Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімінің 2011.12.07 № 18 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы» ережесіне сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 1994 жылы туылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеу 2011 жылдың қаңтар – наурыз айларында өткізілсін.
2. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (А.Құлниязов):
тіркеуді жүргізуге қажетті адамдармен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастырсын;
келмеген шақырылушыларды іздестіріп, бақылайтын топ құрып, оның құрамына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен, селолық округ әкімдері аппараттарынан, аудандық ішкі істер бөлімінен өкілдер енгізуді қамтамасыз етсін.
3. Селолық округ әкімдері:
1994 жылы туылған азаматтардың тіркеу учаскелеріне уақытылы жеткізілуі үшін мекемелерден, мектептерден арнаулы көліктер ұйымдастырсын.
4. Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі (Е.Құлжан):
тіркеу кезінде анықталған орта білімі жоқ жастарды өздерінің тұрақты мекен-жайы бойынша орта мектептерге бекітіп, оларды оқытуды ұйымдастыруды қатаң бақылауға алсын.
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ш.Спанова):
тіркеуге дайындық жүргізуге және тіркеу кезінде құжаттарды толтыруға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне көмек беру үшін 2011 жылдың 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығындағы уақытқа қоғамдық ақылы жұмысшылар қатарынан 7 адам бөлсін.
6. Аудандық «Орталық аурухана» МҚКК (М.Жазықов):
тіркеу барысында анықталған науқас азаматтарды емдеу мекемелеріне тұрақты бекітіп, оларды жан-жақты сауықтыру шараларын жүргізсін;
бұл жұмысты бақылауға алып, қажет жағдайда көшпелі дәрігерлік комиссия ұйымдастыруды қамтамасыз етсін, сондай-ақ әскери шақырылу қостарын қажетті медициналық және шаруашылық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа тапсырылсын.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Б.Кемешов