Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 28 Хаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2011 жылғы 30 маусымдағы № 753 қаулысының 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы" 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 200 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-123, 2011 жылғы 3 ақпанда "Мәртөк тынысы" газетінің № 6-7 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасында "алты жүз отыз еселік" деген сөздер "бір мың бес жүз еселік" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 тамыздан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрайымы | хатшысы |
Н. Құсаинова | А. Смағұлов |