мурашиди
Сандықтау аудандық мәслихатының
2011 жылғы 28 маусымдағы
27/8 шешіміне 1 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын
(стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) Қазақстан Республикасы азаматтары,
оралмандары үшін біржолғы талондардың құны
№ |
Жүзеге асырылатын қызмет түрлері бойынша тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы |
Бір күнгі біржолғы талонның құны (теңге) |
1. |
Жүзеге асыру (стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) |
|
1) |
Газеттер мен журналдар |
80 |
2) |
Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материалдарды (екпелер, көшет) |
250 |
3) |
Бақша дақылдарын |
1000 |
4) |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді |
200 |
5) |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық, және саяжай учаскелерінің өнімдерін |
540 |
6) |
Үй жануарлары мен құстарға жем |
1250 |
7) |
Сыпырғылар, сыпыртқылар |
50 |
8) |
Орман жидегі |
200 |
9) |
Бал |
300 |
10) |
Саңырауқұлақтар |
210 |
11) |
Балықтар |
300 |
2. |
Жер учаскелерін өңдеу бойынша меншік тракторлар иелерінің қызметтері |
2000 |
3. |
Үй жануарлары мен құстарды бағу |
100 |
Сандықтау аудандық мәслихатының
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 27/8 шешіміне 2 қосымша
Сандықтау ауданының нарықтарында қызметі
дүркін-дүркін сипатта болатын (стационарлық
үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда)
Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандар, заңды
тұлғалар жеке кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылатын
біржолғы талондардың құны
№ |
Жүзеге асырылатын қызмет түрлері бойынша тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы |
Бір күнгі біржолғы талонның құны (теңге) |
1) |
ет |
1500 |
2) |
сүт өнімдері |
100 |
3) |
көкөністер мен жемістер |
300 |
4) |
шекілдеуік |
50 |
5) |
нан–тоқаштар бұйымдары |
120 |