РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5-бабы 2-тармағына, 7-бабының 5-4) тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға әдейі арналған, жұмыс орындарының саны шектелмейтін, жұмыс уақытша сипатта болатын және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайтын ерекшеліктерді ескере отырып, жұмыс берушілердің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін, нысаналы топтардағы (табысы аз адамдар, жиырма бір жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), мүгедектер, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар, бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар, оралмандар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер, жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар) жұмыссыздарды уақытша, жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы, әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жүзеге асырады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтағы жұмыссыздардың айлық жалақысы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес белгіленсін.
4. "Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Ү.Құтпанбетов):
1) нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдау мен жолдауды.
2) нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушілермен келісім шарттар жасауын қамтамасыз етсін.
5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2009 жылдың 18 маусымындағы N 2-6-58 болып тіркелген, "Нысаналы топтарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2009 жылдың 18 мамырдағы N 72 қаулысының күші жойылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сейткемелұлы Сайран Смағұловқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балқаш ауданы әкімі | Е. Қошанбеков |