Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2010 жылдың 25 қаңтарда № 3-1-127 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 315 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.03.2018 № 315 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауында, мәтінінде және қосымшада қазақ тілінде "ставкаларын", "ставкалары", "ставкасы" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 26.04.2017 № 182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы № 99-IV Кодексінің 422 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Тіркелген жиынтық салық мөлшерін белгілеу туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 17 қаңтардағы № 3-1-66 санымен тіркелген, 2007 жылғы 23 қаңтарда № 9 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған, "Тіркелген жиынтық салық мөлшерін белгілеу туралы" 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 112 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 3-1-102 санымен тіркелген, 2009 жылғы 22 қаңтарда № 9-10 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған, "Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы" 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 303 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2009 жылғы 27 қазандағы № 190 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 8 желтоқсанда № 3-1-122 санымен тіркелген, 2009 жылғы 15 желтоқсанда № 151-152 "Ақтөбе" және № 150-151 "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескеріп) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы" ММ бастығы С.М. Лиге жүктелсін.

      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
      М. Сәрсембаев С. Шынтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті жиырма бірінші
сессиясының 2009 жылғы
24 желтоқсандағы
№ 215 шешіміне қосымша

Салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2011.04.27 № 353 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

р/с

Салық салу объектілер

Мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіштерде)

1

Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

2

Бірнеше ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

8

3

Ойын өткізу үшін қолданатын жеке компьютер

2

4

Ойын жолы (боулинг бойынша)

41

5

Бильярд үстелі

12

6

Карт

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады