Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 25.04.2012 № 25 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ретінде жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау ретінде бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
Ескерту. 1 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2011.07.27 № 271 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 180 «2010 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-9-120 санымен тіркелген және 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 17 аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы хатшысы
З.Ж.Сарқұлова С.С.Салықбаев