2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 169 қаулысы. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 маусымда № 3-6-104 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2011.03.30 № 90 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18, 19, 20, 44 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, облыс әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 148 «2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы» қаулысының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қарғалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру кезеңінде 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты 27 жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
      2. Аудандық шақыру комиссияның құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Аудандық орталық аурухана» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша):
      1) әскерге шақырылушылардың денсаулығын анықтау үшін шақыру комиссиясынан өту кезіңінде дайындығы, тәжірибесі мол дәрігер-мамандарды бөлсін;
      2) «Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне диспансерлік есепте, тұрған, адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын жеткізсін;
      3) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан әскерге шақырылу жасындағы барлық азаматтар туралы мәліметті үш күннің ішінде «Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласын
      4. «Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Қарғалы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
      1) шақыру кезінде тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін;
      2) әскери міндеттілік және әскери қызметтен бас тартушы азаматтарды іздестіру және шақыру учаскесіне жеткізу қамтамасыз етсін;
      3) жеті күн мерзім ішінде үстінен жауап алынып, тергеу жүргізіліп жатқан шақырылушылар туралы хабарласын.
      5. «Қарғалы ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери құжаттарында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери есепке алу немесе шығу белгісі болған жағдайда ғана тіркеу жүргізсін.
      6. Меншік түріне қарамастан ұйым, кәсіпорын, мекеме басшылары әскерге шақырылушыларды іс сапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      7. «Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеу комиссиясының жұмысына қажетті мөлшерде техникалық жұмысшыларды бөлуді 2 қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.
      8. «Аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды жергілікті бюджет есебінен іске асырсын.
      9. «Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) аудан әкіміне 2010 жылдың 25 маусымына және 25 желтоқсанына осы қаулының орындалуы туралы ақпарат берсін.
      10. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 113 «2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскери құрылымдарына азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы» қаулысының (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-84 тіркелген, аудандық «Қарғалы» газетінің 2009 жылғы 9 маусымдағы № 30 (4472) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
      12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап, он күн күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   А.Сағиев

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
1 маусымдағы № 169 қаулысына
1 ҚОСЫМША

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2010.10.14 № 333 (ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:

      Шайжанов                   - қорғаныс істері жөніндегі бөлім
      Данияр Жайлибайұлы           бастығының уақытша міндетін
                                   атқарушы, комиссия төрағасы
                                   (келісім бойынша);
      Байсеуіпов Қанат           - аудандық ішкі саясат бөлімнің
      Асылханұлы                   бастығы, комиссия төрағасының
                                   орынбасары;
      Лау Ольга Ивановна         - медбике, комиссияның хатшысы
                                   (келісім бойынша);

Комиссия мүшелері:

      Алмағамбетов Мерген        - аудандық ішкі істер бөлімі
      Шүкірұлы                     бастығының орынбасары
                                   (келісім бойынша);

      Любина Тамара Ивановна     - дәрігер, медициналық комиссияның
                                   төрайымы (келісім бойынша).

      Қарғалы ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімнің бастығы                     А.Құмаров

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
1 маусымдағы № 169 қаулысына
2 ҚОСЫМША

Азаматтарды тіркеу кезінде шақыру пунктінің жұмысын
қамтамасыз ету үшін бөлінетін техникалық қызметкерлер
ТІЗІМІ

Техникалық қызметкерлерді бөлетін
ұйымдардың атауы

Саны

1.

«Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3

      Қарғалы ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімнің бастығы                     А.Құмаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады