Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2013.01.15 № 05-10/20 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18, 21, 22, 44 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру кезеңінде 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты 27 жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Аудандық шақыру комиссияның құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Қарғалы аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
1) әскерге шақырылушылардың денсаулығын анықтау үшін дайындығы, тәжірибесі мол дәрігер-мамандарды бөлсін;
2) "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын жеткізсін;
3) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан әскерге шақырылу жасындағы барлық азаматтар туралы мәліметті үш күннің ішінде "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне хабарласын;
4. "Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Қарғалы аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
1) шақыру кезінде тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін;
2) әскери міндеттілік және әскери қызметтен бас тартушы азаматтарды іздестіру және шақыру учаскесіне жеткізу қамтамасыз етсін;
3) жеті күн мерзім ішінде үстінен жауап алынып, тергеу жүргізіліп жатқан шақырылушылар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласын.
5. "Қарғалы ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери құжаттарында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери есепке алу немесе шығу белгісі болған жағдайда ғана тіркеу жүргізсін.
6. Меншік түріне қарамастан ұйым, кәсіпорын, мекеме басшылары әскерге шақырылушыларды іссапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
7. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандық тіркеу комиссиясының барлық жұмыс істейтін уақытына қажетті мөлшерде техникалық жұмысшыларды бөлуді 2 қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.
8. "Қарғалы аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды жергілікті бюджет есебінен іске асырсын.
9. "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 2011 жылдың 25 маусымына және 25 желтоқсанына осы қаулының орындалуы туралы ақпарат берсін.
10. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 169 "2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" қаулысының (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-104 тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 41 (4545) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Сағиев |
Жобаны енгізуші: | |
Қарғалы ауданының | |
қорғаныс істері жөніндегі | |
бөлімнің бастығы | Б. Ильясов |
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы "30" наурыздағы № 90 қаулысына 1 ҚОСЫМША |
Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2011.25.11 № 354 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Шайжанов Данияр - аудандық қорғаныс істері жөніндегі
Жайлыбайұлы бөлім бастығының орынбасары,
комиссия төрағасы;
Байсеуіпов Қанат - аудандық ішкі саясат бөлімінің
Асылханұлы бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Алмағамбетов Мерген - аудандық ішкі істер бөлімі
Шүкірұлы бастығының орынбасары
(келісім бойынша);
Любина Тамара - дәрігер, медициналық комиссияның
Ивановна төрайымы (келісім бойынша);
Лау Ольга Ивановна - медбике, комиссия хатшысы
(келісім бойынша).
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы "30" наурыздағы № 90 қаулысына 2 ҚОСЫМША |
Азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде шақыру пунктінің
жұмысын қамтамасыз ететін техникалық қызметкерлердің
САНЫ
№ | Техникалық қызметкерлерді бөлетін ұйымдардың атауы | Саны |
1. | Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | 4 |