Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 27.06.2013 № 101 шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 95 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 66 «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына және 7 бабының 3 тармағына 4) тармақшасына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
1. Әйтеке би аудандық бюджет қаражаты есебiнен ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебiнен отын сатып алу үшiн бiр жолғы өтемақы 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемiнде әлеуметтiк көмек берiлсiн.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 95 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылғы 1 қазаннан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы: хатшысы:
Ж.Қасымов А.Ермағамбет