Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2011.12.23 № 318 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданындағы жұмыс жасап тұрған базарлардағы сауда жасаушыларға бір жолғы талонның құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қызметі эпизодтық сипаттағы жеке тұлғалар үшін Шалқар ауданы бойыша кәсіпкерліктің түрлеріне байланысты бір жолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан басталған құқықтық қатынастарға таралсын.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
С.Мендигаринов С.Тулемисов
Аудандық мәслихатының
2011 жылдың 28 сәуіріндегі
№ 267 шешіміне 1 қосымша
Шалқар ауданындағы жұмыс жасап тұрған базарлардағы сауда жасаушыларға бір жолғы талонның құны
р/с |
Сатылатын тауарлар түрі |
Бір күнге бір жолғы талон құны (теңге) |
1 |
Азық-түлік тауарлары |
100 |
1. Азық-түлік тауарлары (жеміс-жидектер, балықтар, сүт өнімдері) |
100 |
|
2. Қолдан алып-сату |
100 |
|
3. Сөреде және шатырда сату |
100 |
|
4. Жеңіл машинада сату |
100 |
|
5. Жүк көліктерінде сату |
100 |
|
2 |
Сөрелерде ет өнімдерін сату |
200 |
3 |
Өнеркәсіп тауарлары |
100 |
1. Қолдан алып- сату |
100 |
|
2. Сөреде және шатырда сату |
100 |
|
3. Жеңіл машинада сату |
100 |
|
4. Жүк көліктерінде сату |
100 |
|
4 |
Автобөлшектер саудасы |
100 |
5 |
Жануарлар саудасы, оның ішінде: 1. Ірі-қара мал сату 2. Ұсақ мал сату |
130 70 |
6 |
Құс сату |
70 |
Ескерту: Бір жолғы талон құны жабық базарларда келісім-шарт арқылы жалға орын алған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлерге жіберілмейді.
Аудандық мәслихатының
2011 жылдың 28 сәуіріндегі
№ 267 шешіміне 2 қосымша
Қызметi эпизодтық сипаттағы жеке тұлғалар үшiн Шалқар ауданы бойынша кәсiпкерлiктiң түрлерiне байланысты бiр жолғы талондардың құны.
р/с |
Кәсіпкерлік қызмет түрі |
Бір күнге бір жолғы талон құны /тенге/ |
1 |
Дәнді-дақылдар, көшеттер және көшеттер отырғызуға арналған ыдыстарды сату |
100 |
2 |
Бақша өнімдерін сату |
100 |
3 |
Жеке тракторларын жер койнауын өңдеп алу үшін жалға өткізу |
100 |
4 |
Үйлер үшін өсірілген тірі гүлдерді өткізу |
100 |
5 |
Ауыл-шаруашылық мақсатында өсірілген бау-бақша өнімдерін өткізу |
100 |
6 |
Үй жануарларын бағу, оның ішінде: 1. ірі-қара сиыр бағу 2. қой, ешкі бағу |
30 20 |
7 |
Орман жидегін сату |
100 |
8 |
Бал сату |
100 |
Ескерту: Бір жолғы талон құны жабық базарларда келісім-шарт арқылы жалға орын алған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлерге жіберілмейді.