Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.03.2018 № 315 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 - IV Кодексінің 422 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 3-1-127 санымен тіркелген, 2010 жылғы 3 ақпандағы № 17-18 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы" ММ бастығы Б.А. Танабергеновке жүктелсін.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрайымы |
Ақтөбе қалалықмәслихатының хатшысы |
М. Әбдірахманова | С. Шынтасова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясының 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 353 шешіміне қосымша |
Салықтың бірыңғай ставкалары
р/с | Салық салу объектілер | Ставкасы (айлық есептік көрсеткіштерде) |
1 | Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы | 4 |
2 | Бірнеше ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы | 8 |
3 | Ойын өткізу үшін қолданатын жеке компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы (боулинг бойынша) | 41 |
5 | Бильярд үстелі | 12 |
6 | Карт | 8 |