Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011.07.22 № 165 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 1149 «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Ырғыз ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Селолық округ әкімдері белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 49 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар тізбесі
№ р/с | Мекен-жай |
---|---|
1. |
Ырғыз селосы: |
2. |
Ырғыз селолық округі: |
3. |
Аманкөл селолық округі: |
4. |
Қызылжар селолық округі: |
5. |
Құмтоғай селолық округі: |
6. |
Нұра селолық округі: |
7. |
Тәуіп селолық округі: |
8. |
Жайсаңбай селолық округі: |