2010 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет жіәе спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 180 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 14 сәуірде N 3-9-120 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 31 наурыздағы № 238 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2011.03.31 № 238 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ретінде жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға алты жүз отыз еселік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың «Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2009 жылға көтерме жәрдемақы беру туралы» 2009 жылғы 25 маусымдағы № 122 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-9-103 санымен тіркелген және 2009 жылғы 5 тамыздағы № 36 аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

         Аудандық мәслихаттың           Аудандық мәслихаттың
       кезекті жиырма төртінші             хатшысы
        сессиясының төрағасы

           Н.Н.Иманов                    С.С.Салықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады