РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі және Қазақстан ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан селолық округіндегі Қазақстан ауылындағы Құлжа жол торабынан оңтүстік батыс жағында орналасқан атаусыз көшелерге келесідей көше аттары қойылсын: бірінші көшеге Рақымжан Өтегенов, екінші көшеге Дәукен Шолпанқұлов, үшінші көшеге Жуаныш Қосжанов.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі Ұ. Тасирова