Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 137 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 37-бабының 8 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, Балқаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы оған қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
      Аудан әкімі Ғ.Тоқпеисов

  Балқаш аудандық әкімдігінің 2016 жылғы "08" қыркүйектегі № 137 қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Балқаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы "Балқаш ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 32 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2650 нөмірімен 2014 жылғы 11 сәуірде енгізілген, "Балқаш өңірі" газетінде 2014 жылғы 26 сәуірде № 16 (7496) жарияланған);
      2. Балқаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсан "Балқаш ауданында қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін , сондай -ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмлетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 211 қаулысы , (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2253 нөмірімен 2012 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген, "Балқаш өңірі" газетінде 2012 жылғы 8 желтоқсанда № 49 (7426) жарияланған.
      3. Балқаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы "Балқаш ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 86 қаулысы, (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-6-98 нөмірімен 2012 жылғы 5 маусымда енгізілген, "Балқаш өңірі" газетінде 2012 жылғы 26 мамырда № 19 (7368) жарияланған.
      4. Балқаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" № 34 қаулысы, (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-6-83 нөмірімен 2011 жылғы 19 сәуірде енгізілген, "Балқаш өңірі" газетінде 2011 жылғы 23 сәуірде № 16 (7340) жарияланған.
      5. Балқаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 03 ақпандағы "Балқаш ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 21 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-6-92 нөмірімен 2012 жылғы 27 ақпанда енгізілген, "Балқаш өңірі" газетінде 2012 жылғы 28 ақпанда № 9 (7386) жарияланған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады