Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 2012.05.25 № 02-870 Хаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Байғанин ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тіркеу өткізу шараларын орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
2. Ұсынылсын:
1) "Байғанин аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2) Байғанин ауданы ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
3. Селолық округ әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілерді және шақырылушыларды хабардар етуді, олардың дер кезінде "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
4. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2012 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
5. Аудан әкімінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 9 "1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-4-106 тіркелген, 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 2 (7050) "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: | Б.Кемешов |