Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 200 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 тамыздағы № 247 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 тамызда № 3-8-134 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 наурыздағы № 28 хаты.

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 28 Хаты.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2011 жылғы 30 маусымдағы № 753 қаулысының 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық мәслихаттың "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы" 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 200 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-123, 2011 жылғы 3 ақпанда "Мәртөк тынысы" газетінің № 6-7 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасында "алты жүз отыз еселік" деген сөздер "бір мың бес жүз еселік" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 тамыздан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

сессиясының төрайымы

хатшысы

Н. Құсаинова

А. Смағұлов


О внесении изменения в решение районного маслихата от 24 декабря 2010 года № 200 "О предоставлении в 2011 году подъемного пособия и бюджетного кредита специалистам, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Решение маслихата Мартукского района Актюбинской области от 10 августа 2011 года № 247. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 19 августа 2011 года № 3-8-134. Утратило силу в связи с истечением срока действия - письмо маслихата Мартукского района Актюбинской области от 14 марта 2012 года № 28.

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия - письмо маслихата Мартукского района Актюбинской области от 14.03.2012 № 28.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 01 июля 2011 года № 753 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата "О предоставлении в 2011 году подъемного пособия и бюджетного кредита специалистам, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" от 24 декабря 2010 года № 200 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-8-123, опубликованное 3 февраля 2011 года в газете "Мәртөк тынысы" № 6-7) следующее изменение:

      в подпункте 2) пункта 1 слова "шестисоттридцатикратный" заменить словами "одну тысячу пятисоткратный".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 августа 2011 года.

Председатель сессии

Секретарь

районного маслихата

районного маслихата

Н. Хусаинова

А. Исмагулов