Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 315 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2018 жылғы 18 сәуірде № 3-1-186 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 520 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.02.2020 № 520 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 7-баптарына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
А. Кабиев
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шынтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 315 шешіміне 1 қосымша

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

р/с

Салық салу объектілері

Мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіштерде)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

8

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы (боулинг бойынша)

41

5

Карт

8

6

Бильярд үстелі

12

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

40

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 315 шешіміне 2 қосымша

Ақтөбе қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілері

      1) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-127 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 ақпанда "Ақтөбе" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 353 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-153 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 мамырда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      3) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 182 "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5493 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 мамырда "Ақтөбе" газетінде және 2017 жылғы 23 мамырда "Актюбинский вестник" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады