Қазақстан селолық округіндегі Қазақстан ауылындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы N 29/01-06 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 09 желтоқсанда N 2-8-187 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі және Қазақстан ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Қазақстан селолық округіндегі Қазақстан ауылындағы Құлжа жол торабынан оңтүстік батыс жағында орналасқан атаусыз көшелерге келесідей көше аттары қойылсын: бірінші көшеге Рақымжан Өтегенов, екінші көшеге Дәукен Шолпанқұлов, үшінші көшеге Жуаныш Қосжанов.
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округ әкімі                        Ұ. Тасирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады