Ақрап ауылдық округінің елді мекендердің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақрап ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 6 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 тамызда № 3-7-125 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақрап ауылдық округі әкімінің 26.12.2014 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақрап ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ақрап ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 3 маусымдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданы Ақрап ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақрап ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Ақрап ауылының көшелері мен тұйық көшесіне схемалық картаға сәйкес төмендегі атаулар берілсін:
      1) Айсары көшесі;
      2) Шоқан Уәлиханов көшесі;
      3) Қаныш Сәтпаев көшесі;
      4) Әліби Жангелдин көшесі;
      5) Абдулла Жанзақов көшесі;
      6) Сергей Королев көшесі;
      2. Қарабұлақ ауылының жалғыз көшесіне төмендегі атау берілсін:
      1) Абай Құнанбаев көшесі
      3. Ақрап ауылының келесі көшелері мен тұйық көшесінің атауы өзгертілсін:
      1) Юбилейная көшесі – Ынтымақ көшесі;
      2) Автомобилистов көшесі – Жамбыл Жабаев көшесі;
      3) Садовая көшесі – Болашақ көшесі;|
      4) Октябрьдің 60 жылдығы көшесі – Абай Құнанбаев көшесі;
      5) Сельская көшесі – Махамбет Өтемісұлы көшесі;
      6) Строительная көшесі – Шәмші Қалдаяқов көшесі;
      7) Целинная көшесі – Тәуелсіздік көшесі;
      8) Шоссейная көшесі – Дінмұхаммед Қонаев көшесі;
      9) Тульская көшесі – Айса Қартов көшесі;
      10) Целинный тұйық көшесі – Жастар тұйық көшесі;
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақрап ауылдық округ әкімі Ж. Нурписов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады