Нысаналы топтарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы N 72 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Балқаш ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 18 маусымда N 2-6-58 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2011.03.31 N 34 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4 тармағына, 18-1 бабына сәйкес, нысаналы топтағы халықтың жұмыспен қамтылу шараларын кеңейту мақсатында Балқаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
       2. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылсын.
       3. Әлеуметтік жұмыс орындарын берушімен келісім шарт жасау уәкілеттілігі "Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Бақыт Сқабаев) берілсін.
       4. Балқаш аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 02 наурыздағы N 24 қаулысымен "Аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы "Балқаш ауданында 2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 11 қаулысының (Балқаш аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 27 ақпанындағы N 2-6-41 нөмірімен тіркелген және "Балқаш өңірі" газетінде 2008 жылғы 7 маусымдағы N 24 нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
       5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       6. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары Айдарбеков Есенгелді Айдарбекұлына жүктелсін.

      Балқаш ауданы әкімі                        Е. Қошанбеков

Балқаш аудандық әкімдігінің
2009 жылғы 18 мамырдағы
"Нысаналы топтарға әлеуметтік
жұмыстарды ұйымдастыру туралы"
N 72 қаулысына қосымша

Нысаналы топтардың ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді
ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тапсырыс береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде, уәкілетті орган келесі қажеттіліктерге ұстануы қажет.
      Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, еңбекақыны уақытында, төлеу жұмыс орнының қауіпсіздік техника нормасына сәйкес болуы, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормасын сақтау, уәкілетті органмен шарт мерзімі өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталған жұмыссыздарға тұрақты жұмыс орындарын жасауға мүмкіндік алады.
      3. Жұмыс беруші уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін шарт жасасады. Шартта жақтардың міндеттері, түрлері, жұмыс көлемі, еңбекақының шарттары мен мөлшері, әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыру көздері мен мерзімі, жіберілетін жұмыссыздардың саны. Жұмыс мерзімді болып келеді және оның ұйымдастырылуына вакансия мен тұрақты жұмыс орындары қолданыла алмайды.
      4. Уәкілетті орган аудандағы халықтың нысаналы топтарының жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бағыттама береді.
      5. Жіберілген жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдайды, қауіпсіздік техника нормасына сәйкес жұмыс орнын береді.
      6. Ағымдағы жылдың 20 күніне дейін ай сайын аудандық бюджет қаражатынан уәкілетті органға жұмыс берушілер еңбек ақы бойынша шығындарды өтеу үшін тиісті тәртіпте жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрықтан жазылым, жұмыс уақытын есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған қызметкерлер жөнінде есеп беру және істелінген жұмыс актісі.
      7. Аудандағы халықтың нысаналы топтарының жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін орындау уәкілетті органға жүктеледі.

Ауданның нысаналы топтар ішінен жұмыссыз азаматтарға жұмысқа
орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуымен
қаржыландыруы жөніндегі
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық нысаналы топтар ішінен жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін және ұйымдастыратын жұмыс берушілермен есептесу жүйесін және негізгі шарттарды реттейді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыз азаматтардың еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы Заңымен реттеледі.
      3. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі түсініктер:
      1) Әлеуметтік жұмыс орны – аудан бюджет есебінен шығындалған, жұмыс берушімен қабылданған жұмыскерлердің еңбекақы жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарда тіркелген нысаналы топтар ішінен жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушілермен әдейі құрылған және берілген жұмыс орны.
      2) Нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көретін және әлеуметтік қорғауды керек ететін топтар.
      4. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына бағыттауды уәкілетті орган Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады (әрі қарай уәкілетті орган).

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға
жұмыссыздарды жұмысқа орналасу тәртібі.

      5. Нысаналы топтар ішінен жұмыссыздарға әдейі әлеуметтік жұмыс орындары уәкілетті орган мен жұмыс берушімен жасалған шарттар бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылады.
      6. Халықтың нысаналы топтар ішінен жұмыссыздарға жұмысқа орналасу үшін әлеуметтік жұмыс орындары кәсіпорындарымен және ұйымдармен құрылады және ұйымдарымен құрылады және қамтамасыз етіледі, осы жұмыс орындарына қабылданған аудан бюджетінен толық немесе жарым жартылай еңбекақы төлеу шартымен.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуын ұсынатын кәсіпорындарды іріктеу уәкілетті орган жүргізеді.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыру шарттары мен
көздері.

      8. Әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыру көздері:
      жұмыс берушілердің қаражаттары;
      аудан бюджетінен.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыруы жергілікті бюджет қаражатынан "Жұмыспен қамту бағдарламасы " 002 бағдарламасы бойынша "Халықты жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар" 102.
      10. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті орган аудан бюджеті қаражаты есебінен, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған, жұмыскердің еңбекақы бөлігінің орнын толтыру бойынша жұмыс берушілердің шығындары әлеуметтік жұмыс орнына жұмыс берушілермен шарт жасасады.
      11. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердің бюджеттік қаражаттың еңбекақы бөлігі жұмыс берушінің есеп шотына түседі.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарының каржыландыруы мен
ұйымдастырылуын бақылау

      12. Әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыруы мен ұйымдастырылуы бойынша осы нұсқаулықтың сақталуын бақылау заңдық тәртіпте белгілеуі бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асады.

      Балқаш аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Б. Сқабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады