Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012.03.19 N 7-226 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі "Талдықорған қаласында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 5 мамырдағы тіркелген нөмірі 2-1-142, "Талдықорған" газетінің 2011 жылғы 13 мамырдағы 21-нөмірінде жарияланған) N 9-400 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармағында, 1-қосымшада "Талдықорған қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" сөздері "Алматы облысы Талдықорған қаласы қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген басқармасы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.А. Алпысовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М. Бигелдиев