Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.10.25 № 43 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі орындар анықталсын:
1) Мәртөк селосында Есет-Көкіұлы көшесінде орналасқан «Жастық» мәдени және демалыс саябағы»;
2) Хлебодаровка селосында Ленин көшесі бойында орналасқан «Қайсар» ЖШС-нің ғимараты алдындағы алаң;
3) Жайсан ауылындағы ауыл клубына тірелген алаң;
4) Андреевка селосындағы селолық клубына тірелген алаң;
5) Вознесеновка селосындағы селолық клубына тірелген алаң;
6) Саржансай селосындағы бұрынғы мехток қоймасынан 200 метр қашықтықта оңтүстік бағытта орналасқан алаң;
7) Родников селосындағы Мәдениет үйіне тірелген алаң.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2011.07.22 № 239 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Аудандық мәслихаттың шешімі 2005 жылғы 28 қазандағы № 158 «Ауданда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібінің қосымша регламенттеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі № 3-8-9, 2005 жылғы 11 қарашадағы «Мәртөк тынысы» № 45 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық
сессиясының төрайымы мәслихат хатшысы
Н.Хусаинова А.Смағұлов