Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімиятының 2008 жылғы 1 қазандағы № 182 қаулысы. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 20 қазанда № 3-6-71 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 01.04.2013 № 50 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 18 бабына және 238 бабының 3 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының лауазымы және аудандық бюджет қаражаттары есебінен жиырма бес пайызға арттырылған лауазымдық жалақы мен тарифтік ставкілерге құқығы барлардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. “Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” ММ-сі (Көшербаева О.М.) осы тізбені аудандық мәслихатқа келісуге ұсынсын.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
      4. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 тамыздағы № 155 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысы бұзылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І. Тынымгереевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                          М. Жұмағазиев

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 1 қазанда
№ 182 қаулысына
ҚОСЫМША

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт салалары
мамандарының лауазымы және қосымшаға сәйкес,
аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға
арттырылған лауазымдық жалақы мен тарифтік
ставкілерге құқығы барлардың
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2011.10.14 № 297 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с
Лауазым атаулары

Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымы

1)

Күтім жасаушы әлеуметтік қызметкер

2)

Әлеуметтік жұмыс бойынша маман - жұмыспен қамту орталығының маманы


Білім беру мамандарының лауазымдары

1)

Білім беру мекемелерінің барлық мамандықтарының оқытушылары

2)

Мектеп, мектеп-интернат, “Мектеп-бала бақша” директорлары

3)

Мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері

4)

Директордың оқу жөніндегі, оқу-тәрбиелік, тәрбиелік жұмыстар жөніндегі барлық ұйымдардағы орынбасарлары

5)

Мұғалім-психолог

6)

Әлеуметтік мұғалім

7)

Логопед-мұғалім

8)

Дефектолог-мұғалім

9)

Ұйымдастырушы мұғалім

10)

Қосымша білім беру мұғалімі

11)

Оқытушы

12)

Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы - оқытушы

13)

Аға тәрбиеші, тәрбиеші

14)

Аға жетекші, жетекші

15)

Оқу-тәрбиелік қызметпен тікелей шұғылданатын саз басшысы, аккомпаниатор, концертмейстер

16)

Дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы

17)

Оқыту-үйрету қызметімен тікелей шұғылданатын, спорт бойынша бапкер-оқытушы

18)

Лагер бастығы (спорттық-қорғаныс, сауықтыру, мектептік, еңбек және демалыс).

19)

Оқу-өндірістік шеберхананың меңгерушісі

20)

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

21)

Қосымша білім беру мекемесінің директоры

22)

Еңбек жөніндегі нұсқаушы

23)

Өндірістік оқыту шебері

24)

Интернат меңгерушісі

25)

Кітапхана меңгерушісі

26)

Кітапханашы

27)

Әдіскер

28)

Дәрігер

29)

Медбике

30)

Диеталық медбике

31)

Хореограф

32)

Мәдени ұйымдастырушы

33)

Көркемдік жетекші

34)

Бағдарламамен қамтамасыз етуші

35)

Көркем суретші


Мәдениет мамандарының лауазымдары

1)

Директор

2)

Кітапхана, филиал, клуб меңгерушісі

3)

Бөлім меңгерушісі

4)

Библиограф

5)

Әдіскер

6)

Көркем суретші

7)

Кітапханашы

8)

Бағдарламамен қамтамасыз етуші

9)

Көркемдік жетекші

10)

Мәдени ұйымдастырушы

11)

Аккомпаниатор

12)

Ұжым басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады