Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012.03.19 N 7-226 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес, және Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы N 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің "2011 жылғы 03 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы" N 250 Қаулысы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесіне "Алматы облысы Талдықорған қаласы қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген басқармасы" мемлекеттік мекемесі арқылы, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011.08.15 N 19-851 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне қалалық шақыру комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Селолық округ әкімдері 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. "Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарына (Асқар Шахатұлы Шайхин келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде ұйымдастырып жүргізсін, ішкі істер органдары әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Е. А. Алпысовқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров
КЕЛІСІЛДІ:
"Талдықорған қаласы қалалық
емханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының директоры Тлеуберді Максимұлы Жансеңгіров
19 сәуір 2011 жыл
"Талдықорған қалалық ішкі
істер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Бақытберген Нұрақымұлы Бейсебаев
19 сәуір 2011 жыл
"Алматы облысы Талдықорған
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғалымжан Қуанышбайұлы Жантурин
19 сәуір 2011 жыл
Талдықорған қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 19 сәуірдегі N 9-400
"Талдықорған қаласында 2011 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында азаматтарды кезекті
мерзімді әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру және қамтамасыз ету
туралы" қаулысына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011.09.08 N 21-920 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Ғалымжан Қуанышбайұлы Жантурин Талдықорған - қаласы қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы;
Жандос Бейсенбекұлы Жолдыханов - Қала әкімі аппаратының бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Асқар Шахатұлы Шайхин - "Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Бибигул Алпысбайқызы Бекбосынова - "Талдықорған қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі, медициналық комиссиясының төрағасы;
Сымбат Қабкешқызы Сванколова - Комиссия хатшысы, "Талдықорған қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі.
Талдықорған қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 19 сәуірдегі N 9-400
"Талдықорған қаласында 2011 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында азаматтарды кезекті
мерзімді әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру және қамтамасыз ету
туралы" қаулысына
2-қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ
р/с |
Әскерге шақыруды |
Қазақстан Республикасы Қарулы |
1. |
сәуір |
50 адам |
2. |
мамыр |
50 адам |
3. |
маусым |
50 адам |
4. |
қазан |
50 адам |
5. |
қараша |
50 адам |
6. |
желтоқсан |
50 адам |