Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 қазандағы № 263 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 қарашада № 3-2-122 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 27.06.2013 № 101 шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 95 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 66 «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына және 7 бабының 3 тармағына 4) тармақшасына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Әйтеке би аудандық бюджет қаражаты есебiнен ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебiнен отын сатып алу үшiн бiр жолғы өтемақы 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемiнде әлеуметтiк көмек берiлсiн.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 95 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылғы 1 қазаннан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудандық мәслихаттың              Аудандық мәслихаттың
        сессия төрағасы:                      хатшысы:

           Ж.Қасымов                       А.Ермағамбет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады