Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 01.04.2013 № 50 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2008 жылғы 1 қазандағы № 182 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-71 болып тіркелген, 2008 жылғы 28 қазанда аудандық «Қарғалы» газетінде № 51 (4435) жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
қаулының қосымшасындағы «Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары» тізбесі «1) Күтім жасаушы әлеуметтік қызметкер» жолынан кейін «2) «Әлеуметтік жұмыс бойынша маман – жұмыспен қамту орталығының маманы» жолымен толықтырылсын.
2. «Қарғалы аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі (А.Т. Елтаева) толықтырылған тізбені аудандық мәслихатқа келісуге ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С.Жылқыбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Сағиев
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 14.10
№ 297 қаулысына
ҚОСЫМША
Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт салалары
мамандарының лауазымы және қосымшаға сәйкес, аудандық бюджет
қаражаты есебінен жиырма бес пайызға арттырылған лауазымдық
жалақы мен тарифтік ставкілерге құқығы барлардың
ТІЗБЕСІ
Р/с № |
Лауазым атаулары |
---|---|
Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары | |
1) |
Күтім жасаушы әлеуметтік қызметкер |
2) |
Әлеуметтік жұмыс бойынша маман – жұмыспен қамту |
Білім беру мамандарының лауазымдары |
|
1) |
Білім беру мекемелерінің барлық мамандықтарының |
2) |
Мектеп, мектеп-интернат, «Мектеп-бала бақша» |
3) |
Мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері |
4) |
Директордың оқу жөніндегі, оқу-тәрбиелік, тәрбиелік |
5) |
Мұғалім-психолог |
6) |
Әлеуметтік мұғалім |
7) |
Логопед-мұғалім |
8) |
Дефектолог-мұғалім |
9) |
Ұйымдастырушы мұғалім |
10) |
Қосымша білім беру мұғалімі |
11) |
Оқытушы |
12) |
Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушы |
13) |
Аға тәрбиеші, тәрбиеші |
14) |
Аға жетекші, жетекші |
15) |
Оқу тәрбиелік қызметпен тікелей шұғылданатын саз |
16) |
Дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы |
17) |
Оқыту-үйрету қызметімен тікелей шұғылданатын, спорт |
18) |
Лагерь бастығы (спорттық қорғаныс, сауықтыру, мектептік |
19) |
Оқу-өндірістік шеберхананың меңгерушісі |
20) |
Әдістемелік кабинет меңгерушісі |
21) |
Қосымша білім беру мекемесінің директоры |
22) |
Еңбек жөніндегі нұсқаушы |
23) |
Өндірістік оқыту шебері |
24) |
Интернат меңгерушісі |
25) |
Кітапхана меңгерушісі |
26) |
Кітапханашы |
27) |
Әдіскер |
28) |
Дәрігер |
29) |
Медбике |
30) |
Диеталық медбике |
31) |
Хореограф |
32) |
Мәдени ұйымдастырушы |
33) |
Көркемдік жетекші |
34) |
Бағдарламамен қамтамасыз етуші |
35) |
Көркем суретші |
Мәдениет мамандарының лауазымдары |
|
1) |
Директор |
2) |
Кітапхана, филиал, клуб меңгерушісі |
3) |
Бөлім меңгерушісі |
4) |
Библиограф |
5) |
Әдіскер |
6) |
Көркем суретші |
7) |
Кітапханашы |
8) |
Бағдарламамен қамтамасыз етуші |
9) |
Көркемдік жетекші |
10) |
Мәдени ұйымдастырушы |
11) |
Аккомпаниатор |
12) |
Ұжым басшысы |