Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 49 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2011 жылдың 5 наурызда № 3-5-127 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 165 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011.07.22 № 165 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 1149 «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Ырғыз ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Селолық округ әкімдері белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                  М.ДУАНБЕКОВ

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 49 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар тізбесі

№ р/с Мекен-жай

1.

Ырғыз селосы:
«Казпошта» мекемесі ғимараты, қалқан-стенд
«Жолжан» базары ғимараты, қалқан-стенд

2.

Ырғыз селолық округі:
Ақши аулы, ауылдық клуб ғимараты – қалқан
Қалыбай аулы, ауылдық клуб ғимараты - қалқан
Қалалыкөл аулы, Қалалыкөл негізгі мектебі жанындағы кіші орталық - қалқан

3.

Аманкөл селолық округі:
Құтикөл аулы, Құтикөл ауылдық клуб ғимараты – қалқан
Аманкөл аулы, Аманкөл ауылдық клуб ғимараты - қалқан
Жарма аулы, Нарқызыл негізгі мектебі жанындағы кіші орталық - қалқан

4.

Қызылжар селолық округі:
Құрлыс аулы: «Мәні» мәдениет үйі ғимараты - қалқан-стенд
Жаныс би аулы: «Гүлдер» балабақшасы ғимараты қалқан
Шеңбертал аулы: «Шаттық» балабақшасы ғимараты қалқан

5.

Құмтоғай селолық округі:
Құмтоғай аулы, Құмтоғай ауылдық клуб ғимараты - қалқан-стенд
Қарасай аулы, Қарасай ауылдық клуб ғимараты – қалқан
Қарақұдық аулы, Қарақұдық негізгі мектебі жанындағы кіші орталық - қалқан

6.

Нұра селолық округі:
Нұра аулы, ауылдық клуб ғимараты - қалқан
Мамыр аулы, ауылдық клуб ғимараты – қалқан
Дүкен аулы, Дүкен негізгі мектебі жанындағы кіші орталық – қалқан
Белшер аулы, ауылдық клуб ғимараты - қалқан

7.

Тәуіп селолық округі:
Құйлыс аулы, ауылдық клуб ғимараты – қалқан
Қаракөл аулы, медициналық пункт ғимараты - қалқан

8.

Жайсаңбай селолық округі:
Жайсаңбай аулы, Жайсаңбай ауылдық клуб ғимараты - қалқан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады