Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақрап ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ақрап ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 3 маусымдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданы Ақрап ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақрап ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Ақрап ауылының көшелері мен тұйық көшесіне схемалық картаға сәйкес төмендегі атаулар берілсін:
1) Айсары көшесі;
2) Шоқан Уәлиханов көшесі;
3) Қаныш Сәтпаев көшесі;
4) Әліби Жангелдин көшесі;
5) Абдулла Жанзақов көшесі;
6) Сергей Королев көшесі;
2. Қарабұлақ ауылының жалғыз көшесіне төмендегі атау берілсін:
1) Абай Құнанбаев көшесі
3. Ақрап ауылының келесі көшелері мен тұйық көшесінің атауы өзгертілсін:
1) Юбилейная көшесі – Ынтымақ көшесі;
2) Автомобилистов көшесі – Жамбыл Жабаев көшесі;
3) Садовая көшесі – Болашақ көшесі;|
4) Октябрьдің 60 жылдығы көшесі – Абай Құнанбаев көшесі;
5) Сельская көшесі – Махамбет Өтемісұлы көшесі;
6) Строительная көшесі – Шәмші Қалдаяқов көшесі;
7) Целинная көшесі – Тәуелсіздік көшесі;
8) Шоссейная көшесі – Дінмұхаммед Қонаев көшесі;
9) Тульская көшесі – Айса Қартов көшесі;
10) Целинный тұйық көшесі – Жастар тұйық көшесі;
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақрап ауылдық округ әкімі | Ж. Нурписов |