Шалқар ауданы бойынша 2011 жылға біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының Шалқар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 267 шешімі. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 мамырда № 3-13-151 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 318 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2011.12.23 № 318 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар ауданындағы жұмыс жасап тұрған базарлардағы сауда жасаушыларға бір жолғы талонның құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қызметі эпизодтық сипаттағы жеке тұлғалар үшін Шалқар ауданы бойыша кәсіпкерліктің түрлеріне байланысты бір жолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан басталған құқықтық қатынастарға таралсын.

      Аудандық мәслихаттың             Аудандық мәслихаттың
        сессия төрағасы                      хатшысы

         С.Мендигаринов                    С.Тулемисов

Аудандық мәслихатының
2011 жылдың 28 сәуіріндегі
№ 267 шешіміне 1 қосымша

Шалқар ауданындағы жұмыс жасап тұрған базарлардағы сауда жасаушыларға бір жолғы талонның құны

р/с

Сатылатын тауарлар түрі

Бір күнге бір жолғы талон құны (теңге)

1

Азық-түлік тауарлары

100


1. Азық-түлік тауарлары (жеміс-жидектер, балықтар, сүт өнімдері)

100


2. Қолдан алып-сату

100


3. Сөреде және шатырда сату

100


4. Жеңіл машинада сату

100


5. Жүк көліктерінде сату

100

2

Сөрелерде ет өнімдерін сату

200

3

Өнеркәсіп тауарлары

100


1. Қолдан алып- сату

100


2. Сөреде және шатырда сату

100


3. Жеңіл машинада сату

100


4. Жүк көліктерінде сату

100

4

Автобөлшектер саудасы

100

5

Жануарлар саудасы, оның ішінде:

1. Ірі-қара мал сату

2. Ұсақ мал сату


130

70

6

Құс сату

70

      Ескерту: Бір жолғы талон құны жабық базарларда келісім-шарт арқылы жалға орын алған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлерге жіберілмейді.

Аудандық мәслихатының
2011 жылдың 28 сәуіріндегі
№ 267 шешіміне 2 қосымша

Қызметi эпизодтық сипаттағы жеке тұлғалар үшiн Шалқар ауданы бойынша кәсiпкерлiктiң түрлерiне байланысты бiр жолғы талондардың құны.

р/с

Кәсіпкерлік қызмет түрі

Бір күнге бір жолғы талон құны /тенге/

1

Дәнді-дақылдар, көшеттер және көшеттер отырғызуға арналған ыдыстарды сату

100

2

Бақша өнімдерін сату

100

3

Жеке тракторларын жер койнауын өңдеп алу үшін жалға өткізу

100

4

Үйлер үшін өсірілген тірі гүлдерді өткізу

100

5

Ауыл-шаруашылық мақсатында өсірілген бау-бақша өнімдерін өткізу

100

6

Үй жануарларын бағу, оның ішінде:

1. ірі-қара сиыр бағу

2. қой, ешкі бағу


30

20

7

Орман жидегін сату

100

8

Бал сату

100

      Ескерту: Бір жолғы талон құны жабық базарларда келісім-шарт арқылы жалға орын алған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлерге жіберілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады