Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2013.01.15 № 05-10/20 Хатымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 9 "2011 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-119 тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 27 (4606) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 қосымшада "Ильясов Батихан Күнасылұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы" сөздері "Шайжанов Данияр Жайлыбайұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарыІ.Д. Тынымгереевке жүктелсін.
3. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Сагиев |