Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.10.25 № 43 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттк басқару және өзін-өзі басқару тралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, 7 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың «Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі № 128 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-96, 2009 жылғы 2 қыркүйекте «Мәртөк тынысы» № 41-42 газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәртөк селосында Есет-Көкіұлы көшесінде орналасқан «Жастық» мәдени және демалыс саябағы».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Адандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
Н.Құсаинова А.Смағұлов